Екіншіден, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары оның өнімдерін тұтынатын немесе ауыл шаруашылығы тұтынатын өнімді шығаратын ондаған саламен байланысты. Негізінде олардың көпшілігі үшін бұл сала өндірістік дамудың негізгі факторы болып табылады, сондықтан құрылымдағы кез келген өзгерістер көптеген салалар мен нарықтық саудадағы тиісті өзгерістерге алып келеді.[1]
1.1. Ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану
Ауыл шаруашылық жерлер - азық-түлік өнімдерін өсіруге және қамтамасыз етуге, сондай-ақ өнеркәсіп үшін шикізат алуға бағытталған.
Мал шаруашылығында келесідей бағыттарды қамтиды:
— Ірі қара мал шаруашылығы;
— Жылқы шаруашылығы;
— Қой шаруашылығы;
— Құс шаруашылығы;
— Шошқа шаруашылығы;
— Ара шаруашылығы (омарта) және тағы басқалар.
Мал шаруашылығы ежелден қазақтарға тән шаруашылық түрі болып табылады. Қазақстанда, әсіресе қой-ешкі, жылқы, мүйізді ірі қара шаруашылықтары айтарлықтай дамып, халықтың күнкөріс көзі болып табылған. Мал және оның өнімдері Ресей, Қытай т.б. көрші өлдерге өнеркәсіп бұйымдарына алмастырып отырды.
Қазақтар ертеден әрбір мал түрінің ерекшеліктерін жете біліп, әсіресе мал жайылымдарының жылдың қай мезгілінде малды қалай бағу керектігінің білгірі болды.
Кеңес дәуірінде Қазақстан Одақтың шығысындағы оның басты мал
шаруашылықты зонасы болып табылып, малдың өнімдерінен еліміз көлемінде
жетекші орынды алып, басқа да аудандарды қамтамасыз өтіп отырды.
Кеңестік дәуірдегі жүргізілген коллективтендіру жұмыстары және Қазақстанның нарықтық экономикаға
көшуінің қиындықтары салдарынан еліміздің
мал саны өте азайып кетті. Қазір экономикалық жағдайдың жақсаруынан еліміздің мал саны артып келеді.
Сондықтанда біздің дипломдық жұмысымыз Қазақстандағы мал түлерінің өсірілу жайы, оның даму ерекшелігін, таралу аудандарын сипаттауға арналған. Мал -Қазақстанның жетекші шаруашылық саласы болып қала береді. Мал шаруашылығын дамытуға Қазақстанда жағдай бар.
Қазақ жері — мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі. Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары — қой мен ешкі. Қойдың арғы тегі — арқар (муфлон), ал ешкінікі — таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б.з.д. 8—7-мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. Осы кезге жататын Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкінің сүйегі табылған.
Сиыр тұқымының дәл қай жерден шыққаны әлі аныкталмаған. Дегенмен де қолға үйретілген сиырдың да ең көне заманғы сүйегі б.з.д. 7-мыңжылдыққа жатады, ол Оңтүстік Анадолы жерінде (Түркия) табылған. Б.з.д. 6—5-мыңжылдықта Месопотамия жерінде мал шаруашылығы болғандығы бүгінде дәлелденген.
Қазіргі уақытта барлық сиырдың 87,3%-ы жеке меншікте, 6,2%-ы шаруа қожалықтарында, 6,5%-ы мемлекеттік ауыл шаруашылығы мекемелерінде жинақталған. Бұл көрсеткіштер қой мен ешкі түліктері бойынша 80,2; 12,3 және 7,5%-ға, жылқы түлігі бойынша 83,8; 10,6 және 5,6%-ға, түйе түлігі бойынша 75,7; 11,3 және 13,0%-ға сәйкес келеді. Ауыл шаруашылығы мекемелерінің шаруа қожалықтарына (ӨК, АҚ, т.б.) бөлінуінің артықшылығы ретінде 2000 жылдан бастап жеке және шаруа қожалықтарында орынсыз мал шығынына жол берілмеуі нәтижесінде соңғы 3 — 4 жылда түлік түрлері бойынша мал санының орташа өсімі 3 — 10%-ға, ет, сүт өнімдерін өндіру 3 — 6,5%-ға тұрақты артып келеді.
Бүгінгі таңда әр елдің ұлттық өндірістері негізінде дүниежүзілік біртұтас тауарлы ауыл шаруашылығы қалыптасып келеді. Өндірілген жалпы өнім мөлшері жөнінен Қытай, АҚШ, Жапония, Аустралия сияқты елдер жетекші орын алады. Жан басына шаққанда ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етілу дәрежесі жөнінен Батыс Еуропаның дамыған елдері мен Канада, АҚШ, Жапония және Аустралия ерекше көзге түседі. Дамушы елдерде бұл керсеткіш өте төмен, тіпті жалпы өнімді аса көп өндіретін Қытай мен Үндістанда ол Канада және АҚШ-пен салыстырғанда 5—6 есе төмен.
Сол себепті ауыл шаруашылығының алдында әлі де оңтайлы шешімін таппаған мәселелер баршылық. Ең бастысы — халықты сапалы, құнарлы әрі арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету; айналадағы ортаны ластанудан қорғау және табиғат байлықтарын пайдалануды, жетілдіру.
Қазақстан үшін мал шаруашылығы дәстүрлі сала және тарихи тамыры тереңде жатыр. Барлығымыздың есімізде, Қазақстанда миллиондаған бас мал болған және мал шаруашылығы өнімдерін, әсіресе, ет өндіру бойынша еліміз Еуразия континентінде көшбасшы дәрежесіне жеткен. Жайылымдардың кеңдігі мен табиғи жағынан әралуандығы малдың әр түрлерін өсіру үшін әрқашан үлкен мүмкіндік берді.[3]
АУЫЛ ШАРУАПШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ АЛҚАПТАРЫН БОЛЖАУ
2.1. Ауыл шаруащылық алқаптардың аумағын болжау
Табиғи мал азықтық ауыл шаруашылықтық алқаптардың Қазақстан бойынша аумағы 183 млн.га, оның ішінде жасқсартылғаны 6 млн.га. Табиғи шабындық пен жайылымның жер отының өнімділігі мен сапасы климаттық жағдайға, әсіресе ылғалдыққа, су мен қамтамасыздығына байланысты болады.
Ауыл шаруашылық пайдаланымдардың құрамында табиғи мал азықтың алқаптарының үлесі солтүстіктен оңтүстікке қарай өседі; орман-далалы (лесостепная), запада – 44%, құрғақ далалы (сухостепная) – 57%, шөлейт (полупустынной зоне) – 82%.
Шөлейт және шөлді (батыс және оңтүстік аудандар). Табиғи жер оты өте сирек (беден), көбінесе эфимерлер. Өнімділігі 1.5-3 ц/га құрғақ, қарсыз мерзімі 250-280 күн, сондықтан жер отын қой мен жылқы бағуға жыл бойы пайдалануға болады.
Жайылымды ұйымдастыру мына қажеттіктерді шешу үшін жасалады:
1. малды далада жою мерзімінде үзбей көк шөппен қамтамасыз ету үшін;
2. жайылым жүйесінде әрқашан өзінің өнімділігін орнына келтіріп, жақсарту үшін;
3. малды алысқа айдамауды, мал азығын, өкімін тасу және адамдарды тасымалдау трнаспорттық шығынын азайту үшін;
4. малды семірту, өнімділігін жақсарту үшін.
Жайылымды ұйымдастыруды жобалау үшін өте көп деректерді жинау, оларды талдау керек. Мысалы геоботаникалық, су шаруашылықтың, агроклиматтық, гидротехникалық, гидрогеологиялық жағдайларын (вегетациялық уақытта жауын қей кезде жүі немесе аз жауады, жер асты суларының орналасу тереңдігі) және басқа өсімдіктердің өсуіне, өнуіле әсер ететін факторларда.[5]
Жайылымның территориясын ұйымдастыру дегеніміз:
жайылымды мал тобына бекіту;
отарлар мен табындарды, жазғы лагерлерді, мал суаратын орындарды орналастыру;
ауыспалы жайылым жүйесін орналастыру және оның территориясын ұйымдастыру;
кезегімен малды жаю, загондарға бөлу, мал айдау жолдарын орналастыру;
Жайылымды және шабындықты тиімді пайдалану үшін олардың территориясында ауыспалы жайылым жүйесі енгізіледі.
Жайылым типіне және шөптің өсіп шығу тездігіне қарай керекті жайылым және ауыспалы алқаптар схемалары таңдалып алынады. Мысалы әр зонада жайылым мерзімінде шөп бір-екі-үш рет өсіп шығып үлгереді. Сондықтан кейбір жерде жайылым мерзімінде мал бір-екі-үш рет жайылады. Шөл және шөлейттік жайылымды жыл бойы қой жаю үшін төрт танапты ауыспалы жайылым ұсынылады: 1) көктемде; 2) жазда; 3) күзде; 4) қыста.
Ауыспалы жайылымның әр танабы мал жайыларда загондарға бөлінеді.
Суландырылатын жерлерде көпжылдық мәдени жайылым 5-6 рет оталады және 3-5 жылда бір дем алынады.
Жайылымды ауыспалы жайылым жүйесінде пайдалану оның жер отының ботаникалық құрамын және табиғи өнімділігін сақтауға әсер етеді.
Жайылым территориясын ұйымдастыру загонның қолайлы көлемі мен санын, мал айдайтын жерлерді, суаратын және дем алдыратын орындарды анықтауға байланысты жасалады. Загонның қажетті көлемін есептеу үшін (бір отар қойға, гектар есебімен, мыналарды білу керек:
1. Мал жейтін азық массасының қоры (ц/га) және оның керектілігі;
2. Бір қойға және барлық отарға тәулігінде қажетті азық мөлшері;
3. Бір загонда жаю ұзақтығы.
Маусымдағы жайылым кезенінің ұзақтығы, отардың загонда болу мерзімі, отардағы малдың саны туралы мәліметтерге сүйене отырып маусымға қарай загонның санын және тұтастай алғанда ауыспалы жайылым бойынша оңай есептеп шығаруға болады. Мысалы, көктемдегі маусымның ұзақтығы 60 күн және бір отардың загонда болу ұзақтығы 6 күн болғанда көктемде жайғанда көлемі 61 гектардан 10 загон, жазда жайғанда 40 гектардан 15 загон және күзде жайғанда 51 гектардан 15 загон қажет болады.
Сөйтіп ауыспалы жайылым жыл маусымдарына қарай шығымдылығы мен шөбінің желінгіштігіне байланысты көлемі әр түрлі (61, 40,51) 40 загоннан тұрады. Загонның орташа мөлшері 50га.
Загонның тік бұрышты болғаны жақсы, мұндай загонның ұзындығы көлденеуінен бір жарым – екі есе үлкен болады. Жайлымдардың әртџрлі типінде загонның ұзындығы мен кљлденењі бірдей емес. Біздің жағдайымызда 700 қойдан құралған отар үшін орташа загонның көлемі 1000х500м (50 га) болуы керек. Загонның пішіні, оның көлемі мен орналасуы қойды жайылымнан суатқа, тынықтыратын орынға айдап әкелудегі артық жүрісті болдырмауы, сондай-ақ жайылымдық жерді пайдалануға байланысты қолданылатын техниканы тасуѓа ыңғайлы болуы қажет. Жан-жағы қоршалған жайылымдарда суат көздері ашық сулар, шахталы және титікті құдық, ал мүмкіндігіне қарай арнайы су құбырлары болуы тиіс. Қой бір күнгі жайылым кезінде орта есеппен 4-5 литр су қажет етеді. 300 қойдан құралған отарға бір күнде 1200-1500 литр су керек. Жайылымда тұрақты су көздері болмаған жағдайда мұндай мөлшердегі су тасып беру арќылы ќамтамасыз етіледі.
Қойды суаруға арналған астаудың алып жүруге ыңғайлы болғаны дұрыс. Оларды загонның шетіне, яғни оның бір жағы мал жүріп өтетін жаққа қаратылып орнатылады.
Жайылымды қойды тынықтыратын орын бөлінуі тиіс және негізгі мал өтетін территория қалқан мен қоршалуы керек. Қоршау жайылым территориясын тиімді пайдалануға жағдай жасайды, табиғи және екпелі шөптердің шығымдылығын, 1 гектардан түсетін өнім мөлшерін көбейтеді, сөйтіп, шопанның еңбек өнімділігін арттырып, еңбегін түбелікті өзгертіп, жақсартады. Қоршау құрылысын Жерге орн-ру Мем.ҒЗО институты жасаған «Мәдени жайылымдарда арналған қоршау құрылысын салу элементінің жобасына» сәйкес салу қажет.[4]
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, Қазақстанда көптеген өңірлерде жемшөп дайындау үшін қолайлы ауа райы жағдайлары байқалады. Қазірдің өзінде фермерлер
Достарыңызбен бөлісу: |