3.
Күтілетін нәтиже
Біледі:
географияның, геоинформатиканың, геоэкологияның, табиғатты пайдаланудың,
геосаясаттың, геоэкономиканың негізгі категорияларын; геоэкологиялық, экономикалық-
географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық және саяси карталардың
ерекшеліктерін; табиғатты пайдаланудың географиялық ерекшеліктері мен заманауи
проблемаларын; геосфераларға антропогендік әсердің кӛздерін, факторларын және
себептерін; табиғатты қорғау шараларының жүйесін және негізгі бағыттарын; табиғатты
пайдаланудың заманауи жіктеуінің түрлерін мен типтерін және табиғатты тиімді
пайдаланудың жалпы қағидаттарын; халықтардың ӛмір сүру деңгейі мен сапасының
айырмашылықтарын; жекелеген аймақтар мен елдер шаруашылығының салалық және
аумақтық құрылымының географиялық ерекшеліктерін; жекелеген аймақтар мен елдердің
географиялық ӛзгешеліктерін, олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, халықаралық
географиялық еңбек бӛлінісі жүйесіндегі мамандануы бойынша айырмашылықтарын;
дүниежүзінің заманауи саяси картасының мазмұнын; дүниежүзілік шаруашылықтың даму
кӛрсеткіштерін; мемлекеттік аумақтың құрылымын және мемлекеттік түрлерін; мемлекеттік
шекараларды, олардың түрлері мен серпінін; Қазақстан Республикасының заманауи геосаяси
және геоэкономикалық жағдайының ерекшеліктерін; Қазақстанның аймақтық, халықаралық
саяси процестерге, халықаралық географиялық еңбек бӛлінісіне, қатысын; адамзаттың
ғаламдық проблемаларының географиялық аспектілерін.
Түсінеді:
дүние жүзінің заманауи экономикалық-географиялық және саяси-географиялық
кӛрінісін; географияның басқа ғылымдармен интеграциялану қажеттілігін; геоэкологиялық,
әлеуметтік, геоэкономикалық және геосаяси процестердің ерекшеліктері мен серпінін;
«табиғат - халық (қоғам) - шаруашылық (экономика)» географиялық жүйесінің тұтастығы
мен тұрақтылығын; табиғи ортаға антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын;
қоршаған ортаны қорғауда ғылыми-техникалық прогрестің рӛлін; адамның ғаламдықтан
жергілікті деңгейге дейінгі географиялық (қоршаған) ортасын қалыптастыратын және
ӛзгертетін табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторларды; ӛмір сүру сапасының
қоршаған табиғи орта сапасынан тәуелділігін; ғаламдану жағдайында ірі аймақтар мен
елдердің географиялық ерекшеліктерін; заманауи интеграциялық және геосаяси
процестердің маңыздылығы мен мәнін; геосаяси субъектілердің рӛлі мен ықпал ету
аймақтарын, ӛзара әрекеттесу сипатын, дүние жүзінің геосаяси аудандастырылуын;
адамзаттың ғаламдық проблемаларының себептері мен оларды шешу жолдарын.
Достарыңызбен бөлісу: |