Тапсырманың түрлері: КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.