География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі Жоспар Кіріспе



бет13/21
Дата15.04.2022
өлшемі0,5 Mb.
#139463
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
dip -geografija-sabagynda-jekologijalyq-tarbie-beru-adistemesi-2013-64

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сынып бөлмесінде түгелдеп, қауіпсіздік ережесімен таныстырып, оқушыларға мектеп ауласында қандай жұмыс жүргізілетіндігі алдын ала таныстырылады. Әрбір құралдармен жұмыс жүргізгенде қауіпсіздік ережесі қатаң сақталуына баса көңіл аударылады. Сонымен бақылау шұнқырларды қалай қазу және топырақты зерттеу үшін оның үлгілерін қалай алу керек.
Жұмысбарысы.
Шұңқыр (шурф) қазбастан бұрын топырағы зерттелген жерді қарап шығу қажет. Егер жердін беті әр қилы болса, мәселен көтеріңкі және ойыс болса немесе оның өсімдік жамылғысы әр түрлі болса, онда сыртқы түрлі жағынан айырмасы бар жерлерде екі-үш шұңқыр қазу керек. Қазылатын шұңқырдын ұзындығы, әдетте, 150 см, ені 70-80 см терендігі ең терең деген жеріне кемінде 100 см болады. Шұңқырдың ұзын қабырғасы солтүстіктен онтүстікке карай жүргізілуі тиіс. Топырағын бақылап, үлгісін алуға белгіленген тар қабырғаларының бірі жарық жақсы түсуі үшін оңтүстікке карағаны жөн. Қазғанда топырағын ұзын жағына тастау керек. Бір қабырғасын саты тәрізді етіп жасау керек. Осы қабырға арқылы шұңқырға түсіп шығу қолайлы болады.
Жұмыс барысы кезінде жер бетінің тар қабырға жағындағы өсімдік жамылғысы басылып, бүлініп қалмау үшін, қадағалау керек. Жұмысты бірнеше оқушы кезектесіп қазғаны дұрыс. Шұнқыр (шурф) даяр болған соң топырақ кесіндісін мұқият қарап шығын, суреттеп сипаттап жазып шығуға кірісеміз. Мұғалім бағыт беріп тұруы тиіс. Мұқият қарап шыққан соң әрбір қабатынын қалындықтарын өлшеп, жазады. Оны мұғалімнін нұсқауымен шартты түрде белгілеп отырады.
Сабақтың мақсаты:
а) Айналадағы ортаның ластану жолдары, ондағы қоғамның рөлі, қазіргі кездегі экологиялық проблемаларды шешу жолдары, экологиялык дағдарыс, сот, сот процестері туралы түсінік беру.
б) Айналадағы ортаның ластануына жол бермеуге, экологиялық проблемаларды шешуге туған өлке табиғатын қорғауға, сүюге баулу.
Әдісі: сот сабақ.
Көрнекілігі: Қазакстанның саяси және әкімшілік картасы, «Жердегі экологиялық жағдай» карикатурасы, Арал теңізінің картасы, әр түрлі көрнекті плакаттар.
I. Сабақтың жүрісі:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Жаңа сабақ: айналадағы ортаның ластануы мен

экологиялық проблемалар. Сот процесінің жүрісін түсіндіру.
Сот мүшелерін тағайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет