ЖЕРДІҢ АУА ҚАБЫҒЫНЫҢ БОЛУЫ
Жердің ауа қабығының құрамына енетін газдардың молекулалары, басқа денелер сияқты, Жерге тартылады.
Олай болса неліктен олардың барлығы Жердің бетіне құлап түспейді? Жердің ауа қабығы, онын. атмосферасы қалайша сақталады? Мұны түсіну үшін атмосфераны құраушы газдардың молекулалары үздіксіз және ретсіз қозғалатындығын ескеру керек. Бірақ онда ол молекулалар неліктен әлем кеңістігіне тарап ұшып кетпейді?—деген сұрақ туады.
Жерді біржола тастап ұшып кету үшін молекула, космос корабліне не ракетаға ұқсап,11,2 км/с тан кем емес жылдамдықпен қозғалуы тиіс. Бұл жылдамдық екінші космостық жылдамдық деп аталады. Ал Жердің ауа қабығының молекулаларының орташа жылдамдығы бұл космостық жылдамдықтан едәуір кем. Сондықтан ауаның молекулаларының көпшілігі ауырлық күші әсерінен Жерге «матаулы». Молекулалардың ретсіз қозғалысы мен оларға ауырлық күші әсер етуі нәтижесінде, газдардың молекулалары еркін ауа қабығын, немесе атмосфераны кұрап, Жердің маңындағы кеңістікте «қалықтап» ұшып жүреді.
Жүргізілген өлшеулерге қарағанда, ауаның тығыздығы жоғары көтерілген сайын тез кемиді. Мысалы, Жер бетінен 5,5 км биіктіктегі ауаның тығыздығы оның Жер бетіндегі тығыздығынан 2 есе кем, 11 км биіктікте-4 есе кем т. т. Неғұрлым жоғарылаған сайын, ауа соғұрлым сирей береді. Ақыры, ең жоғарғы қабаттарында (Жер бетінен жүздеғен. және мыңдаған километр биіктікте) атмосфера біртіндеп ауасыз кеңістікке айналады. Атмосфераның нақты шекарасы жоқ Жердің атмосферасындағы газдардың молекулаларының таралу көрінісінің схемасы кескінделген.
Дәлірек айтқанда, кез келген аузы жабык ыдыстағы газдың тығыздығы да, ауырлық күші әсер ететіндіктен тұтас ыдыс көлемі бойынша бірдей болмайды. Ыдыстың төменгі бөлігіндегі газдьң тығыздығы оньщ жоғарғы бөлігіндегіден артық болады, сондыктан ыдыс ішіндегі қысым да бірдей болмайды: қысым ыдыстың түбінде оның жоғары жағындағыдан гөрі артығырақ болады. Сөйткенмен, ыдыстағы газдың тығыздығыньң және қысымынын мұндай айырмашылыктары сондайлық аз, оны тіпті көптеген жағдайларда есепке алмаса да болады. Алайда бірнеше мыңдаған километрге жайылып жаткан атмосфера үшін бұл айырмашылық айтарлык-тай-ақ.
Достарыңызбен бөлісу: |