Үшінші бағыт – энергетикалық шаруашылықтың қайта құрылуы. Ол энергияны үнемдеу, отын-энергетикалық баланс құрылымын жетілдіру, жаңа энергия көздерін пайдалануға негізделген. 90-жж-дың соңында дүниежүзінде 450 ядролық энергоблоктар жұмыс істеген. Бұл сала АҚШ, Франция, Жапония, Германия, Ресей және Украина елдерінде дамып жатыр. Бірақ, соңғы уақытта, мүмкін болатын экологиялық салдарды ескере отырып, көптеген елдер АЭС құрастыру бағдарламаларын азайтуда.
Төртінші бағыт – жаңа материалдарды өндіру. Қазіргі өнеркәсіпте дәстүрлі қара
57
және түсті металдардан басқа, синтетикалық полимерлер пайдаланылады. Сонымен бірге, жаңа керамикалық, оптикалық талшық, «20-ғасыр металдары», яғни бериллий, литий, титан және т.б. материалдар қолданылады.
Бесінші бағыт – биотехнологияның жедел дамуы. Бұл бағыт 70-жж пайда болды, бірақ ең перспективалы болып табылады. Биотехнология мен биоиндустрия АҚШ, Жапония, Германия, Францияда сәтті дамуда. Биотехнология технологиялық мақсаттарда тірі ағзаларды пайдалану және гендік инженерия арқылы тірі ағзаларды жасау мүмкіндіктерін зерттейді. Қазіргі заманғы әдістер арқасында дәстүрлі биотехнологиялық өндірістер азық-түлік сапасын арттыру мен тірі ағзалардың өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді. 1971 жылға дейін «биотехнология» термині көбінесе тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында пайдаланылды. 1970 жылдан бастап ғалымдар бұл терминді рекомбинантты ДНҚ және өсірілетін жасушаларға қатысты да қолданылады. Биотехнология генетика, молекулярлы биология, биохимия, эмбриология мен жасушалық биологияға негізделеді.
Алтыншы бағыт – космизация. Космонавтиканың дамуы тағы бір жаңа, ғылымды көп қажет ететін сала – аэроғарыштық өнеркәсіптің пайда болуына әсер етті. Ғарыштық державалар болып АҚШ, Ресей және Қытай табылады. Еуроодақ пен Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Украина, Израиль, Бразилия, Иран және т.б. елдерде де ғарыштық бағдарламалар бар. 2013 жылы 40-тан астам ел Жердің жасанды серіктеріне ие болды. Пилотталатын ғарыштың ұшулардың ең қымбат бағдарламасы америкалық Space Shuttle болды. Шығыны бойынша екінші орында – Дүниежүзілік
ғарыштық станция (МКС). Жеке космонавтика дамып келе жатыр. 2012 жылдың 8-қазанында америкалық бизнесмен Илон Масктың басқаруындағы америкалық SpaceX компаниясы алғашқы пилотсыз Dragon ғарыштық кемесін ұшыртты.
Электр-
|
Кешенді
|
Энергетикалық
|
Жаңа
|
Био
|
Ғарыш-
|
лендіру
|
автоматтан
|
шаруашылықты
|
материалдард
|
технология
|
тандыру
|
|
-
|
ң қайта
|
ы өндіру
|
-
|
|
|
дыру
|
құрылуы
|
|
ның жедел
|
|
|
|
|
|
дамуы
|
|
|
|
|
|
|
|
Сенің ойыңша қай бағыт маңызды? Пікіріңді дәлелде
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |