География сабағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ОҚушылардың ПӘнге деген қызығушылығын арттыру смайлова Гулнур Турегелдиевна



бет1/2
Дата28.01.2022
өлшемі82 Kb.
#115329
түріДоклад
  1   2
Байланысты:
Смайлова Г.Т Мақала Ордабасы


ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Смайлова Гулнур Турегелдиевна
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы

орта мектебінің география пәні мұғалімі



Резюме. В этой статье докладываются работы, проведенные в целях воспитания сознательной, здоровой и развитой со всех сторон личности, используя современную новую информационную технологию обучения.

Summary. This article reports on the work carried out in order to educate a conscious, healthy and developed personality from all sides, using modern new information technology of education.

География ғылымы – өте  қызықты да күрделі ғылым. Пәнге қызықтыру үшін оқушыға табиғаттың күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып, сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.

ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасыры. Қоғамды ізгілендіру, оның білім мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпаратты технологиялар маңызды рөл атқарады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз атап өткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде қолдану мен оның тиімділігін арттырудың маңызы аса зор. Олай болса, география пәнінің мұғалімі де компьютерді жетік біліп, ақпараттық технология көздерін пайдаланудан хабардар болуы қажет. Әлеуметтік-экономикалық жағдайды, білім мазмұнын дамытудың бүгінгі күйін есепке ала отырып, Қазақстан Республикасындағы білім беру стандартында қабылдап отырған негізгі құзыреттіліктерді: проблеманың шешімін табу, ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктерді дамыту қажет екендігін ескеруіміз керек.

Стандартта ақпараттық құзырет келесі бөліктерді қамтиды:

-       Оқу іс-әрекетін іске асыру үшін ақпараттарды іздеу, талдау және таңдап алу;

-       Оқу әрекетінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес таңдап алған оқу материалдарын жіктеу;

-       Оқу іс-әрекетінде пайдалану үшін алынған ақпараттарды өңдеу және өзгерту;

-       Өңделген ақпараттарды оқу іс-әрекеті үрдісінде қолдану;

-       Сыни тұрғысынан талданған ақпараттар, негізінен, саналы шешім қабылдауға;

-       Өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, жоспарлауға және осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыруға;

-    Өз бетінше шешім табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түсіндіруге және ақпараттарды тасымалдауға дағдыландыру.

Жаңа ақпараттық технологияны сабақта пайдалану, оқушының шығармашылық интеллектуалдық  қабілетінің  дамуына, өз білімін өмірге пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.

Білім беру субъектілерін қазіргі заман талабына сай,  Жерсерік  арнасы арқылы қашықтықтан оқыту және электрондық оқулықтарды пайдаланып, география пәніне деген қызығушылығын арттыру- әрбір география пәні мұғалімінің міндеті.

Соңғы жылдарда жаңа технологиялардың көмегімен оқыту- бұрыннан пайдаланатын жүйелерге қосымша емес,  дәстүрлі жүйелермен тұрақты байланыста, оқыту  үрдісінде оқытушы мен оқушы арасында тиімді субъектілік  қатынас болып табылады.

Электронды оқулықтар оқушыны білім қорымен қаруландырып қана қоймай, оның танымдық белсенділігін арттыруда да алатын орны ерекше.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудың оқушының субъектілігін дамытуында және білім сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері көп:

-         мәтіндік, графикалық, аудио-бейне, ақпараттық анимацияның бірігуі;

-         ғалымдар мен педагогтардың дәрістеріне қатысуына, өткен және қазіргі тарихи оқиғаларға куә болуына, әлемнің ең белгілі мұражайлары мен мәдени  орталықтарына, жер шарының ең алыс және қызық түкпірлеріне сапар шегуіне мүмкіндік жасады;

-         оқу, көру, материалдарды іріктеу, керекті жерлерін жазып алу, қажет рефераттарды дайындауға мүмкіндік береді;

-         оқушылардың әлеуметтік қоғамның мүшесі болуына қажеттілігін арттыра түседі;

-         ғылыми жұмыстармен айналысу, қажетті материалдар табу мәселесін  жеңілдетеді;

-         электронды поштаны қолдануға дағдыландырады;

-         телеконференция өткізуге, алыс қашықтықтан ұжымдық жұмыс ұйымдастыруына   мүмкіншілік береді;

-         мультимедия жүйелері ақпаратты пайдалануға, әр түрлі параметрлер бойынша  өзгертуге мүмкіндік береді.

Жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып, электронды оқулықпен білім берудегі ерекшеліктер мыналар болмақ:

-          түрлі анықтамалық ақпараттар алады;

-          оқушылар өздігінен білім алады;

-          пәнге қызығушылығы артады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі;

-          оқушының шығармашылық ізденісі жоғарылайды;

-          қосымша терең білім алады және өзін-өзі тексереді;

-          тақырыпқа қажетті бейнекөріністі тамашалап, талдайды;

-          дидактикалық материалды қолдану тиімділігі артады;

-          сарамандық жұмыстарды өзбетімен жүргізуге дағдыланады;

-           кескін картамен жұмыстанады;

-          дайындалған материалды қайта-қайта қарауға мүмкіндігі болады;

-          оқушы мен мұғалімнің шығармашылық қарым-қатынасы мен ізденісін арттырады;

-          әңгімелерін әрлеуге көмектеседі;

-          ҰБТ-ға дайындалуға көмектеседі;

-          деңгейлік тапсырмалар орындайды;

-          тесттік тапсырмалар шешеді. 


Жаңа технология жүйесінде мәнді ойындардың атқаратын маңызы зор. Мәнді ойын сабағында оқушылар әр-түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Ондай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға қызығушылығын арттырады. Өмірде кездесетін әр-түрлі қиындықтарда дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелейді. Ұстаздар арнайы тақырыпқа байланысты слайд дайындап, видео көрсетіп оқушының білім алуына барынша ықпал жасауда. Оқушы көру арқылы тақырыпты түсініп, тапсырманы талдап, тест шешіп топпен немесе жеке жұмыс жасайды.

Мәселен,



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет