Газдарды сүзу арқылы тазалау. Шаңды газдар кеуекті бөгеттер арқылы өткенде шаңдар ұсталып, газ өтіп кетеді. Өндірісте көп қолданылатын мұндай сүзгілерге жеңді сүзгілер жатады (1-сурет). Шаңды газды желдеткіш (1) газ кұбырымен (2) камера (3) аркылы жеңдерге (4) беріледі. Жеңдер тарату торының (5) қысқа құбырларына кигізіліп бекітіледі. Шаң матаның кеуектерінде ұсталады, ал тазаланған газ клапан (6) және кұбыр (7) арқылы аппараттан шығарылады. Камераның қақағына орнатылған таратушы мөханизм жәрдеммен сүзгінің кейбір секцияларына белгілі бір уақыт ішінде, матада ұсталған шаңды тазалау үшін шаңды газды жібермейді.
1-суретте І, ІІІ және ІV-секцияларда газ тазаланатын, ал ІІ -секцияда жеңнің шаңнан тазаланатын көзі көрсетілген. ІІ - секциядағы жеңді шаңнан тазалау үшін клапан (6) жабылып, ал клапан (8) ашылады да, ол аркылы желдеткіш (9) жәрдемімен коллектор бойынша ауа немесе тазаланған газды жеңді үрлеу үшін жібереді. Бұл ауа (немесе газ) шаңды газдың бағытына карама-қарсы жіберіліп, құбыр (2) арқылы шығады. Сондықтан (9) желдеткіштін тегеуіріні желдеткіштін (1) тегеуірінен көп болуы керек. Жеңді үрлеумен , қатар окы механикалык әдіспен (механизм 10 жәрдемімен) сілкиді. Шаң камераға (3) түсіп шнек (12) жәрдемімен қақпа (13) арқылы шығарылады.
ІІ-секциядағы жеңдер шаңнан тазаланғаннан соң оған шаңды газ жіберіп, келесі секцияға ауа (немесе газ) жіберіп, жеңдерді шаңнан тазартады. Бұл операциялардың кезегі және уақыты автоматты құрылғылар жәрдемімен реттеліп тұрады.
Жиі қолданылатын сүзу маталарының гидравликалық кедергісі 150250 мм су бағанасынан аспайды. Жеңді сүзгілерде газдардың тазалаңу дәрежесі өте майда шаңдар үшін 9899% аралығында болады.
Таза ауа алу үшін, яғни микроорганизмдерден тазалауда бактерицидті заттары бар әртүрлі полимерлі сузгі материалдар қолнылады.
Мұндай сүзгілердің кемшілігі: 1) маталар тез тозады; 2) маталардың тесіктері бітеліп қалады.
Газдың температураларына байланысты қолданылатын маталар: t < 80°С – мата, бөз; t < 110°С - жүн; t < 130140°С - фторопласт; t < 400°С - шынылы талшық жіптер.