Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж


Ой - өріске әсер ететін дәрілер



бет35/153
Дата05.11.2022
өлшемі6,73 Mb.
#156664
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   153
Байланысты:
Оқу құралы фармакология, фармакотерапия

Ой - өріске әсер ететін дәрілер
Психотроптың дәрілері-адамның психикасына әсер етеді және арнайы ортаға ой- өрістің қатысуын өзгертеді. Психикалық ауруларды емдеудің негізгі принциптері:
- препараттармен емдеудің бұрын қолданылып келген емдеу тәсілдерімен
салыстырғандағы жоғары нәтижелігі
- дәрілерді қолдану арнайы, жағдайды керек етпейді
- асқыну жиелігі басқа емдеу тәсілдерімен, әсіресе құрыспа емдеу тәсілімен
салыстырғанда айтарлықтай төмен
-көп жағдайда дәрілердің әсері қайтымды, ал құрыспа терапиясында байқалатын
өзгерістер қайтымсыз болуы мүмкін
-бұл препараттарды балалардың және қарттардың психикалық ауруларын емдеу үшін
қолдануға болады
-өз бетімен емделуге, қолдануға болмайды, препараттарды рецепт бойынша беруді
қадағалау керек
Наукастарды психотропты дәрілермен үздіксіз қамтамасу ету керек, өйткені сандырақ, елестеушілік, аурудың асқынуы әлуметтік теріс қылықтарға әкеліп соғады.


Нейролептиктер
Әр түрлі химиялық құрамынан тұратын препараттар, психикаға қарсы және тыныштандыратын әсері бар. Нейролептиктер ой-өрісті күйзелтеді есті сақтайды, еріктілікті басады, айналадағы ортаға немқұрайлық туғызады, психикалық қоздыруды елес, сандырақты басады, тоқтатады.
А миназин – Aminazinum «Б» тізімі
Әсері: ОЖЖ –ны тыныштандырады, елесті және құсықты басады, қан қысымын дене қызуын төмендетеді, гистаминге қарсы әсері бар. Ауруды басатын, жансыздандыратын, үйықтататын дәрілердің әсерін күшейтеді.
Қолдануы: шизофрения және басқа психикалық ауруларды емдеуге қолданады, эпилепсиялық статуста, жүкті әйелдердің құсуында, ми ісігінде.
Шығу түрі: домалақ 0,025 N30 1 домалақтан күніне 1-3 рет; таблетка 0,01 N50
1 таблетка күніне 1-3 рет; ампула 2,5% 1мл тамырға глюкозамен 20 мл 40% ертіндісімен енгізеді.
Жағымсыз әсері: ауыз кебеді, ұйқы туғызады, қан қысымын төмендетеді, депрессия аллергиялық реакция, гепатит ауруларын туғызады, паркинсонизм белгілері болады.
Қ арсы көрсеткіштері: бүйрек, бауыр ауруларында, асқазан жарасында, жүрек әлсіздігінде, гипотонияда, тромбофлебитте қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет