Ежелгі Мысыр, Вавилон, Қытай, Үндістан елдерінде суармалы егін шаруашылығында «жерге өлшеулер жүргізу барысында тәжірибе жинақтауға алып келді, сөйтіп «жерді өлшеу» - геометрия және «жерді бөлу» - геодезия саласындағы теориялық білімінің тез дамуына септігін тигізді. Біздің заманымызға дейінгі XIV – XII ғасырларда Қытайда «бүкіл жерді» зерттеу мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізілді: бұл жұмыстар жер танаптарын өлшеуіш тізбектер мен өлшеу шеберліктерін болғандығын көрсетті»
XVII ғасыр геодезия үшін өте маңызды болды, 1609 жылы Г.Галилей италияндық астроном – геодезиялық бұрыш өлшеу және ара қашықтықты өлшеу аспаптардың негізгі бөлігін – астрономиялық көру дүрбісін ойлап тапты. 1616 жылы голландық Снеллиус өзі ойлап тапқан триангуляция тәсілімен алғашқы градустық өлшеулерді жүргізді. XVIII ғасырдың екінші жартысында (1783 ж) ағылышын Рамсден алғашқы теодолитті жасап шығарған.
XV – XVIII ғасырларда топография мен геодезияға аса маңызды көптеген картографиялық жұмыстар жүргізілген, жер бетінің ұсақ масштабты карталары, глобустар, атластары жасалынған. Жердің пішіні шар тәріздес екендігі дәлелденді.
1740 жылы Ц.Кассини Франция территориясы үшін трингуляцияның тіреу пунктер желісін жасау жұмыстарын бастады. Жасалынған желісі негізінде Францияның бүкіл территориясына 1:86400 масштабтағы мензулалық түсіріс жүргізіліп 1789 жылы аяқталды. Бұл түсіріс негізінде 1815 жылы топографиялық карталары жарық көрді (жалпы 182 карта).
Бүгінгі ғылымдар Ежелгі Грециядан дамып бастайды, соның ішінде топография мен геодезияның негіздері салынған. Оның дәлелі біздің уақытқа дейін жеткен Александриялық Геронның «Диоптрия туралы» және «Ауданды өлшеу» деген еңбектері.
Бүгінгі ғылымдар Ежелгі Грециядан дамып бастайды, соның ішінде топография мен геодезияның негіздері салынған. Оның дәлелі біздің уақытқа дейін жеткен Александриялық Геронның «Диоптрия туралы» және «Ауданды өлшеу» деген еңбектері.
Ежелгі Рим кезінде топография мен геодезияның қолданбалы мәселелері дамыған, себебі өте үлкен империя болғандықтан ел туралы толықтырылған карталар қажет болған. Мұндайдың куәсі «Пейтингер кестесі» деп аталатын жол карталары. Ежелгі Римде алыс провинцияларымен байланыс жүргізу мақсатында, елді мекендер арасындағы жолдар картасы жасалынған және маршруттарға жалпы баяндама берілген. Мұндай карта бір көшірмесі ғана сақталған, оны XVI ғасырда Аугсбург қаласында Пейтингер деген неміс тарихшысы тапқан, сондықтан оны «Пейтингер кестесі» деп атаған.