Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Иммунды үрдістерге әсер ететін және қабыну үрдістерін тежейтін дәрі-дәрмектер



бет119/153
Дата05.11.2022
өлшемі6,73 Mb.
#156664
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   153
Байланысты:
Оқу құралы фармакология, фармакотерапия

Иммунды үрдістерге әсер ететін және қабыну үрдістерін тежейтін дәрі-дәрмектер


Қабынуға қарсы дәрілер
Бұл дәрілер қабыну белгілеріне әсер етеді, басады, қабыну көп ауруларда болатын патологиялық процесс. Қабыну ұлпаларда күйгенде, жарақаттанғанда микроорганизмнің әсерінен пайда болады, ал кейбір аллергиялық ауруларда қабыну процессі пайда болады. Қабынуда зақымдандыру факторларының әсерімен ұлпаларда қабыну медиаторы пайда болады, бөлінеді, бұл медиаторлар ұлпаларда қан тамырларын кеңейтетін қан кернеуін туғызады (гиперемия). Капиллярдың өткізгіш қабілеті жоғарлайды, қанның сары суы (плазмасы) ұлпаларға өтеді, ұлпалар ісінеді. Қан тамырларының өткізгіш қабілеті жоғарлағандықтан, қан тамырларынан лейкоциттер қабыну ошағына ауысады, фагоцитозға қатысады, сонымен, қабынудың негізгі белгілері: гиперемия, ісіну, ауру болады, қанда лейкоциттер көбейіп дене қалтырайды (тоңады).
Қабынуға қарсы қолданатын дәрілер 2 топқа бөлінеді:

  1. Стероидты қабынуға қарсы дәрілер

  2. Стероидқа жатпайтын қабынуға қарсы дәрілер

1. Стероидты қабынуға қарсы дәрілерге глюкокортикоидтар жатады:
Бетаметазон (Беладерм), Целестодерм.
Гидрокортизон
Преднизолон (Мазипредон).
Преднизон
Солу-кортеф (гидрокортизона натрия сукцинат)
Триамциналон

  1. Стероидқа жатпайтын қабынуға қарсы дәрілер:

Бұл топқа наркотикке жатпайтын анальгетиктер жатады.

  • Салицилаттар (аспирин және оның препараттары).

  • Пирозолидон туындылары (бутадион)

  • Фенилпропион туындылары және т.б. ибупрофен, индометацин, ортофен, напроксен, кетопрофен, дональгин

  • Жаңа препараттар: пироксикам, мелоксикам, мелбек.



Буын ауруына қарсы дәрілер
Хондопротекторлар қолданады: румалон, структум, атрозамин-био, терафлекс- буынға сіңіп, емдейді, қалыптастырады. Қабынуға қарсы дәрілер қабыну медиаторы простогландиннің бөлінуін тежеп қабынуды басады, кейбір аллергиялық ауруларда (ревматизм, коллагенозда) стероид препараттары иммунитет пен аллергияны тежеп, қабынуды әлсіретеді, басады.
Г люкокортикоидтардың жағымсыз әсері көп болғандықтан дәрігердің бақылауымен ауыр қабыну жағдайларда қолданады. Стероидқа жатпайтын қабынуға қарсы дәрілер кең қолданады: бұлшық еттер, буын, миозитте, невритте, артритте және т.б. қабыну жағдайларда. Қабынуға қарсы жұқпалы ауруларда болатын қабыну процесстерінде антибиотиктер қолданады, бұл дәрілер қабыну процессін баспайды, жұқпалы ауруларды тудыратын микробтарды жояды. Шырышты қабатының қабынуында тұтастырғыш, іркілдек дәрілер қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет