Г. К. Ибраева Фармакология,фармакотерапия (оқу құралы) 2019 ж



бет94/153
Дата05.11.2022
өлшемі6,73 Mb.
#156664
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   153
Байланысты:
Оқу құралы фармакология, фармакотерапия

Н ейпогемNeipogem; шығу түрі: флакон 3 мл N5, бұлшық етке ,венаға
Нейтропенияда – химиотерапия алғаннан кейін қолданады
Лейкомакс – Leucomax; шығу түрі: флакон, ұнтак 50,0; 150,0 тері астына күніне 1 рет
Қолданылуы: лейкопенияда, химиотерапияда
Қан ұюына әсер ететін дәрілер (тромб құрылуына) коагулянтар
Қ ан ұйю жүйесіне көп факторлар кіреді, бауырда витамин К, қатысуымен пайда болатын протромбин, қан ұюдың негізгі факторларының бірі болып саналады. Қанда протромбин, тромбопластиннің және кальций иондарының әсерінен тромбинге айналады, тромбиннің әсерінен фибриноген ермейтін фибринге айналады, фибрин жіптері қан ұюының негізі болады.
Викасол - Vicasolum (Менадион); шығу түрі: табл. 0,015 N30, 1 таб. күніне 1-2 рет; ампула. 1 %-1 мл. N10, бұлшықетке күніне 1 рет;


Кальций хлорид - Calcii chloridum; шығу түрі: амп. 10 %-10 мл. N10 венаға, күніне 1 рет; 10 %-200мл. 1 ас қасықпен күніне 3 рет.
Ф итоменадион – Phytomenadionum; шығу түрі: қабық 0,01 N10; 1 қабықтан күніне 3 рет
Қолданылуы: әр түрлі қансырауларда
Аминокапрон қышқылы – Acidum aminocapronicum; шығу түрі: флакон 5 %-100 мл венаға, тамшылап, күніне 1 рет;
Қолданылуы: хирургияда , қансырауды тоқтату үшін
Қан ұйуын тежейтін дәрілер (антикоагулянттар)
Антикоагулянттар қан ұйығын (тромбтың) және фибрин жіптерінің бірігуіне кедергі жасайды.
Тікелей әсері бар қан ұйуын тежейтін дәрілер
Г епарин – Heparinum; шығу түрі: флакон 5 мл (1 мл-5000, 10 000, 20 000 ЕД) N5, көктамырға.( 0,9 %- натрий хлор ерітіндісіне 500 мл) ерітіп еңгізеді, жақпа май 10,0 (1000 ЕД), Тікелей әсері бар антикоагулянт, тромбиннің әсерін төмендетеді.
Қолданылуы: Тромбоэмболияны емдеу және алдын алу үшін, инфаркт миокардта, бас ми өкпе тамырларының тромбоэмболиясында, тромбофлебитте.


Жағымсыз әсері: аллергиялық реакция, қансырау, гематурия (несепте қанның бөлінуі) болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет