Байланысты: «География» п ні бойынша к нтізбелік та ырыпты жоспар а-сынып О
Типтік оқу бағдарламалары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 3 сәуірдегі № 352 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); (2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); Тақырыптық – күнтізбелік жоспарды жасау кезінде «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдар басшылыққа алынды. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты І тоқсанға бір БЖБ, тоқсанның соңында бір ТЖБ енгізілді. 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаухат.
География интеграциялық ғылым ретінде қамтиды жаңа салаларды қамтиды. География пәнінің мұғалімі жұмысы енді ақпараттық технологиялар мен геоақпараттық жүйелермен тығыз байланысты.
«География» пәнінің мақсаты – оқушылардың қоғам мен географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерінде туындаған геоэкологиялық, геоэкономикалық, әлеуметтік, геосаяси және ғаламдық проблемаларды шешуге бағытталған географиялық білімдерін, біліктері мен дағдыларын қолдану үшін жағдай жасау.
Пәннің міндеттері:
оқушылардың бойында географиялық кеңістіктік ойлауды, географиялық мәдениет пен тілді дамыту;
геоэкологиялық, геосаяси, геоэкономикалық, әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды зерттеу үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті ұстанымдардың түсінуін дамыту;
оқушыларға картографияны, геоэкологияны, геоэкономиканы, геосаясатты, елтану мен адамзаттың ғаламдық проблемаларын зерттеу барысында геокеңістіктік деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолдану үшін жағдай жасау;
оқушының бойында қазіргі дүниенің географиялық көрінісін іс-әрекеттер арқылы зерттеп-тану барысында құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
геокеңістіктік әдістер және деректермен жұмыс істейтін мамандық пен кәсіп иелері атқаратын әрекеттерді орындату арқылы оқушыларға кәсіби бағдар беру.
«География» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты;
2) Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныпта – аптасына 1 сағатты,
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
«География» оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді қамтиды:
1) географиялық зерттеу әдістері;
2) картография және геоинформатика;
3) табиғатты пайдалану және геоэкология;
4) геоэкономика;
5) геосаясат;
6) елтану;
7) адамзаттың ғаламдық проблемалары.
Оқу пәнінің 10-11-сыныптарға арналған базалық білім мазмұны: «Географиялық зерттеу әдістері», «Картография және геоинформатика», «Табиғатты пайдалану және геоэкология», «Геоэкономика», «Геосаясат», «Елтану», «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» тақырыптарын қамтиды. Оқыту «шиыршықты» принциптің негізінде оқыту мақсаттарын кеңейту, күрделендіру арқылы жүзеге асырылады.