Дөңгелек үстел
Қыркүйек айында «Қазақстанның жаһандық бастамалары» тақырыбы бойынша жаратылыстану-математика бағытының оқытушыларының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел болып өтті.
Баяндама
Қазан айында информатика мен информатика пәнінен жаңа технологияларды қолдану, CLIL технологиясын пайдалану тақырыбында информатика пәнінің оқытушысы Меллат М баяндама оқыды.
Коучинг
Қараша айында «Алгебра сабағында жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігі» тақырыбы бойынша алгебра пәнінің мұғалімі коучинг өтті.
Біліктілікті арттыру курстары
Жылқайдар Шәрбат 19.09.-30.09.22ж «7-9 сынып оқушыларының білім беру нәтижелерінің сапасын арттыру контекстінде физика мұғалімдерінің пәндік құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбында физика пәнінің мұғалімдеріне арналған 80 сағаттық курстан өтті.
Бәделхан Қарлығаш 19.09-30.09.22 жыл уақыт аралығында «Жалпы білім беретін мектептердің арнайы сынып педагогтерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тақырыбында курс тәмамдады
Жаратылыстану –математика бірлестігінің 1-ші жарты жылдық бойынша білім сапасы есебі
7 - 11 сынып оқушыларының география пәнінен
2022 – 2023 оқу жылының 1-ші және -2-ші тоқсан бойынша
білім сапасының салыстырмалы мониторингісі
Талдау: 2022 – 2023 оқу жылы 7-11 сыныптар оқушылардың саны – 17 (өзгеріссіз). Бірінші тоқсанмен салыстырғанда 2-ші тоқсанда жалпы білім сапасы 6,68 % көтеріліп, 76,68% құрайды. 8-11 сынып оқушыларының білім сапасы бір қалыпта, тек қана 7-сыныпта өзгеріс болды. 2-тоқсанда екпінділердің қатарына Насихат пен Ерғанат қосылды.
Басқа да сыныптардың білім сапасын көтеру мүмкіншіліктер бар. Мысалы, 9-сыныпта: Қанат Жібек, егер ол сабаққа үнемі уақыттында дайындалып, қосымша жұмыс істейтін болса.
Үшінші тоқсанда 7ә және 9ә сынып оқушыларымен жұмысты күшейту жоспарлануда.
География пәні мұғалімі: И.А.Утебаева
Достарыңызбен бөлісу: |