Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі



Pdf көрінісі
бет36/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован, my planner kony study
 
 
 
4.2 Қазіргі  қазақ  прозасындағы  сарындардың 
қолданысы. 
 
АЙҚАЙ сарыны. 
Т.Нұрмағанбетовтің «Айқай» повесі со-
нау  грек-түрік  соғысы  тақырыбына  арналған.  Автор  шығарма-
сын  Мехмед  атты  кейіпкерінің  «...ертең  жүремін....»  деп  жолға 
шығар  алдындағы  толғанысымен  бастайды.  Ары  қарай  қандай 
жолға, қайда бармақшы деген сұрақ жұмбақ күйінде қалады. Өт-


 
217 
кенге көз жіберіп, шегініс жасау арқылы әңгіменің ішіндегі әң-
гіме желісі өрбиді. 
«...Сол  заманда  түрік  әскеріне  қарсы  келер  пенде  болды 
ма? Түрік жауынгерлеріне берілмеген, бас имеген ел болды ма? 
Түріктер  келе  жатыр  дегенде,    асқақ  таулар  аласарған  жоқ  па? 
Тасқын  дариялар ағынын тоқтатып,  жол  берген  жоқ па? Бар  
дүниенің  көз жасындай сел-нөпір  жауындарың да  сап  тыйыл-
ған жоқ па? Ал  түрік  жауынгерлерінің  Жетіқарақшы  жұлдыз-
дар ғана бағыт сілтеді емес пе? Ай сәуле шашты  емес пе? ОҺо 
дегеніңіз...  сондай  заманда  түрік  жауынгерлерінің  қатарында 
жүру, сау адамды  сауықтырғандай оқиға  емес  пе еді?  Құдай-
дың бұйыртқан  тағдыры  шығар,  сондай жорықтарда Мехмед 
түрік  жауынгерлерінң  сапында  болды...»    дейді    қаламгер.  Сол  
бір  замандарда  жас түрік  жігіттерінің арманы  - ертерек  ерже-
тіп,  жорықтарға аттану  еді. Жорықтарда  жеңіске  жетіп,  туған  
елге мақтанышпен   оралу болатұғын. Елге  келген  соң сұлу жар  
сүйіп,  ұл-қызды  болып,    ұзақ-ұзақ    бақытты    өмір    кешу    еді.  
Осының  бәрі   автордың  басты  кейіпкері  Мехмедтің  бір ба-
сына  жетерлік  арман-тілек  еді.  Сол  бір  қанды  жорықта  тү-
ріктердің аяғының астында  жерің де   үрейден  селкілдеп жат-
паушы ма еді? Автордың  сөйткен  көп  түріктерінің  бірі  осы  – 
Мехмед  болатұғын.  Гректерді  жеңіп,  масайраған  түріктердің  
көңіл-күйін жазушы  олардың  дұшпандары  тұрмақ, «...Сен де 
гректікісің  ғой  деп,  жоталарда  қалқиып    тұрған  жартастарға  
ұмтылып, селтиген бұтақ, бұталарды  да алмас  қылыштарымен 
шауып  өтті  емес пе? Көкте  ұшып  жүрген торғайлар ше? Тү-
ріктер    оларды  да  аман    қалдырғысы  келген  жоқ-ау.  Әттең... 
оларға қолы жетпеді. Тым  болмаса  қылыштарының ұшы  жетер  
жерде ұшсашы... 
Түрік    жауынгерлерінің  алдында    грек  жерінің    жандысы  
түгілі, жансыз  тау-тас,  тілсіз  мақұлық  атаулы  түгел  дірдек  қақ-
ты...» деп, елірген  түрік әскерлері жүзім бағын баптап  жүрген  
грек  шалына кездесіп,  ол бағбан  шалдың   асы мен  шарабын 
ішіп, жүзімін  жеп  отырып  өлімге  қияды да,  жалғыз  немере-
сін  өлтіріп  келуге  Мехмедті   жібереді.  


 
218 
«Ол  қылышын екінші рет  қайта  түсірді. Қылышын қайта  
түсірткен тағы да баланың жабырқау  жүзі мен  бейкүнә қалпы  
еді.  
Мехмед мақсатын  екі  сөзге  келтірмей орындаған  әскер  
секілді тас  жаппадан ізбе-із қайта  шықты да,  қылышын  қына-
бына салды.  
Соғыста  жауын  аяу сирек  болатын  іс. Бірақ  солай  ет-
кеніне ол іштей өкінген жоқ.» Жазушы түріктің қанқұйлы әске-
рінің бірі Мехмедтің   жүрегіне иман беріп, жас бүлдіршін грек 
баласын  өлтірмей  аман    қалддырады.  Бірақ  ары  қарай    сюжет  
желісі   мүлдем  басқа  арнамен  кетеді.  Еліне  аман-есен келіп, 
жар сүйіп, бір емес төрт қыздың  әкесі болған Мехмед Алладан 
ұрпағын  жалғастырар  ұл  тілеп  сұрап    алады.  Тілегені  болып,  
ұлды  да  болды. Мехмедтің отбасының нағыз  көркі де, сәні  де 
сол болды. Сұлтан  күлсе, өзгелері  де қосыла  күледі. Жыласа – 
бәрі  жабылып  жүріп  соны  жұбатады. Сұлтанның алғаш еңбек-
тегені – мереке, жүргені - той  болып,  төрт  құбыласы  сай  бо-
лып  өмір  сүріп  жатқан  Мехмедтің баянды  бақыты  нілдей бұ-
зылып  сала берді.  Автор  неге,  не үшін?  деп   сұрақ  қоя  оты-
рып  оқиғаның  даму желісіне Мехмедтің  өлтірмей  аман  қал-
дырған  грек  баласы Дионисті  әкеледі. Жетім  Дионис  өсе келе 
түрік  жеріне  келіп,  атағы  жер    жарған    көріпкел-емші    болып 
шығады. Ауыратыны  бар,  ауырмайтыны бар, жұрт  түгел  көзін  
ашып    жұмған    грек    көріпкеліне    келіп,  болашақтарына    бал  
аштырады. 
«...Бір    қызығы,  он    алты,  он    жетілер  шамасындағы  грек 
бозбаласын  Мехмед алғаш көргенде-ақ таныс біреуді көргендей  
әсерде қалды. «Қап-қара  қастарының астынан қараған шүңірек 
көкшіл көздерді қайда көріп еді? Бірақ ол  бұл сұрақтың жауа-
бын табамын деп  әуре де болған жоқ. Келіншегімен  екеуі кө-
ріпкел әулиеге ентелеп ұмтылыса берген-ді. Баланың сөзі қысқа  
болды.  «Екеуің  де  дүниеден  жас  кетесіңдер...  Құсалықтан  өле-
сіңдер... қыздарыңнан тарайтын ұрпақтарың көп болады да, ұл-
дарыңнан ұрпақ  болмайды. 
Бәрі де - әулие атасының сыбырлағаны. Дионистің жазығы 
– соны  жеткізуші болғандығы ғана еді.» деген кесімді өзіне тит-
тей де  жамандығы болмаған түрік  әскеріне  сондай  ауыр  тағ-


 
219 
дыр  бұйырғанына  өзі де таң көріпкел бала айтып отыр. Қалам-
гер  сюжет  желісін  басқа  арнаға    бұрып,  тоғыз    жастан  асып,  
биін  билеп,  биші  бала  атанып,  үлкен  үміт күттіріп жүрген 
Сұлтанды айықпас алапес дертке ұшыратады. Ақыры жазылмас 
дертке ұшыраған жалғыз ұлын  Мехмед  алыстағы таудың  ара-
сына  апарып  ұйықтап  жатқан  жерінде тастап,  қашып  кетеді. 
«.... Былай  шыға  бере 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет