Хаббл заңы деп алыс галактиканың бізден алшақтау жылдамдығы мен оларға дейінгі арақашықтықтың сызықтық қатынасы. Бұл дегеніміз, егер Хаббл заңы қолданылатын болса, бізден екі есе алыс галактика бізден екі есе жылдамдықпен алшақтайды.
Бұл заң американдық астроном Эдвин Хабблмен XX ғасырдың 20-шы жылдары, аздаған галактика жылдамдығын өлшеу нәтижелерінен шығарылды. Ең жарық жұлдыздар жарығы бойынша галактика арақашықтығын бағалай отырып, ол сол кездегі белгілі галактика жылдамдығымен салыстыра екеуінің арасында сызықтық сәйкестік тапты. Оған қоса, жылдамдық пен арақашықтықтың байланысының пропорционалдылық коэффициенті жүйелі бағаламау нәтижесінде қате алынды. Казірде Хаббл тәуелділігінде пропорционалдық коэффициентін Хаббл тұрақтысы деп атайды. Хаббл тұрақтысының үлкендігі әлі де нақтылануда, қазірде ең жақын келетін нақты мәні 70 км/с 1 мегапарсекке қатынасы (1 Мпк шамамен 3 млн жарық жылына тең).