Болашақта ақпараттық технологиялардың дамуы
ХХ ғасырдың ортасында атақты ғалым В.М.Глушков: «ЭЕМ желілері
мен оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі
ғасыр басында техникалық жағынан жетілген елдерде ақпараттың
басым бөлігі, бірінші кезекте, ғылыми техникалық, экономикалық, саяси
- әлеуметтік мәліметтер қағаз күйде – ЭЕМ жадында сақталады.
Соның салдарынан ХХІ ғасыр басында осындай ақпаратты пайдалана
алмайтын адам ХХ ғасыр басында оқи да, жаза да алмайтын жанға
ұқсас болады...», - деген болатын.
Ақпараттық – телекоммуникациялық технология электрондық
есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді
пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті
құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту
бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар
коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім
беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың
жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол,
еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай
жасау үшін де тигізер пайдасы аса зор.
4-тапсырма, 219 бет
Сейтбек Рамазан