Географиялық қабықтың әр компоненті өз заңдылықтары бойынша дамиды. Оның құрамдас бөліктерінің өзара байланысы мен бір-біріне тәуелді тұтастық заңдылығын білу шаруашылыққа маңызы бар. Географиялық қабықтың тұтастығына бір ғана компонент өзгерсе, қалған басқа компоненттерінің өзгеретіндігі жөніндегі қарапайым фактінің өзі дәлел бола алады.
Ырғақтылық
Белгілі бір құбылыстың уақыт ішіндегі мерзімділігі мен қайталануын ырғақтылық деп атаймыз. Ол тірі және өлі табиғатқа тән. Жердің өз осінен айналуы тәуліктік ырғақтылыққа әсер етеді. Әрбір ірі табиғат кешені үшін температура мен ылғалдылықтың, жануарлар мен өсімдіктердің іс-әрекетінің өзіне ғана тән тәуліктік жүйесі қалыптасады. Мысалы, аралас және жалпақ жапырақты ормандарда температураның тәуліктік ауытқуы шамалы, ал шөлде, керісінше, өте көп.
Барлық – тірі организмнің тыныштық кезеңі – демалу және сергек болу кезеңі бар. Әр түрлі жануарлардың ырғағы әр түрлі. Кейбір жануарлер күндізгі жарық кезінде, ал басқалары түнде белсенділік көрсетеді. Адамның тіршілігі де тәуліктік ырғақтылықта өтеді.
Жердің Күнді айналуы табиғи процестердің жылдық ырғағын туғызады. Жылдық ырғақтылық температураның жылдық барысынан, желдердің ауысуынан (муссондар, бриздер), жауыш-шашыннан, өзендер режимінен. Топырақ түзілуінен, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігінен, құстардың қайтып келуінен және т.б. жақсы байқалады.
Зоналылық
Табиғат зонасы – температура жағдайларымен ылғалдануы, өсімдіктер менжануарлардың дүниесі бірдей болатын ірі табиғат кешені.
Табиғат зонасының компоненттер арасындағы байланыс:
КЛИМАТ
(жылу мен ылғалдың арақатынасы)
ТОПЫРАҚ
ӨСІМДІК
ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ
Құрлықтағы зоналардың пайда болуы климатқа жылу мен ылғалдың арақатынасына байланысты.
Мысалы, температура жоғары, ылғалы мол жерлерде ылғалды тропиктік ормандар, ал темпертурасы жоғары, ылғал аз түсетін жерлерде тропиктік шөлдер қалыптасады.
Табиғат зоналары өсімдік сипаты арқылы бірден ажыратылады.
Табиғат зоналары климаттық белдеулер сияқты күн сәулесі сияқты түсу бұрышының азаюы мен ылғалданудың әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастырады. Осы заңдылық зоналылық деп аталады.
Табиғат зоналары жазықтарда ғана емес, сонымен бірге тауларда олардың етегінен шыңдарына қарай ауысып отырады. Климат ендік бойынша ғана емес, биіктік бойынша да өзгереді. Бірін-бірі ауыстыратын зоналар тауды әр түрлі биіктікте айнала қоршап жатқандай болады, сондықтан оларды биіктік белдеулер деп атайды.