Гематология 30 тест сұрақтары
~ 7 жасар қызда ЖРВИ-мен ауырғанынан 3 апта өткеннен кейін мұрнынан қан кету, кеудесінде және аяқ-қолдарында көгерулер пайда болды. Жалпы қан анализінде тромбоциттер деңгейі 20х109/л-ге дейін төмендеді. Миелограммада тромбоциттер отшнуровка айқын, ИТП диагнозы қойылды. Ең тиімді емдеу тактикасы:
| Аминокапрон қышқылы, адроксон, дицинон, преднизолон
| Аминокапрон қышқылы, гепарин, курантил, андроксон, аспирин
| Аминокапрон қышқылы, адроксон, аспирин
| Гепарин, курантил, димедрол
| Тромбоконцентрат құю
~ 6 жасар бала тері жамылғысы мен шырышты қабаттардың сарғыштығына шағымданады. Шеткері лимфа түйіндері, бауыр ұлғаймаған. Көкбауыр қабырға доғасынан +3см. Қан анализдерінде: эритроциттер-3,1х1012/л, гемоглобин-96г/л, ретикулоциттер - 5,7%, тромбоциттер-288х109/л, лейкоциттер -6,4х109/л, ЭТЖ -10мм/сағ. Эритроциттердің орташа диаметрі
- 4,6 мкм (46%), 5,7 (38%), 6,4-16%. Биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин – 47 мкмоль/л, тікелей емес - 37 мкмоль/л, тікелей - 10 мкмоль/л. АЛТ-0,32 ммоль/л, АСТ- 0,17 ммоль/л.
Төменде келтірілген алғашқы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
| Минковского-Шоффар анемиясы
| Жедел лейкоз
| Созылмалы лейкоз
| Верльгоф ауруы
| Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
~ 5 жасар бала әлсіздік, бозғылттық, дене қызуының 39°С жоғарылауы мен жұтынғанда ауырсынуға шағымданып келді. Жағдайы айқын геморрагиялық синдромға байланысты ауыр: петехиялар, экхимоздар, мұрыннан қан кету.
Ауыз қуысының шырышты қабатында афтозды стоматит белгілері байқалады. Жалпы қан анализінде - анемия, лейкопения, бірен саран тромбоциттер, лимфоцитоз. Миелограммада: эритроидты өсінді, гранулоцитарлы тарылған, лимфоциттер 28,5%, миелокариоциттер 25 000, мегакариоциттер анықталмады.
Төменде келтірілген алғашқы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
| Апластическалық анемия
| Тромбоцитопениялық пурпура
| Жедел лимфобласты лейкоз
| Жедел миелобласты лейкоз
| Минковского-Шоффар анемиясы
~ 10 жасар бала 2 апта бойына әлсіздік, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, дене қызуының жоғарылауы, аяқ-қолдарының ауырсынуына шағымданып келді. Объективті: барлық топтағы шеткері лимфа түйіндерінің 0,5-1,0 см-ге ұлғаюы. Гиперпластикалық синдром: бауыр +4см, көкбауыр +8см қабырға доғасынан. Жалпы қан анализінде: гемоглобин - 104г/л, тромбоциттер 143*109/л, лейкоциттер 178*109/л, бласттар -12%, промиелоциттер -15%, миелоциттер -12%, метамиелоциттер -17%, жас -15%, таяқша ядролы - 5%, сегмент ядролы - 21%, эозинофилдер - 3%, лимфациттер - 10%, ЭТЖ-35 мм/сағ.
Төменде келтірілген алғашқы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
| Созылмалы миелобластный лейкоз
| Жедел лейкоз
| Апластикалық анемия
| Геморрагиялық васкулит
| Идиопатичеялық тромбоцитопениялық пурпура
~ Гемофилия А диагнозы бар 6 жасар балаға жедел аппендицит диагнозы қойылды. Хирургиялық ем қажет.
Төменде келтірілген тактикалардың қайсысы операция жасауға дайындық ретінде пайдаланылады?
| Операцияға дейін және операциядан кейін криопреципитат енгізу
| Операцияға дейін және операциядан кейін пенициллин енгізу
| Операцияға дейін және операциядан тромбоконцентраткейін енгізу
| Операцияға дейін және операциядан кейін гепарин+курантил енгізу
| Операцияға дейін және операциядан кейін мұздатылған сарысу енгізу.
~ Бала 3 жасар. Жедел респираторлы аурудан кейін денесінде көгерулер, петехиялар, мұрнынан және иегінен қан кету байқала бастады. Жалпы қан анализінде: эритроциттер - 4,6х1012/л, гемоглобин- 130 г/л, т/к - 0,9, лейкоциттер -7,4х109/л, тромбоциттер - 50х109/л, ЭТЖ - 5 мм/ч.
Төменде келтірілген зерттеулердің қайсысы диагноз қоюда көп мәліметті болып келеді?
| Тромбоциттер санын анықтау
| Миелограмма
| Коагулограмма
| Тромбоцитов функциясы
| Қан ағу уақыты
~ ЖРВИ-мен ауырған 7 айлық баланы қарауда аймақтық педиатр тері қабатының бозғылттығын байқады. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Жалпы қан анализінде: Hb – 96 г/л, эритроциттер – 3,2 * 1012/л, т/к – 0,8; айқын полихроматофилия, анизоцитоз. Балада анемияның қай түрі болуы мүмкін?
| Теміртапшылықты
| Витаминтапшылықты
| Ақуызтапшылықты
| Гемолитикалық
| Апластикалық
~ 7 жасар балада ЖРВИ-мен ауырғанынан 3 апта өткеннен кейін мұрнынан қан кету, кеудесінде және аяқ-қолдарында көгерулер пайда болды. Жалпы қан анализінде тромбоциттер деңгейі 20х109/л-ге дейін төмендеді. Миелограммада тромбоциттер отшнуровка айқын. Сіздің диагнозыңыз?
| Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
| Жедел лейкоз
| Апластикалық анемия
| Гемофилия
| Геморрагиялық васкулит
~ 8 жасар М, бөлімшеге мұрыннан қан кетумен келіп түсті. Анамнезінде 2 апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Қарағанда бетінде, мойны мен қолдарында көлемі мен пайда болған уақыты әртүрлі, экхимоз түріндегі геморрагиялық синдром. Мұрын қуысында қан сіңңген тампондар. шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған. Гепатоспленомегалия байқалмайды. ЖҚА: Hb – 101 г/л, эритроциттер – 3,2х1012/л, тромбоциттер – 12х109/л, лейкоциттер – 6,4х109/л, т/я – 2%, с/я – 59%, э – 3%, л – 28%, м – 8%, ЭТЖ – 5 мм/сағ. ИТП диагнозы қойылды. Гормональды терапия алдында сіз қандай қосымша зерттеу жүргізесіз?
| миелограмма
| трепанобиопсия
| коагулограмма
| агрегатограмма
| биохимиялық қан анализі
~ 10 жасар қызда ЖРВИ-мен ауырғаннан 3 апта өткеннен кейін қан кетудің петехиальды-дақты типіндегі геморрагиялық синдром пайда болды: мұрыннан қан кету, денедегі көгерулер. ЖҚА: Hb – 98 г/л, эритроциттер – 3,0х1012/л, тромбоциттер – 18х109/л, лейкоциттер – 7,2х109/л, т/я – 2%, с/я – 60%, э – 5%, л – 26%, м – 7%, ЭТЖ – 5 мм/сағ. Миелограммада : сүйек кемігі жасушалы, полиморфты, бластты клеткалар – 2%, нейтрофильді өсінді – 62%, эозинофильді өсінді – 4%, лимфоциттер – 5%, эритроидты өсінді– 27%, мегакариоциттер –120 миелокариоцитке 1-еу , тромбоциттер байданысы бұзылмаған.
Қандай диагноз қоясыз?
| идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
| геморрагиялық васкулит
| гемофилия
| лейкоз
| апластикалық анемия
~ ЖРВИ-мен ауырған 9 айлық баланы қарауда аймақтық педиатр тері қабатының бозғылттығын байқады. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Жалпы қан анализінде: Hb – 95 г/л, эритроциттер – 3,3 * 1012/л, т/к – 0,8; айқын полихроматофилия, анизоцитоз, микроцитоз. Биохимиялық қан анализінде: сарысулық темір деңгейі 5,0 ммоль/л, ОЖСС – 85 мкмоль/л, ферритин – 4 мкг/л, НТЖ – 13%.
Сіздің диагнозыңыз?
| Теміртапшылықты анемия
| Витаминтапшылықты анемия
| Гипохромды анемия
| Гемолитикалық анемия
| Апластикалық анемия
~ 5 жасар балада ЖРВИ-мен ауырғанынан 3 апта өткеннен кейін мұрнынан қан кету, кеудесінде және аяқ-қолдарында көгерулер пайда болды. Жалпы қан анализінде тромбоциттер деңгейі 20х109/л-ге дейін төмендеді. Миелограммада тромбоциттер отшнуровка айқын. ИТП, тромбоцитопениялық пурпура, ылғалды формасы, жедел ағымды диагнозы қойылды. Сіздің емдеу тактикаңыз:
| Аминокапрон қышқылы, адроксон, дицинон, преднизолон
| Аминокапрон қышқылы, ұю факторларын құю
| Аминокапрон қышқылы, адроксон, аспирин
| Гепарин, курантил, антигистаминді препараттар
| Тромбоконцентрат құю
~ 2 жасар балада дене қызуының фебрильді деңгейге дейін жоғарылауы байқалады. Объективті қарауда барлық топтағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы, айқын гепатоспленомегалия. ЖҚА: эритроциттер – 2,2х1012/л, Hb – 69 г/л, лейкоциттер – 28х109/л, тромбоциттер – 60х109/л, ЭТЖ – 49 мм/сағ, лейкограммада – лимфоциттер 41%, сегментоядролы нейтрофилдер – 9%, бластты жасушалар – 50%. Сіз қай диагнозды болжамдайсыз?
| Жедел лимфобластты лейкоз
| Апластикалық анемия
| Созылмалы миелолейкоз
| Лимфогранулематоз
| Жедел миелобластты лейкоз
~ 11 жасар М, бөлімшеге мұрыннан қан кетумен келіп түсті. Анамнезінде 2 апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Қарағанда бетінде және мойнында көлемі мен пайда болған уақыты әртүрлі, экхимоз түріндегі геморрагиялық синдром, қолдарында- петехиальды элементтер. Мұрын қуысында қан сіңңген тампондар. шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған. Гепатоспленомегалия байқалмайды. ЖҚА: Hb – 101 г/л, эритроциттер – 3,2х1012/л, тромбоциттер – 12х109/л, лейкоциттер – 6,4х109/л, т/я – 2%, с/я – 59%, э – 3%, л – 28%, м – 8%, ЭТЖ – 5 мм/сағ.
Сіздің диагнозыңыз?
| Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
| Геморрагиялық васкулит
| Гемофилия
| Гланцман тромбастениясы
| Апластикалық анемия
~9жасар М, стационарда «Геморрагиялық васкулит, тері-буындық-абдоминальды формасы, жедел ағымды, белсенділігі III дәрежелі» диагнозымен жатыр. Балаға төменде келтірілген емнің қайсысын тағайындаған тиімді?
| Төсектік режим, диета, гепарин, дезагреганттар, преднизолон
| Төсектік режим, диета, трасилол
| Төсектік режим, диета, гепарин, фраксипарин
| Төсектік, диета, гепарин, эритроцитарлы масса
| Төсектік режим, диета, контрикал
~ Бала 5 жаста. Жағдаййы ауыр. Мұрыннан көп қан кеу байқалады. Бозғылт. Кеуде мен аяқ-қол терісінде көптеген полиморфты, полихромды, симметриялы емес геморрагиялық бөртпелер бар. Пульс 1 мин 100 рет. Көкбауыр +1,0 см. ЖҚА: Hb – 92 г/л, эритроциттер – 2,7х1012/л, лейкоциттер – 4,5х109/л, тромбоциттер – 15х109/л, с - 68, л - 32, ЭТЖ – 18 мм/час, Дьюке бойынша қан ағу уақыты – 15 мин, қан ұю уақыты – 3 минут 40 секунд. Сіздің диагнозыңыз?
| Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, ылғалды формасы
| Геморрагиялық васкулит
| Гланцман тромбастениясы
| Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, құрғақ формасы
| Гемофилия А
~ Бала 5 жаста. Тері қабаттарының бозғылттығы туылғаннан байқалады. Балалар аруханасына тұмаудан кейінгі жағдайының ауырлауына байланысты келіп түсті. Қарағанда жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежелі. Тері қабатының сарғыштығы байқалады. Ішінің көлемі ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан +2,0 см ұлғайған, көкбауыр кіндік деңгеінде. Басқа ағзалары өзгеріссіз. ЖҚА: Hb – 75 г/л, эритроциттер – 2,0х1012/л, лейкоциттер – 5,0х109/л, тромбоциттер – 230х109/л, ЭТЖ -12 мм/сағ, ретикулоциттер – 25‰. Эритроциттер диаметрі 6,2 μ. Биохимиялық қан анализінде : жалпы билирубин – 60,5 ммоль/л, тікелей емес – 55,5 ммоль/л, тікелей– 5,0 ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз:
| Тұқым қуалайтын сфероцитоз
| Вирусты гепатит «А»
| Жильбер синдромы
| Теміртапшылықты анемия
| Апластикалық анемия
~ Бала Р 10 жаста, бөлімшеге аяғының жарақатына байланысты шағымданып келді. Объективті: тері қабаттары бозғылт-қызғылт, оң сан аймағындағы гематома. Оң шынтақ буыныны аймағының ұлғаюы, оң тізе буынының контрактурасы. ЖҚА: Hb-109 г/л, эр.-3,4х1012 /л, ЦП-0,9, тромбоциттер -250х109 /л, лейк-5,6х109/л, п-6%, с-78%, л-14%, м-2%. Коагулограммада қан ұю уақыты 5 мин, қан ағу уақыты 15 мин, VIII фактор деңгейі 6%.
Сіздің диагнозыңыз?
| Гемофилия А
| Бернара-Сулье синдромы
| Гланцман тромбастенияс
| Виллебранд ауруы
| Стюарт ауруы
~ 5 жасар балада вирусты инфекцияны өткізгеннен кейін петехиальды бөртпе, мурыннан қан кету түріндегі геморрагиялық синдром пайда болды. ЖҚА: Hb-90 г/л, эр.-3,0х1012 /л, т/к-0,9, тромбоциттер-20х109/л, л-4,5х109/л, эоз 3%, с/я-58%, л-37%, м-2%. ЭТЖ - 6 мм/час. Коагулограммада қан ұю уақыты 12 мин, қан ағу уақыты 7 мин, қан ұйындысының ретракциясы байқалмайды.
Сіздің диагнозыңыз?
| Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
| Бернара-Сулье синдромы
| Апластикалық анемия
| Жедел лейкоз
| Тромбоцитопатия
~ Бала 2 жаста, тәбетінің төмендеуіне, дәм сезуінің бұрмалануына (кесек, бор жеу), дене салмағының төмендеуіне шағымдануда. Қарағанда бала тамақтануы нашар, тері қабаттары бозғылт, құрғақ, шашы құрғақ, тіл емізікшелері тегістелген. Бала жылауық. ЖҚА: Hb-65 г/л, эр.-2,8х1012 /л, т/к-0,7, тромбоциттер-250х109/л, л-6,5х109/л, эоз 3%, с/я-49%, л-37%, м-2%, ретикул -1%. СОЭ 8 мм/сағ.
Сіздің диагнозыңыз?
| Теміртапшылықты анемия
| Апластикалық анемия
| Постгеморрагиялық анемия
| Гемолитикалық анемия
| Гипопластикалық анемия
~ Қабылдауға 5 жасар бала келді. Анасының айтуынша балада 3,5 жасынан бастап кезекті аздаған мұрыннан қан кету, аяқтарында көгерулердің пайда болуы, кеудесінде петехиялардың пайда болуына шағымданады. Соңғы 2 аптада мұрыннан қан кету күшейді, оған дейін бала ЖРВИ-мен ауырды. ЖҚА: Hb-125 г/л, эр.-3,5х1012 /л, т/к - 0,95, тромб -250х109/л, лейк-6,5х109/л, эоз 4%, с/я-49%, л-37%, м-2%. СОЭ 8 мм/сағ. Коагулограммада қан ұю уақыты 12 мин, Қан ағу ауқыты 7 мин.
Сіздің диагнозыңыз?
| тромбоцитопатия
| тромбоцитопениялық пурпура
| геморрагиялық васкулит
| жедел лейкоз
| гемофилия
~ 9 айлық бала, тері қабатының сарғыштығы, бозғылттық, тәбетінің төмендеуіне шағымдарымен келіп түсті. Алғаш рет 3 ай бұрын ЖРВИ фонында сарғыштық пен бозғылттық пайда болғаннан бастап ауыра бастады. Жалпы қарауда: жағдайы ауыр. Бозғылттық пен сарғыштық айқын. Жүректің ұшында және V нүктеде айқын систолалық шу естіледі. Бауыры +3,0 см, көкбауыры + 4,0 см қабырға доғасынан. ЖҚА: эр- 1,87х1012/л, Нb- 51 г/л, т/к - 0,8, ретикулоцит - 49%0, тромбоцит - 250х109/л, ЭТЖ - 10 мм/сағ, лейкоцит - 10х109/л, т/я - 1%, с/я - 26%, лимф - 62%, мон - 8%, эоз - 2%, қан жұғындысында анизо және пойкилоцитоз, микросфероциттер – аздаған мөлшерде. Эритроциттердің орташа диаметрі: 3,78- 4,4 мкм. Биохимиялық қан анализінде – жалпы билирубин - 40,5 мкмоль/л, тікелей - 35 мкмоль/л.
Сіздің диагнозыңыз?
| Минковский -Шоффар гемолитикалық анемиясы
| глюкоза 6 фосфатдегидрогеназа тапшылықты гемолитикалық анемиясы
| талассемия
| теміртапшылықты анемия
| В12 тапшылықты анемия
~ Қабылдауда 8 жасар бала, ЖРВИ фонында дене қызуын түсіретін препараттар қабылдағаннан 2-3 күн өткеннен кейін, терінің сарғаюы, әлсіздік, нәжісі мен кіші дәретінің қараюы байқалған. Қарағанда бауыры +2 см және көкбауыры +2 см ұлғайған, тері мен шырышты қабаттардың сарғыштығы байқалады. ЖҚА: Hb -70 г/л, эритроцит - 2,3х1012/л, т/к -0,8.
Сіздің диагнозыңыз?
| гемолитикалық анемия
| апластикалық анемия
| талассемия
| теміртапшылықты анемия
| постгеморрагиялық анемия
~ 10 айлық бала, тек ана сүтін емеді, қосымша тамақтар енгізілмеген. Тері және шырышты қабаттардың айқын бозғылттығы байқалады. Жүрек ұшында систолалық шу. ЖҚА: эритроцит - 2,9х1012/л, гемоглобин - 68 г/л, т/к -0,7, тромбоцит - 230 мың., лейкоцит - 9,0х1012/л.
Сіздің диагнозыңыз?
| теміртапшылықты анемия
| апластикалық анемия
| талассемия
| гемолитикалық анемия
| В12 тапшылықты анемия
~ 7 жасар ақыл есі төмен бала 6 ай бойы ауырады. Әлсіздік, тәбетінің төмендеуі мазалайды. Ата-анасы соңғы кездегі тері қабатының бозғылттығын, аз қозғалғыштықты, тез шаршағыштық пен тұйықтығын байқағандарын айтады. Анамнезінде лимфа түйіндерінің ұлғаюымен жүретін жиі ЖРВИ-мен ауырған. Жалпы қарауда: тері қабаттарының бозғылттығы, қолтық асты ойықтары, шат, мойын, жыныс мүшелері аймағында қола түстес пигментациялар; бетте петехия түріндегі геморрагиялық бөртпе; қолдың үлкен саусағының гипоплазиясы; құлақ қалқанының деформациясы, гипоспади байқалады. Бойы 100 см, дене салмағы 18 кг, АҚҚ 75/60мм/сын. бағ., тахикардия, жүрек тондары тұйықталған, ЖҚА - панцитопения. Сіздің диагнозыңыз?
| Фанкони анемиясы
| апластикалық анемия
| теміртапшылықты анемия
| гемолитикалық анемия
| В12 тапшылықты анемия
~ 8 жасар бала, әлсіздік, шаршағыштық, аяқ-қолдарындағы геиоррагиялық бөртпелерге шағымданып келді. 3 ай көлемінде ауырады, қайталамалы вирусты инфекциялар, шеткері лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалған. Кеуде қуысы ағзаларының R-графиясында орталықтың көлеңкелері (тени средостения) кеңейген. Объективті: барлық топтағы периферических лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Өкпенің оң жақ төменгі бөлімдерінде тыныс әлсіреген. Бауыр +6,0 см, көкбауыр +7,0 см ұлғайған. ЖҚА: Нв-92г/л, тромб.- бірен саран, , лейкоц.-292 х109/л, бласттар - 92 %
Миелограммада: қан түзудің барлық өсінділерінің тежелген тотальды бластты метаплазия. Бласттардағы МПО-ға цитохимиялық реакция теріс. Иммунофенотиптеу: Т-лимфобластты лейкозға сәйкес келеді.
Емдеу тактикаңыз?
| ремиссия редукциясы
| ремиссия консолидациясы
| интенсификация
| симптоматикалық терапия
| ұстап тұрушы (поддерживающая) терапия
~ 9 жасар қыз. Аяқтарындағы геморрагиялық бөртплерге шағымданып келді. Анамнезінен: бөртпе вирусты инфекциямен ауырғаннан 10 күннен кейін пайда болды. Объективті: балтыр аймағында симметриялы, майда, дақты-папулезды бөртпе. Іші жұмсақ, кіндік аймағында аздаған ауырсыну. Бауыры мен көкбауыры қаабырға доғасы аймағында. ЖҚА: Нв-129г/л, тромб-361 х109/л, лейк - 6,2-х109/л, с/я -72%, лимф-18%, мон - 9-%, эоз-1%, ЭТЖ - 13 мм/сағ. Сухарев бойынша қан ұю уақыты 4 мин. ЖЗА -реакция қышқыл, белок-0,132, сал тығ - 1012, эритроциттер көп мөлшерде.
Сіздің диагнозыңыз?
| Геморрагиялық васкулит, аралас форма, бүйректік синдром
| Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
| Жедел лейкоз
| Апластикалық анемия
| Теміртапшылықты анемия
~ 5 жасар балада ата-анасы соңғы 2 жыл ішінде кезекті тұншығу ұстамаларын, қалтырау, тері ұабаттарының бозғылттығы мен аздаған сарғыштығын байқаған. Қарағанда тері қабаты бозғылт, аздап жарылған, таза, геморрагиялар байқалмайды, бауыры +2,5см, көкбауыры +5,0 см. ЖҚА:
НВ – 56 г/л, лейкоцит - 4,2х10/л, жас – 1%, т/я – 3%, с/я – 38%, лимфоцит- 52%, моноцит – 6%, ретикулоцит - 37% , тромбоцит – 187 мың, ЭТЖ – 35 мм/сағ, анизопойкилоцитоз++, Жолли денешіктері, нысана тәрізді эритроциттер +. Гемосидерин кристаллдары. Биохимиялық қан анализінде билирубин деңгейі жоғарылаған - 185 мкмоль/л, тікелей - 12 мкмоль/л, тікелей емес - 173 мкмоль/л.
Сіздің диагнозыңыз?
| гемолитикалық анемия
| Апластикалық анемия
| талассемия
| Теміртапшылықты анемия
| В12 тапшылықты анемия
~ 2 жасар бала, дене қызуының жоғарылауы, ксантомды бөртпе, құлағынан іріңді бөлінді ағуына, сол көз орбитасы аймағының ісінуі, шөлдеу, жиі кіші дәретке баруына шағымдануда. Жалпы қарауда: бозғылт, тері қабаттарында геморрагиялық-папулезды бөртпе (+тін), барлық топтағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы, гепатоспленомеалия. ЛОР-қарау: созылмалы іріңді мезотимпанит. Тәуліктік диурез: 2000/2400 мл. ЖҚА: анемия, лейкоцитоз, аздаған тромбоцитопения, нейтрофиллез, ЭТЖ жоғарылауы. ЖЗА: сал тығ - 1002.
Сіздің диагнозыңыз?
| Гистиоцитоз
| Экссудативті-катаральды диатез
| Қант диабет
| Жедел лейкоз
| Созылмалы миелолейкоз
~ 3 жасар бала, әзірбайжан, психомоторлы дамуда артта қалған, жалпы әлсәздік, бозғылттық, склераларының сарғыштығына, ішінің кезекті ауыруына шағымдвнуда. Дене қызуы субфебрильді, тері қабаттары бозғылт, сарғыш реңді, склера иктериялығы, қол білектері буындарының ауырсынуы мен ісінуі, гепатоспленомегалия +5,0 см қабырға доғасынан. Несеп қара түсті, нәжісі боялған. ЖҚА: гемоглобин 60 г/л; т/к = 0,65; ретикулоцит - 35%; лейкоцит – 14х109/л; нейтрофиллез солға ығысумен; ЭТЖ - 40 мм/сағ. Биохимиялық анализде: билирубин - 65 мкмоль/л тікелей емес фракция есебінен; трансамина деңгейі қалыпты. Ата-анасында туыстық некелесу, созылмалы анемиядан зардап шегеді.
Сіздің диагнозыңыз?
| Гемоглобинопатия
| Вирусты гепатит
| Жедел хирургиялық патология
| Гистиоцитоз
| Аутоиммунды гемолитикалық анемия
Достарыңызбен бөлісу: |