География сабағында оқушылардын құзыреттілігін қалыптастыру – білім сапасын арттырудың негізгі шарты



бет2/2
Дата04.08.2017
өлшемі389,33 Kb.
#22952
1   2
Олар:      

     • білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
     • оқыту нысандары мен әдістері;

     • білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;

     •мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

    • мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу  жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);

     • барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;

     • ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі. 


          Оның алғашқысы – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Яғни мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын дамыту  жалпы білім беретін орта мектептің  Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңартудан бастау алуға тиіс. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:  басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті); ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау); коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау); әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті); тұлғалық ( өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу); азаматтық  (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп, Қазақстанның  өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі); технологиялық  (әр азамат өз мамндығына қарай ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы). Білім алушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс.  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде оқулық мәселесіне ерекше тоқталған болатын.

Жалпы оқулық жазу мәселесі күн тәртібінен түспеген, өзекті мәселелердің  бастысы екендігі алаш арыстарының  ой-пікірлерінен анық аңғарылады. Атап айтар болсақ, Ж.Аймауытов: «...Тегінде оқу кітаптары кеңседе отырып одан-бұдан құрастырылып ойдан шығарылып, долбармен жазу керек емес, мектептердің программасына жанастырылып, сондағы оқыту тәсілдеріне сүйеніп жазылу керек. Бұлай болмағандықтан кітаптардың көбі мектептерде қолдануға жарамсыз болып қалады. Кітап жазушылар ауылдағы мұғалімдер арасынан шықпай, немесе кітап жазам деген кісі, сол бастауыш мектепте бала оқытып көрмей тұрып, мектептердің мүддесіне, мақсатына тап ете түскендей кітап шығуы қиын». «...Мектептердің пән сөздерін кеңседе жасау дұрыс емес. Пән сөзін пән маманы, кітап жазушы шығару керек. Ешбір ғалым пән сөздерін кеңседе шешкізіп, жасамайды. Кітап жазушы өзі табады. Бір ғалымның шығарған кітабында кейбір сөздер қолайсыз болса, екінші жазушы ол сөздерін түзеп, өзгертіп, жаңа сөз кіргізеді. Сөзді пән иесі ғана шығармаса, бөгде кісілердің шығаруы мүмкін емес. Өйткені, әр пәнге жетік адамдар білім кеңесінде болмайды. Пән иесі көп ойланып, көп еңбекпен тапса, кеңес сөзге көп ойланып отыра алмайды. Білім кеңестерінің жиналысында болғанымыз бар, онда сөздер жете тексерілмей,  үстірт қаралатындығы, көп отырса  жалығып, қолайсыз сөздерді де ала салатындығы байқалады», – деп оқулық жазудың үстірт қарайтын, жеңіл дүние еместігіне баса назар аударады. Елбасының жоғарыдағы тұжырымы осы алаш ойшылдарының пікірімен үндесіп жатыр. 

Яғни, жоғарыдағы пікірлерде айтылғандай , оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы  функциональдық сауаттылықтың құзыреттіліктеріне  сай жазылуы тиіс. Оқулықты жаңа мазмұнда жазу барысында оның негізін салған авторлар ұмыт қалмауға тиіс. Себебі кез келген оқулықтың негізін қалаған сол алғашқы авторлар.  Олардың атын оқулықта сақтап қалу біздің азаматтық борышымыз болуымен қатар, болашақ ұрпаққа берер тәлім-тәрбие болмақ. Яғни, қазақ халқы менталитетіндегі үлкенге құрмет, кішіге ізет ұстанымы болмақ.

         Жалпыға білім беретін орта мектеп стандарты негізінде жазылатын мектептердегі оқулық жоғарыдағы айтылған құзыреттіліктерді  басшылыққа ала отырып дайындалуы тиіс.

         Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың екінші тетігі (механизмі) – оқыту нысандары мен әдістері. Тәуелсіз қазақ елінің оқулықтарының мазмұны ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып жазылып, оны оқыту мен жүзеге асырудың жаңа әдістері, яғни интербелсенді әдістер арқылы жүзеге асуы тиіс. Осы негізде білім алған мектеп оқушылары теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолданумен қатар ана тілінің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді.

         Ұлттық жоспарда көрсетілген функциональдық сауаттылықтың үшінші тетігі (механизімі) – оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. Яғни бағалау жүйесі функциональдық сауаттылықта  сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді.  Іштей бағалау – оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау және мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты өлшеміне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ал сырттай бағалау – әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелеріне сәйкес (ҰБТ, ОЖСБ және т.б.), сондай-ақ халқаралық зерттеулерге (ТIMSS, PISA  және PIRLS) қатысуы арқылы жүзеге асырылады.  Нақтырақ айтар болсақ, сыртқы бағалау белгілі бір мамандық иелеріне қатысты болса, іштей бағалау көбіне білім алушыларға қатысты.  Сонымен қатар білім алушылардың өзін-өзі бағалауы, ұйымдастыруы, жетілдіруі және жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады.  Біздің тәжірибемізде, осы аталған білім алушының бағалау жүйесі ұлттық төл технологиямыз «Сатылай кешенді талдауда» қолданылып келеді. Бұл жоғарыдағы аталған   басқарушылық, ақпараттық,  коммуникативтік, әлеуметтік, тұлғалық,  азаматтық,  пәндік құзыреттіліктерді білім алушы бойына  дарытады. Оның дәлелі «Сатылай кешенді талдау» технологиясымен білім алып отырған оқушылар мен оларға білім беруші мектеп мұғалімдерінің жыл сайынғы жетіп отырған жетістіктері, яғни мектеп бітіруші түлектердің ұлттық бірыңғай тестте жоғары пайыздық көрсеткішке жетуі және Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының республикалық ауызша командалық олимпиадасына республикамыздың әр өңірінен бастауыш сыныптан бастап, орта, жоғары буын сыныптарынан оқушылардың қатысып, жүлделі орындарға ие болуы. Бұл туралы әр өңірдегі баспасөз құралдарында жарияланып отырады.

Ал функциональдық сауаттылықтың   төртінші тетігіне (механизіміне) тоқталар болсақ, оған қосымша біліммен және мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызады. Шынтуайтына келгенде, бұл мәселе бізде толыққанды жүзеге асып отырмағандығы белгілі.  Себебі, әлі күнге дейін стандарт пен оқулықтарға  айтылған сын түзелмей отырған кезеңде мұндай қосымша білім функциональдық  сауаттылық өз деңгейінде жүзеге асып отыр дегенді айта алмаймыз. Бұл тұрғыда да біз, алаш арыстарының бірі Ж.Аймауытовтың мына бір қағидасын басшылыққа алсақ, функциональдық сауаттылықтың төртінші механизмі жүзеге асқан болар еді. Ағартушы: « Балаға ең қымбат, ең жылы, жақын нәрсе – туған жері, туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды баланың санасында жандандырып, оларға баланың махаббатын арттырады, бала әлеумет тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады, бұрынғыдай мектептен шыққан соң, бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта білгенімен өмір жүзінде пайдаланатын болады.

... Балаларға туған жердің табиғатын, туған елдің әдет-ғұрпын, мінезін үйреніп, хәкімшілік, әлеумет мекемелерімен, олардың қызметтерімен, сауда кәсібімен, қатынасу жолдарымен таныстырып, жергілікті тарихи ескерткіштердің қатынасын түсіндіріп, балаларды бұрын білмейтін, жат нәрсемен яғни әлеумет ғылымымен таныс қыламыз»,–деп  бүгінгі заманауи білім беру талабына сай  функциональдық сауаттылық мәселесіне, дәл осы терминмен айтпаса да,  терең талдау жасап, нанымды тұжырым айтқан. Егерде біз қосымша білім беру және мектептен тыс сабақтарда осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, бағдарламалар түзіп, қосымша әдебиеттер ұсынатын болсақ, онда функциональдық сауаттылықтың   төртінші механизімі өз дәрежесінде жүзеге асады.



Ұлттық жоспарды жүзеге асырудың бесінші тетігі (механизмі) –мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі). Бүгінгі білім беру жүйесінде қазақстандық мынадай мектептер бар. Олар: жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия, лицей, дарынды балаларға арналған мектептер, Назарбаевтың зияткерлік мектебі (НЗМ) т.б. Осы мектептердің басқару жүйесі, оқу бағдарламалары, оларда оқытылатын пәндердің оқулықтары, онда оқитын оқушылардың білім сайыстары бір-бірінен ерекшеленіп, бүгінгі қоғам талап етіп отырған үрдістен шығуы тиіс.

Алтыншы тетігі (механизмі) – барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы.Бұл мәселедегі  жүзеге асырылатын жұмыс – мектеп пен жоғары оқу орындары, түрлі ғылыми зерттеу орталықтары мақсатты түрде келісімшартқа отырып, мектеп оқушыларының мамандық таңдауда, ғылыми жұмыстар, жобалар жасауда әріптестік қарым-қатынас орнатып отыру екі жаққа да тиімді болмақ. Жоғары оқу орындары білім сапасын арттыруда өзі дайындайтын маманның деңгейін, қабілетін, дарынын алдын-ала анықтап, болашақта жүргізілетін жұмыстарын жоспарлап, білім алушыларға кредиттік жүйенің ерекшеліктерін, мақсат-міндеттерін алдын-ала түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мектеп оқушыларына мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру. 
        Функциональдық сауаттылықтың   жетінші  механизімі  – ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ана бала бойына  жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулуға  борышты.  Ата-ананың бала тәрбиелеуде  функциональдық сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жасап, екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады.  Яғни  ата-ананың баласының ерекше қасиетін тануы, оны түрлі жағдаятта түсініп, қол ұшын беруі, олардың қабілетін дамытуға,  бойына рухани құндылықтарды  қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға көмек беретін функциональдық сауаттылық ата-ана бойында да болуға тиіс. Бұл жағынан біз, қытай халқының бала тәрбиесіндегі өнегесін алуымыз керек. Олар баланың біліміне, тәрбиесіне  мектепті емес ата-ананың өзін жауапты етеді. Егер баласы үй тапсырмасын  мезгілінде және дұрыс орындамаса, оған тікелей ата-ана жауапты. Осы мәселе шектен шығатын болса, мектеп басшысы баланы ол мектепке қабылдамауға толық құқылы. Сондай-ақ ата-ана өзі қызмет ететін орында бала тәрбиесіне тікелей жауап беруге мәжбүр болады. Бұдан байқалатын нәрсе, білім мен тәрбиенің екіжақты мәселе екендігін көрсетеді.

         Қорыта келе, Елбасының  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында құрылған бес жылдық Ұлттық жоспардың дер кезінде көтерілгендігін құптаумен қатар, бұл функционалдық сауаттылық мәселесінің алаш арыстарының да ой-тұжырымдарынан қағыс қалмағандығын жұртшылық назарына ұсыну болды. Сондықтан да функционалдық сауаттылыққа байланысты атқарылар іс-шараларда алаш арыстарының ұлт болашағы, оның сауатты, білімді, рухани дүниесі бай, ұлтжанды азамат тәрбиелеудегі  педагогикалық көзқарастары үнемі басшылыққа алуынуы қажет.

 

«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» (Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты)



Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспарында оқыту нәтижесін бағалау жүйесін жаңартуды, оқушы білімін «білім- түсіну -қолдану — жинақтау — бағалау» Блум жүйесі бойынша бағалайтын жаңа көзқарасты ұсынады. Блум жүйесінің алты деңгейі балаға әр деңгейдегі сұрақтарды қою мен тапсырмаларды орындату арқылы ойлау қабілетін қарапайымнан күрделіге қарай бағыттауды көздейді. «Ұлттық жоспардың басты бірінші тетігі — әдістемені және оқытудың мазмұнын түбегейлі жаңарту … және жаңа инновациялық технологияларын енгізу деп айтуға болады.»

Ж.Аймауытов «Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек»,- деген идеяны алға тартады.

Оқушының сыни ойлауын дамытуға бағытталған жаңа инновациялық «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасының да басты міндеттерінің бірі — ұстаздардың жаңаша ойлай алатын, өз мәселесiн өзi шеше алатын адам тәрбиелеуге жәрдемдесуі, ұстаздардың дәстүрлi сабақ беруден өзгеруiне, балаға бағытталған сабақ процесiн ұйымдастыра алуы, сабағын белсендi, оқушымен тең құқылы дәрежеде жүргiзуі, жобаның философиясын терең меңгерген ұстаздардың шәкiрттерiн өз пiкiрiн ашық айтып, өзара шынайы сұхбат жүргiзетiн, рухани жағынан дамыған жеке тұлға ретiнде дамуына ықпал жасауы болып табылады.

«Сыни тұрғыдан ойлау жобасы ерекше, өйткені мұғалімдердің құндылығы мен оқушылардың рөлін өз тәжірибелерінде танытатын кәсіби даму процесі арқылы нағыз өзгеріс енгізеді». (Джинни Л.Стилл.)

«Блум жүйесінің синтез деңгейінде оқушының жеке тәжірибесі негізінде ерекше бір нәрсені ойлап табуын қажет етеді. Эссе, өлең, шешендік сөз бен өнердің ерекше формасы сияқты қарым-қатынас формасы нәтиже ретінде танылады.»

Осы ретте бүгінгі оқыту үрдісінде эссе жазудың мақсаты мен бағыты толық жүзеге асып жатыр ма деген сұрақ туындайды.

Л.С.Выготский: «Егер мұғалім бір нәрсені жақсы меңгертуді ойласа, оның қызықты болуын қамтамасыз етуі керек» -дейді. Эссе жазу мен эссені бағалау өлшемінің көрсеткіші ретінде қолдану — оқушының сыни ойлауын ойын дамытуда аса зор қызмет атқарады. Эссе жұмысының жоғары мазмұнда жазылуына жаңа жобаның әдіс- тәсілдері арқылы оқушының тақырыпқа қызығушылығын ояту, жаңа мәтінді толық меңгеруіне жағдай жасау, көркем шығарманың толық нұсқасымен танысуына жәрдем беру арқылы қол жеткізуге болады.

Қазіргі оқытудағы басты мақсат- оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. (Дьюидің білім философиясы-бүгінгі білім беруде.)



Егеменді еліміздің халық шаруашылығын дамытудың маңызы, оның материалдық-техникалық базасын нығайтудың өзекті проблемаларын шешудегі, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудағы, еңбекшілердің материалдық және мәдени деңгейін көтерудегі математика ғылымының маңызы мен ролі өте зор. Себебі,ғылымдар жүйесінде математика айрықша орын алады. Математиканың ерекшелігі – оның қолданылымының әмбебаптығы.
Қазіргі кезде ғылымның барлық дерлік салаларында математикалық әдістерді қолдану қажетті шартқа айналды.Ол өмір талабынан,ғылыми-техникалық прогрестік дамуынан туындайды.Кез келген ғылымдағы обьектіні зерттеу үшін математикалық модельдеу әдісін қолданады.

Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес.Математикалық есептер оқушылардың ұғымдарды,теорияны және математика әдістерін меңгерудің тиімді де,айырбасталмайтын құралы болып табылады.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда,оларды тәрбиелеуде,біліктері мен дағдыларының қалыптасуында,математиканың практикамен байланысын көрсетуде есептің алатын орны өте зор.
Оқушылардың дүниетанымына әр оқу пәні өз үлесін қосып отырады.Соның ішінде математиканы оқыту барысында сабақтас пәндерден және нақтылы өмірден оқушыларға түсінікті түрде келтірген деректер ғылыми білімдердің пайда болу негізін,қоршаған ортаның табиғат құбылыстарының танымалы жеке пәндердің математиканың ұғымдары мен абстрактілі жағдайларын оңай сезіне біледі.

Математика – абстрактілі ғылым.Сондықтан оқудың алғашқы күндерінен бастап-ақ мұғалімнің сабақтас пәндерден деректер келтіруін қажет етеді.Мектептің басқа оқу пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып,оқушылар өтілетін материалды сапалы түрде меңгереді.
Математика курсының әрбір тақырыбын оқыту барысында оқушыларды айнала қоршаған ортаны танудағы математиканың рөлін дұрыс түсінуге және алған білімдерін практикалық есептерді шешуде қолдана білуге әсері тиетіндей пәнаралық байланыстарды іске асырып отыруы қажет.
Математика сабағында пәнаралық есептерді шешу арқылы оқушылар жаңа жағдайлармен танысады, математикалық теорияларды, есептердің шешімін табуға қолдануды үйренеді, есеп шешуге қатысты жаңа әдістерді немесе математиканың жаңа тарауларын оқып үйренеді.Басқаша айтқанда, есептерді шешу арқылы математикалық білімі мен білігін дамытады. Күнделікті өмірге қатысты практикалық есептерді шешу барысында оқушы математикалық білімін қолдануды үйренеді.

Оқушылардың мектеп қабырғасында жүріп меңгерген математикалық білім,білік,дағдылары олардың өндірісте өздігінен білім жетілдіруіне негіз болады.Кез келген өндіріс орындарында техниканы,шикізатты,жанар-жағар май,энергия ресурстарын,азық-түліктерді тиімді пайдаланудың және жұмысты тиімді ұйымдастырудың қажеттілігі туады.Осындай коптеген мәселелерді қамтитын күнделікті өмірде жиі қолданатын мазмұнды есептерді іріктеп алып,ұсынуға болады.

Табиғаттағы құбылыстар мен өзгерістерді зерттеумен,табиғаттың рухани және материалдық байлықтарын ұқыпты игеруде өлшеп,есептеп,саралап алмай мәселені шешуге тіптен болмайтыны өзінен-өзі белгілі.Міне,осы кезде математиканың табиғаттағы , адам өміріндегі рөлі айқындалады.Математикалық модельдеу әдісі қазіргі кезде математикалық экономика,математикалық биология,математикалық лингвистика,технология,бионика,тағы да басқа ғылымдардың көптеген салаларында терең қолданылып,ғылымның дамуына зор үлесін тигізуде.

Модельдеу әдісі – табиғатты танып білудің құралы.Модель мен төлтума шынайы обьектінің арасында белгілі сәйкестік болуы керек.Осы сәйкестіктің көмегімен модельдік білім шынайы обьектіге қолданылады,салыстырмалы жасанды жүйе туралы білім табиғи жүйеге таратылады.
Модельдеу әдісі бір объектіні танып білуден өзгесін немесе өзге объектілерді танып білуге өтуді білдіреді. Модель – кейбір нақты өмірде бар немесе ойда елестететін жүйе.

Шын мәнінде, мектептегі математика курсының кез келген тақырыбы математилық модель құрастырумен аяқталады,оны құрастыруға индуктивтіде,дедуктивтіде әдістер қолданылады. Талқылау нәтижесінде қандай да бір формула, график, алгоритм және тағы басқа шығарып алғанда модельдеу ісімен айналысамыз.

Математика курсының әрбір тақырыбын оқыту барысында оқушыларды айнала қоршаған ортаны танудағы математиканың рөлін дұрыс түсінуге және алған білімдерін практикалық есептерді шешуде қолдана білуге әсері тиетіндей пәнаралық байланыстарды іске асырып отыруы қажет.
Мектеп математика курсын оқытудың ең маңызды мақсаттарының бірі – математиканың қолданбалы мүмкіндіктерін ашу.Физикалық,химиялық немесе географиялық ,т.б. мазмұнды есептерді шешу барысында оқушылар математикалық ұғымдар мен заңдылықтарды тереңірек түсініп,ұғынып,сонымен қатар кәсіби даярлықтың негіздерін меңгереді.
«Негізгі мектептің функционалдық қызметінің басым бағыттары оқушылардың ғылым дүниесінің базистік негіздерінен меңгеруі,.....тұлғаның өзін-өзі айқындауы мен кәсіби бағдарлануы болып табылады» деп көрсетілген «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейнгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында(1)»

Пәнаралық есептер деп – сыбайлас пәндердің білімдерін немесе есептерін келтіруді немесе пайдалануды қажет ететін есептерді немесе бір оқу пәнінің материалы негізінде құрастырылып, басқа пәндерде арнайы дидактикалық мақсатпен қолданылатын есептерді айтамыз.
Бұндай есептер берілген пәннің сабақтарында әртүрлі мақсаттармен қолданылады: оқушылардың сыбайлас пәндерден алған білімдерін қолдану және бекіту үшін; оқушылардың бағдарлылық білімдері мен біліктерін қалыптастыру үшін; оқытылып отырған пәннің тарихы бойынша оқушылардың білімін кеңейту үшін,т.б.Мысалы,жаңа буын оқулығына жататын Алдамұратованың «Математика-5» оқулығында практикалық мазмұнды есептер күнделікті өмірдің сан қилы қырларын қамтыған:ұжымдық шаруашылық,егіс алқабына егіс егу,түсім алу,жер жырту,мұнай өндіру,ұн тарту(диірменмен),жинақ кассаларының амалдары,киіз үй,оның бөліктері(атаулары)т.б.

Сонымен қатар, абстрактылы алгебралық түрлендірулерді физика және басқа пәндердің мазмұнды жаттығуларымен және есептерімен толықтырып отырған жөн. Мысалы, оқушыға b=x/a немесе c=ax2/b өрнегінен х-ты табудың орнына Q=m/v өрнегінен v – ны табуды ұсыну пайдалы.
Математика сабақтарында пәнаралық есептердің қажеттілігі – бұл пәннің көп ұғымдары нақты физикалық – техникалық,экономикалық мазмұнды есептерді шешу арқылы енгізіу қажеттігінен туындайды.Мысалы:вектор,туынды,интеграл ұғымдары,тәуелділіктің графиктік кескіні,теңдеулер және олардың жүйелері,теңсіздіктер және олардың жүйелері және тағы басқа есептерді құрастыру дағдыларын қалыптастыру мақсатынан да туындайды.
Орта мектептің математика сабақтарында қолданылатын пәнаралық есептер төменгі шарттарды қанағаттандыруы керек:
1.Нақты математикалық материалдың баяндалуын бұзбауы керек,керісінше,оны ұғынуға көмектесу керек;
2.Оларды шығару процесінде қолданылатын фактілер мен әдістердің мазмұны бойынша мектептік бағдарламаларға және оқулықтарға сәйкес болуы керек;
3.Оқушылар үшін түсінікті тілде тұжырымдалуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет