География пәнінің жаңа оқыту технологиясы
Еліміз тәуелсіздік алғалы жас қауымға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп жатқандығы айқын сезіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 науырыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Жолдауында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Оеспубликасында білім беруді дмытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзіретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруге назар салып айтқан болатын.
«Білім берудегі жаңа технология» АҚШ-та 40-жылдары пайда болды. Алғашқы кезде жаңа техникалық құрал жабдықтарды (инженерлік ақыл-ойдың жетістіктерін) оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мағанасында қолданылып жүрді. Кейінірек «Оқыту технологиясы» дегеніміз ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде оқыту қызметін оңайландыру мағанасы ие болды.
Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» оқытушының практикалық қызметіне іске асатын (моделі). Қазір дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру жүріп жатыр. Солардың бірі үздіксіз географиялық білім беру, оның алдына қойған негізгі мақсаты:
Біріншіден, адамдардың өмірінің әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасау;
Екіншіден, адамдардың өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен қызмет етіп, тез өзгергіш өмірге бейімделуіне жағдай жасау;
Үшіншіден, оқушыладың жаңалықтарды тез қабылдауын қалаптастыру. Жаңалықтарды өмірде қолдана білуге үйрету.
Жалпы білім беру жүйесіне енгізілген жаңалыққа оқушыладың білімін тексеруде:
-топпен жұмыс істеуді ұйымдастыру
-оқушының өзін-өзі тексеруі
- оқушылардың бірін-бірі тексеруі
- оқытудың модельді жүйесі
- дарынды балалармен жұмыс істеудің жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану жатады.
Соңғы жылдары көптеген мектептерде оқытудың жаңа формасы – блокпен сабақ беру іске асырылуда. Блок түрінде оқытқанда оқытудың арнайы міндеті, тәрбиелеу және дара тұлға тәрбиелеу бірден іске асады.
Оқу материалын блокпен немесе модульмен беру көптеген географиялық, экологиялық, экономикалық проблемаларды біртұтас беруге мүмкіндік туғызады.
Блок (модуль) ҚР Білім және Ғылым министрлігі бекіткен оқу бағдарламасы негізінде жүргізіледі.
География сабағына қажетті көрнекілік, жаңаны тану ретінде де, ой немесе әңгімені елестету үшін де, аңғарымдылығын дамыту үшін де, материалды еске сақтау үшін де қолданылады. Көрнкілік құралдар оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа білімді хабарлаған кезде, кейде мұғалім жаңа білімді хабарлауы орнына (мысалы, кинофильмді көрсету, тәжірибе жасау); білімді орнықтыру жәнеіскерлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде үйге берілген тапсырмаларды орындаған кезде сызбаларды сызу, кестелерді жасау, суреттемелерді орындау және т.б.; меңгеруді бақылаған кезде (мысалы, карта, кесте бойынша айтып беру, аспаптар құрлысын түсіндіру). Көрнеккілік оқушылардың жас ерекшілігін ескере отырып пайдаланылады.
Әлеуметтік тәжірибені, ақпараттарды игеруде, ұрпақпар арасындағы рухани құндылықтардың бір-біріне берілуін сақтауда, тұлғаны әлеуметтендіруде, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеруде – білімнің орны ерекше. Қазіргі білім – азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі дежан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі. Кез келген кәсіптегі маманды қалыптастыруда мамандыққа сай білім алу қаншалықты өткір мәселе болса, сонымен қатар «жеке маман тұлғаны» өзіндік дамытуда оны шығармашылықпен терең іргетасын дайындау соншалықты алғышарт.
Білім беру жүйесіндегі негізгі талап – сабақта білім берудің жаңа технологиясы әдістерін қолдана отырып, халықтық педагогикамен ұштастыру және оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын деңгейге жеткізу. Соңғы кезде мектеп оқушыларының оқу пәндеріне деген қызығушылығы мен белсенділігі әр түрлі себептерге байланысты біршама төмендеп барады. Оқушы мұғалімнің сабақ кезінде берген материалдарын түсініп, келесі сабақта ең үлгірімі нашар оқушының білімі «үш» — деген бағаға сай келу керек екендігін өмір дәлелдеп отыр. Үлірімі нашар оқушыларды осындай дәрежеге жеткізу үшін сабақ кезінде мұғалім мен оқушы арасында жақсы қарым-қатынас байланысы болу қажет. Сабақ кезінде әр оқушы пән мұғалімімен бірге сабақта берілетін материалдарды бірлесіп талқылап, тұжырымдап, қорытындылап және кейбір жағдайда мұғалімнің айтайын деген ойын әрі қарай жалғастырып отыратын күйге жеткен кезде ғана тақырыптың негізгі мазмұны түсінікті болуы мүмкін. Мұғалім мен оқушылардың байланысы 45 минут ішінде үзілмеуі баланың пәнге деген белсенділігі мен қызығушылығын арттырады. Оқу үрдісін мұндай деңгейге жеткізу үшін, мұғалім өз ісінде ең жоғарғы шеберлігін көрсетіп, бар ынта-шынтысымен әр түрлі әдістерді қолдана отырып сабақ өткізіп, маңдай терін төгуді қажет етеді. Көп жағдайда сабақтың жақсы немесе нашар өтуі мұғалімнің ұйымдастыру кезеңін дұрыс, біркелкі ретке келтірмегендігіне де байланысты.
Қазақстанда қазір білім берудің ұлттық моделін орнату жүріп жатыр. Бұл процесс білім беру парадигмасының өзгеруімен қатар жүріп жатыр (парадигма грек тілінен «мысал, үлгі». Теориялар мен әдістемелердің негізгі жетістіктерінің жүйесі үлгіге алына отырып білім және пән бойынша зерттеу практикасы ұйымдастырылуда.
Жаңа білім беру парадигмасы бала тұлғасын, білім, оқыту, тәрбиелеу арқылы дамытуды бірінші орынға қояды.
Жалпы білім беретін мектептердегі жұмыс барысында болып жататын өзгерістер оқытуда, оқушылардың оқу әрекетінде де дәстүрлі түрлерін өзгертуді және жаңа түрлерін пайдалануды ұсынады. Бүгінгі күні теорияда және жұмыс практикасында оқыту-тәрбиелеу процесінің көптеген нұсқалары бар. Әрбір автор және орындаушы педагогикалық процесіне өзінің жеке ойларын, түзетулерін енгізеді. Соған байланысты әрбір нақты технология авторлық болып саналады.
Оқыту технологиялары — жоспарлау, жүйелеу әдісі. Оқытудың тиімді формаларына жету үшін адамдық және техникалық ресурстарды меңгеру керек және олардың өзара байланысын ескере отырып білімді процесте қолдана білу қажет.
Оқыту технологиялары – оқыту мақсаттары тиімді іске асуын қамтамасыз етуі керек; әрбір педагог кез келген білім беру мекемесінде пайдалана алатындай болу керек; оқытудың жаңа технологияларының психологиялық мәні – оқыту үрдісін жоспарлау керек немесе оқыту психологиялық бағытталған болуы қажет.
Оқу процесінде қолданылатын ең тиімді технологиялардың бірі – оқу жүйесі арқылы іске асатын педагогкалық технологиялар болып табылады. Бұл жағдайда оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ өзгереді. Оның өзгеруі мектептің білім беру тұжырымдамасының згерімен байланысты. Сабақтың басты мақсаты – ұстаз оқушыларға білім беру кекрек болатын, ал мұнда оқушыларды өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге жүйелі түрде баулу болады.
Қазіргі сабақтардың ерекшеліктері бірлесе жұмыс істеу атмосферасы, оқушылармен қарым-қатынастыағы өзгеріс, оларды оқуға, ұстаз еңбегіне араластыру. Сондықтан да ұстаз сабақ барысында күшін оқушылардың танымдық әрекетін өздігінен ұйымдастыруды үйретуге жұмсайды. Егер де сабақты шығармашылық бағытта өткізсе, сабақ біркелкі, күнделікті, жалықтыратындай болмайды. Ол әрекеттің әр түрлі формаларын қамтуы керек, сондықтан сарамандық сабақты саяхат-сабақ, конференция –сабақ түрлерінде өткізуге болады. Осылайша, сабақты өзгертудің бір бағыты – сабақтың негізгі дидактикалық бағыттарының ерекшеліктері бойынша ғана емес, оның өткізу тәсілдеріне де байланысты.
Соңғы кезде сарамандық сабақтарды ойын түрінде өткізілетін сабақтар көп қолданылуда. Географияны оқыту әдістемесінде дидактикалық танымдық ойындар бұрыннан белгілі, бірақ бүкіл сабақта қолданылмады (тек психологиялық, физикалық шаршағанды басу үшін эпизодтық түрде қолданылды). Сарамандық сабақтардағы ойын әрекеттері танымдық әрекеттермен қатар оқу үрдісініңнегізі бола алады. Оқыту барысында ойындар әрқашан оқу материалдарымен байланыста болады, әрі оқушыларды қызықтыратын жағдай туғызады. Ол оқушыларға оқу мәліметтерін тез әрі жеңіл қабылдауға көмектеседі.
Дидактикада оқыту әдістемесі деп – мұғалімнің басшылығымен оқушылардың білім, білік, дағды, дүниетануы, танымдық қабілеттерін дамытуды айтамыз.
Қазақстан Республикасы «Білім беру» туралы заңы бойынша вариативтілік ұстанымды бекітілген. Педагогтерге, ұстаздарға оқытудың тиімді әдістерін пайдалануға, оқу процесін кез келген модель бойынша (авторлықты қоса) құруға мүмкіншіліктер жасалған.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде оқу-тәрбие жұмыстарының теориясы мен практикасында қолданылатын технологиялар мен оқыту жүйесінің төрт түрі ерекшеленеді:
1. дәстүрлі, негізінде ассоциативті-рефлекторлы таным теориясының тұжырымдамасы жатыр.;
2. тұлғалық-бағытталған, демократиялық және ізгіліктік принциптеріне негізделген;
3.коммуникативті, бұл педагогикалық бірлесе жұмыс істеудің негізін қалайды;
4. ойындық, оқыту мен тәрбиелеудің жеке және ұжымдық формаларымен үйлесетін танымдық әрекеттерді белсендіру принципі негізге алынған.
Ең жақсысы – көрсетілген оқыту жүйелерінің барлығы үйлесімді болуы керек. Бірақ қазір қоғамға ерекше, денсаулығы мықты, қызықты, ойшыл, тәуелсіз тұлғалар қажет. Осылайша, жаңа технологиялар оқыту процесін радикалды өзгертуі мүмкін. Оның мақсаты – оқушыларды оқу барысында қуанышқа бөлеу, жүректерінде өздерін бағалай білетін сезім тудыру болып табылады.
«Педагогикалық технология» түсінігі ғылыми күнделікті қолдануға терең енгенімен, мағанасы әр түрлі талқыланады. Сонымен бірге барлық түсіндірмелердің түпкі тамыры біреу екнін байқауға болады. Ол мына дефинициядан байқалады: «Педагогикалық технология дегеніміз – бұл білім беру мақсаттарымен біріктірілген пән мен әдістемелердің күрделі және ашық жүйелері; оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру әдістемелері мен міндеттері өзара байланысты.».
Географияны оқыту барысында тақырыпты меңгеру деңгейі мына жағдайларда жоғарлайды:
— ойындар өткізу әдістемесінің теориялық негізін жасауда география курсының сызықтық-сатылық логикасы ескеріледі;
— ойындар мектеп курсындағы негізгі экономикалық және экономикалық-географиялық түсініктерді Ашу және қалыптастыру үшін өткізіледі;
— ойынды өткізу процесінде оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыратын әдістер мен құралдар қолданылады;
— берілген иммитациялық ситуацияда шешем қабылдау ұстанымдары ашылады.
Географияны оқыту әдістемесінде қолданылатын жаңа
технологиялар және олардың тиімділігі
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – алған білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген.
Бүгінгі ғылыми прогресс дамыған заманда мұғалім бір орнында тоқтамай үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс. Қазіргі таңдағы өндірістік қоғам дамуының аса маңызды сипатының бірі-ақпараттық технологияның халық шаруашылығының барлық саласына, соның ішінде білім беру саласына енуі білім беру ісінде елеулі өзгерістердің енуіне әсер етті. “Оқытудың ақпараттық ортасы” термині ақпарттық ортаны пайдаланудың сапалық өзгерісіне байланысты өзекті болып отыр. Ақпарттандыру ұғымы компьютерлік технология және компьютерлендірумен тығыз байланысты. Ақпараттық технологияның компьютерлік технологиясыз іске асуы мүмкін емес. Барлық дамыған елдерде оқытудың компьютерлік технологиясы пайдаланылады. Себебі, біріншіден, оқытуда бұл технологияны пайдаланбау оқыту процесінің қарқындылығынң төмендеуіне әсер етсе, екіншіден, қазіргі уақыттағы ақпарат көлемінің ұлғаюына байланысты [1].
Компьютерді білім сапасына пайдаланудың алғашқы эксперименті алпысыншы жылдарға сай келеді. Алғашында автоматтандырылған оқыту курсының пайда болуы, одан кейін автоматтандырылған оқыту жүйесі. Ал, қазіргі уақытта дербес компьютердің пайда болуы білім беру саласына оң өзгерістер енгізуде.
Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру еліміздің экономикасын, мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғы шарты. Ал, осы мәселені шешудегі басты роль мектепке жүктеледі. Оған дәлел Қазақстан Республикасының президентінің 1997 жылғы “Орта білімді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасының” қабылдануы. Қазіргі кезде еліміздегі орта білім ұйымдары ақпараттандырудың келесі кезеңін басынан кешіруде, яғни, мектептерді жаңа компьютерлермен жабдықтау.
Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр:
Білім сапасын арттыру;
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
Орта білімді ақпараттандыру;
Интернет жүйесін пайдалану;
Электрондық оқулықтар;
Қашықтықтан басқару:
Осы міндеттерді шешуде қазіргі жаңашыл мектеп өз алдына мынадай мақсат қояды: “Жаңа ақпараттық технология арқылы білім мазмұнын жаңарту”. Бүгінгі мектеп мұғалімі білімділікпен қоса, өзіндік ой-пікірі бар, заман ағымына сай жеке тұлғаны қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпақты “ақпараттық қоғамға” тәрбиелеу барысында оқу-тәрбие процесінің заман талабына сай әдіс-тәсілдерін таңдай білуі қажет. Қазіргі таңда толық, сапалы, бәсекелестік қабілеттегі білім беруді ұйымдастыруда көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда. Солардың бірі – жаңа ақпараттық коммуникативтік технология. Компьютерлер білім беруге кеңінен қолданыла бастағанда “оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары” термині пайда болды. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы-ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісі, оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуде есептеуіш техника құралдарының ролі мен орны. Мектепте компьютерлік технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады [2]. Жаңа ақпараттық технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:
Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;
Ғылыми - көпшілік журналының сайтына кіру;
Әлемнің кез-келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу;
Интернет- олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу;
Осыдан бірнеше жыл бұрын оқушылар компьютерді қорқып ұстайтын болса, қазіргі уақытта олар информатиканы екінші сыныптан бастап оқуда. Сондай-ақ компьютерді информатика сабағында ғана пайдалану кезеңі артта қалды. Қазіргі уақытта компьютерлік технология барлық мектеп пәндерінде белсенді түрде пайдаланылады.
Ноосфералық даму кезеңінде география пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде оқытудың дәстүрлі әдістерімен қатар, белсенді оқыту әдістері, оқытудың инновациялық технологиялары пайдаланылады. Оны жүзеге асыру үшін:
Жаңа ақпараттық технология арқылы білім сапасын арттыру;
Қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін баланы ақпараттық қоғамға тәрбиелеу:
Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. География сабағында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім білім беруші ролін атқарып, оқыту құралы ретінде қызмет атқарады. Ал оқытудың компьютерлік ақпараттық ортасы білімді өздігінен меңгерудің объектісі бола отырып, төмендегідей парадигманы қалыптастырады: Оқушы-оқу ортасы – технология жүйесі. Осы жүйе негізінде оқушы өздігінен білім алады. Оқушының іс-әрекетін тым қатал басқару оның өзіндік ой-пікірі мен өз бетінше жұмыс істеу қабілетінен айырады. География пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияның тиімділігіне тоқталатын болсақ, оны төмендегідей атап өтуге болады:
Мәтіндік редакторы-географиялық құжаттарды құру құралы (реферат, таблицалар)
Графикалық редактор-шығармашылық сабақтардың жұмысын құру құралы (шартты белгілерді жасау, географиялық план жасау, табиғаттың көрінісі, температураның, жауын-шашынның, желдің графигін сызу)
Мультимедиялық редактор-сабақта табиғи процестерді құру құралы (геологиялық, климаттық).
Презентациялық- елдің, объектінің презентациясын жасау.
Лазерлік дискідегі географиялық кітапхананы пайдалану (карта, анықтамалық, энциклопедия)
Локальдық тестілеу.
Интернет жүйесіне кіру. әлемнің кез-келген жеріне виртуалды саяхат жасау;
География ғылымы бойынша өзінің интернет-қорын құру; тәжірибе алмасу; тікелей эфирде атақты мұғалімдердің сабақтары.
Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі. Географиялық ақпараттар жөнінде ой бөлісу, жаңалықтар алмасу.
Білім мазмұнының заман талабына сай болуы.
Қажетті білімді толығымен алу.
Білімді өздігімен меңгеру.
Өзін-өзі бағалау
Жалған ақпарат алу қаупінен құтылу
Жалған бағадан арылу
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалануда оқытудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану барысында білім сапасын арттыруға көңіл бөлінеді. Пайдаланатын әдістерді төмендегідей сызба түрінде көрсетуге болады.
Кесте-1 Оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері
Жай кәдімгі сабақ Өзін-өзі оқыту программасы Биоинформация Электрондық оқулық Қосымша программалар арқылы Қашықтықтан оқыту тәсілі (internet) Мультимедиялық оқыту программасы
Жай кәдімгі сабақ: жоғарыда көрсетіліп отырған барлық әдіс бойынша қай оқыту тәсілін пайдалансаңызда өзіңіз білесіз. Мұндағы мұғалімнің қызметі: оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын біле отырып, пән аралық қорытынды сабақ өтсе де компьютерге байланыстыру керек. Өзін-өзі оқыту программасы. Бұл әдісте мұғалімнің қызметі оқушыларды қадағалап тұру және жаңа сабақты қысқаша түрде түсіндіру керек. Содан кейін оқушылар өздері компьютердегі алдын ала дайындап қойған программаны ашып, жұмыс жасай береді.
Биоинформация әдісі. Мұғалімнің міндеті-әдебиеттер беру және оқушыларды тыңдап, оның қате кеткен жерлерін айту. Бұл әдісте әр оқушының ізденімпаздығын, яғни шығармашалық жұмыс жасауын арттыру.
Электрондық оқулық. Оқушылар үшін электрондық оқулық мектеп қабырғасында жүрген жылдарында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындалуға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Электрондық оқулықтар бойынша оқушы тапсырманы қызыға орындайды, сонымен қатар өз қатесін табады. Оқушының жас ерекшеліктеріне сай және әркімнің шамасына, мүмкіндігіне қарай тапсырма беруге қолайлы [3].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН Әдебиеттер тізімі:
1. Душина И.В. Географияны оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары. География мектепте. №3 2001
2. С.Бахишева. 12 жылдық білім беру және білім философиясы. Жаңа мектеп.№2 – 2006 жыл.
3. Журнал «География Қазақстанның мектептерінде және жоғары білім беру оқу орындарында » 2007ж.
4. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық табиғаты - тұлғаның өздік дамуында. Алматы. 2006ж.
5. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз: ТарМУ. 2003
6.Таубаева Ш.Т. , Барсай В.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп- №3,4-1999.
Достарыңызбен бөлісу: |