География пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге және кешенді тестілеуге арналған тест спецификациясы



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата26.02.2022
өлшемі228,13 Kb.
#133471
1   2
Байланысты:
Geografiya

Бөлім 
№ 
Тақырып 
№ 
Тақырыпша 
01 Дүние жүзінің 
физикалық 
географиясы 
01 Физикалық 
география
01 Жер – Күн жүйесінің 
ғаламшары. План және 
карта 
02 Жер қабықтары 
03 Географиялық қабық. Жер 
бетіндегі адамзат 
02 Материктер мен 
мұхиттар 
географиясы 
01 Жер шары табиғатының 
негізгі ерекшеліктері 
02 Материктер мен мұхиттар 
географиясының алуан 
түрлілігі 
03 География. Дүние 
жүзіне жалпы 
шолу 
01 Жалпы географиялық 
заңдылықтар 
02 Қазақстан 
географиясы 
01 Қазақстанның 
физикалық 
географиясы 
01 Қазақстан аумағының 
географиялық зерттелу 
тарихы 
02 Қазақстан табиғатының 
жалпы физикалық-
географиялық сипаттамасы 
03 Қазақстанның ірі 
географиялық аудандары 
04 Табиғатты қорғау және 
табиғат қорларын тиімді 
пайдалану 
02 Қазақстанның 
экономикалық 
және әлеуметтік 
географиясы 
01 Қазақстанның 
экономикалық және 
әлеуметтік географиясы пәні 
02 Халқы және еңбек 
ресурстары 
03 Салааралық кешендер 
географиясы 
04 Экономикалық аудандары. 
Қазіргі дүниедегі Қазақстан 
03 Дүние жүзінің 
экономикалық және 
01 Дүние жүзінің 
экономикалық 
01 Дүние жүзінің саяси 
картасы, тұрғындар 


әлеуметтік 
географиясы 
және әлеуметтік 
географиясы 
географиясы, табиғат 
ресурстары 
02 Дүниежүзілік шаруашылық 
географиясы. Ғылыми- 
техникалық революция.
03 Адамзаттың ғаламдық 
проблемалары
02 Дүние жүзіне 
аймақтық шолу 
01 ТМД елдері 
02 Еуропа елдері 
03 Азия елдері 
04 Америка елдері 
05 Африка елдері. Аустралия 
және мұхиттық аралдар 
04 Функционалдық 
сауаттылық 
01 География курсы 
бойынша есептер 
01 География курсы бойынша 
есептер 
02 Функционалдық 
сауаттылық 
01 Функционалдық сауаттылық 
 
3. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: 
Физикалық географияның бастапқы курсы – Жердің табиғаты және пішіні жайлы 
білім мен көзқарастардың өзгеруін, саяхатшылар мен зерттеушілердің қосқан үлесін, 
саяхаттардың негізгі бағыттарын; Жер, Күн, Күн жүйесі, Ғалам, Жер планетасы және 
оның ерекшеліктері (пішіні мен мөлшері) жайлы негізгі жаратылыстану ғылыми 
ұғымдарын; масштаб, жергілікті жердің планы, азимут ұғымдарын, жергілікті жерді қағаз 
бетіне түсіру әдістерін; литосфера, жер қыртысы, жер бедері және Жер бетінің әртүрлілігі 
жайлы ұғымдарды; материктер мен Мұхит түбі жер бедерінің негізгі пішіндерін; сыртқы 
және ішкі үдерістердің әсерінен материктер мен мұхиттар жер бедерінің өзгеруін; 
гидросфераның құрамдас бөліктері (мұхиттарды, құрлық суларын, атмосферадағы суды, 
олардың түрлерін); атмосфера жайлы (температура, жел, ауа массалары, атмосфералық 
жауын-шашын, ауаның ылғалдылығы, атмосфералық қысым, ауа райы, климат, климат 
құрушы факторлар ұғымдары мен терминдерін); биосфера ұғымын білуі тиіс. 
Физикалық география, материктер мен мұхиттар – материктер, дүние бөліктері және 
мұхиттардың аудандарының ара қатынасын; жер қыртысының құрылысын, жер бедері 
(рельеф) ұғымын, рельефтің жер қыртысы құрылысына тәуелділігін, құрлық және мұхит 
түбі жер бедерінің негізгі пішіндерін; Жердің климаттық белдеулерін; атмосфера 
құрамының және Жер климатының қалыптасуындағы Дүниежүзілік мұхиттың рөлін; 
мұхиттардың географиялық бейнесін, максималды және орташа тереңдігін, мұхит түбі 
жер бедерінің ерекшеліктерін; материктер және олардың жеке бөліктерін зерттеушілерді; 
материктер және олардың жеке бөліктері ресурстарының негізгі түрлерін; Антарктида 
табиғатының адамзат қоғамының дамуына, Жер табиғатындағы ғаламдық үдерістерге 
тигізетін әсерінің маңызын білуі тиіс. 
Қазақстанның физикалық географиясы – Қазақстан Республикасының географиялық 
орнын, шекараларын, шеткі нүктелерін; геохронологиялық кестені, геологиялық жыл 
санау ұғымын; рудалы және рудасыз пайдалы қазбалардың орналасуының негізгі 
заңдылықтарын; климат қалыптастырушы факторларды; елдің аумағындағы және оның 
жекелеген бөліктеріндегі климат жағдайы мен ресурстарын, олардың адам өмірі мен оның 
шаруашылық әрекетіне әсерін; өзен режимінің, қоректенуінің, жылдық ағынының аумақ 
климаты ерекшеліктерімен байланысын; елдің негізгі өзендер, трансшекаралық және 
көлдер жүйесін, ондағы экологиялық проблемаларды; ірі аудандар шегіндегі табиғат 
компоненттерінің өзара байланысының ерекшеліктерін; табиғат ресурстарының негізгі 
түрлерін; координаталарды, бағыттарды, қашықтықты, биіктікті анықтауды; карталардың 
көмегімен климатқа талдау жасау: жиынтық радиацияны, атмосфералық жауын-шашын 


мөлшерін, олардың режимін, қаңтар және шілде айларының орташа температурасын, 
ылғалдану коэффициентін анықтауды білуі тиіс. 
Қазақстан Республикасының экономикалық географиясы – экономикалық 
жүйелердің түрлерін; экономикалық-географиялық жағдайдың түрлерін; Қазақстан 
халқының орналасуын, санын, табиғи өсімін және ұдайы өсуін; халықтың табиғи өсімін, 
ұдайы өсуін, құрылымын, урбандалу дәрежесін есептеуді және қорытындыны 
тұжырымдауды; мұнай, газ, көмір алаптарының ірі кен орындарын, темір рудасы кен 
орындарын, түсті металдар, химия және құрылыс өнеркәсібі шикізаттарының ірі кен 
орындарын; ірі электр стансаларын, негізгі металлургия базаларын, металлургия, ауыр 
және еңбекті көп қажет ететін машина жасау, ауыл шаруашылық, көліктік машина жасау, 
мұнай өңдеу орталықтарын, химия зауыттарын, негізгі көлік магистральдарын; ауыл 
шаруашылық өнімдерінің түрлерін шығаратын негізгі аймақтарды; экономикалық 
аудандастыру, географиялық еңбек бөлінісі, экономикалық-географиялық жағдайы, 
өнеркәсіп 
торабы, 
аумақтық-өнеркәсіптік 
кешен, 
кластер 
және 
технопарк 
ұғымдарын;экономикалық аймақтардың «экономикалық жүзін» анықтайтын негізгі 
маманданған салаларын, аумақтық-өнеркәсіптік кешенін (АӨК), өнеркәсіп тораптарын 
және қалаларын; карталардың өлшеуіш ресурстарын қолданып есептер шығаруды 
(масштаб пен градус торын қолданып қашықтықты, бағытты, шеткі нүктелердің және 
жекелеген елді мекендердің географиялық координаталарын, абсолюттік және 
салыстармалы биіктіктерді анықтау); жергілікті және белдеулік уақытты анықтауға 
арналған есептер шығаруды білуі тиіс. 
Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы - тарихи-географиялық 
аймақтарды, дүниежүзі саяси картасының қалыптасу кезеңдерін; мемлекеттік және дүние 
жүзі елдерінің әкімшілік-аумақтық құрылымының формаларын, тәуелсіз мемлекеттерді, 
тәуелді аумақтарды және қазіргі кездегі дүниежүзі елдері типтерін;саяси қарым-қатынас 
және олардың негізгі бағыттары ұғымдарын, Қазақстан Республикасының көршілес және 
алыс шетел елдерімен қарым-қатынасын; Жер шары халқының санын және олардың 
орналасуын; табиғатты пайдалану, географиялық орта, қоршаған орта, ресурспен 
қамтамасыз етілу ұғымдары туралы; экологиялық проблемаларды шешудің негізгі 
бағыттарын; ҒТР ұғымы (негізгі белгілерін, құрамдас бөліктерін, техника мен 
технологияның даму жолдарын, шаруашылық дамуының негізгі бағыттарын және ҒТР 
жағдайында шаруашылықтың салаларын орналастыру факторларын); дүниежүзілік 
шаруашылық, оның дамуының негізгі кезеңдері, халықаралық географиялық еңбек 
бөлінісі, халықаралық экономикалық ықпалдастық, экономиканың түрлері ұғымдарын; 
ТМД елдерін, көршілес, алыс шет елдер, кедендік одақ ұғымдарын; Азияның, Шетелдік 
Еуропаның, Американың, Африканың тарихи-географиялық аймақтарын, жетекші елдерін 
және олардың астаналарын; Шетелдік Еуропаның ірі елдерінің экономикалық-
географиялық жағдайына, табиғат жағдайлары мен ресурстарына, халқына, урбандалуына, 
шаруашылығына, ішкі айырмашылықтарына, экономиканың негізгі және экспорттаушы 
салаларына тән сипатын; Аустралия және Мұхит аралдары елдерінің экономикалық-
географиялық жағдайына, табиғат жағдайлары мен ресурстарына, халқына, урбандалуына, 
шаруашылығына, ішкі айырмашылықтарына, экономиканың негізгі және экспорттаушы 
салаларына тән сипатын; Америка елдерінің экономикалық-географиялық жағдайына, 
табиғат жағдайлары мен ресурстарына, халқына, урбандалуына, АҚШ мегалополистеріне, 
шаруашылығына, ішкі айырмашылықтарына, экономиканың негізгі және экспорттаушы 
салаларына тән сипатын; Африканың ірі елдерінің экономикалық-географиялық 
жағдайының, аймақтарының табиғат жағдайлары мен ресурстарының, халқының, 
урбандалуының, аймақтар бойынша шаруашылықтың ішкі айырмашылықтарының, елдер 
экономикасының көпсалалы және бірсалалы мамандану салаларының, олардың 
халықаралық географиялық еңбек бөлінісіндегі орнының өзіндік сипатын білуі тиіс. 
 
 


4. Тапсырма формасы: 
Тест ұсынылған бес жауап нұсқасынан бір ғана дұрыс жауапты таңдауға арналған 
20 тест тапсырмасынан және бірнеше жауап нұсқасынан бір немесе бірнеше дұрыс 
жауапты таңдауға арналған 10 тест тапсырмасынан тұрады.
5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау: 
Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы дұрыс орындалғанда 1 балмен, дұрыс 
орындалмағанда – 0 балмен бағаланады. 
Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар (3 дұрыс жауаптан артық емес) тест 
тапсырмалары төмендегідей жолмен бағаланады: 
- бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауапты таңдағанда екі балмен;
- бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында дұрыс жауапты және бір дұрыс емес 
жауапты таңдағанда бір балмен;
- бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі немесе одан да көп дұрыс емес 
жауапты таңдағанда нөл балмен;
- екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты таңдағанда екі 
балмен;
- екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында бір дұрыс жауапты таңдағанда бір 
балмен;
- екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында бір дұрыс жауапты және бір дұрыс 
емес жауапты таңдағанда бір балмен; 
- екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты және бір дұрыс емес 
жауапты таңдағанда бір балмен; 
- екі дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі немесе одан да көп дұрыс емес 
жауапты таңдағанда нөл балмен;
- үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында үш дұрыс жауапты таңдағанда екі 
балмен;
- үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты таңдағанда бір 
балмен;
- үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында екі дұрыс жауапты және бір дұрыс 
емес жауапты таңдағанда бір балмен; 
- үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында үш дұрыс жауапты және бір дұрыс 
емес жауапты таңдағанда бір балмен; 
- үш дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында тек бір дұрыс жауапты немесе екі және 
одан да көп дұрыс емес жауапты таңдағанда нөл балмен бағаланады.
Тест тапсырмасы толығымен орындалғанда түсуші 40 балл жинайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет