Гемостаз. Гемостаздың БҰзылыстары орындаған: Ермекбай А. А


Тұқым қуатын телеангиэктазиялар (Рандю-Ослер-Вебер ауруы)



бет5/8
Дата15.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#197128
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
523456.pptx 2

Тұқым қуатын телеангиэктазиялар (Рандю-Ослер-Вебер ауруы)

2-сурет.Дененің әр аймағындағы телеангиктазиялар

Жүре пайда болған вазопатиялар.

Жүре пайда болған вазопатиялар. Жүре пайда болған тамыр бүліністеріне, қанағыш васкулиттер, жұқпалы аурулар кездеріндегі бөртпелер, С-витамині жеткіліксіздігінде дамитын құрқүлақ дерті т.с.с. жатады.

Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)

Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы). Бұл ауру иммундық кешендік дерттерге жатады. Бұл дерт кезінде майда тамырлардың бүлінуі антиген-антидене (АГ-АД) иммундық кешені мен комплементтің әсерлерінен дамиды. Ол жұқпалы, вирустық аурулардан, екпелерден, дәрілер қабылдағаннан кейін дамиды. Сонымен қатар дененің мұздауы, күнге күю, жарақат, жәндіктерді жоятын химиялық заттар, құрттар геморрагиялық васкулиттің дамуына әкелуі мүмкін.

Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)

3-сурет.Шенлейн-Генох ауруының жалпы көрінісі

ТРОМБОЗДЫҚ СИНДРОМДАР НЕМЕСЕ ТРОМБОФОЛИЯЛАР

Тамыр ішінде қан қатпарларының пайда болуына әкелетін жағдайларды тромбоздық синдромдар немесе тромбофилиялар дейді.

Тромбофилиялар:

1.Шеткері қанда тромбоциттердің адгезиялқ және агрегациялық қызметтері артып кетуінен;

2.Қан ұюының тым көтеріліп кетуінен болады.

Тамыр ішінде шашыранды қан ұю (ТШҚҰ) синдромы

Тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю (ТШҚҮ) синдромы шеткері қанда әрі тромбиннің, әрі плазминнің (фибринолизиннің) бір мезгілде шамадан тыс артып кетуінен пайда болатын ауыр тромбоздық және қанағыштық бұзылыстарға жатады. Тромбин микроциркуляциялық арнада жайылмалы түрде фибрин ұйындыларының және қан ұю факторларының жиналуына әкеледі, тромбоциттердің агрегациясын арттырады. Плазмин, фибрин мен ұю факторларын ыдыратып, қан ұюын тежеу арқылы ауыр қан кетулер туындатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет