Географиялық есептерді шығарудың Әдіс тәсілдері


Ауа температурасы мен қысым



бет4/7
Дата04.07.2020
өлшемі426 Kb.
#74878
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
географиялық есептер

    Бұл бет үшін навигация:
  • Шешуі

3.Ауа температурасы мен қысым


Тәулік ішіндегі ең төмен температура күн шығар алдындағы уақытқа тура келеді. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және төменгі температуралардың айырмасын теператураның тәуліктік амплитудасы дейді. Ауаның температурасы тәулік ішінде 4 рет өлшенеді.Әрбір 100 м биікке көтерілгенде температура орта есеппен 0,6°С төмендейді. (1км –де -6°С өзгереді) Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді.

Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым немесе ауа қысымы деп аталады. Биіктік артқан сайын қысым азая береді. Жер бетінің түрлі аймақтарындағы және түрлі биіктіктегі атмосфералық қысымды бірбірімен салыстыру үшін 45° ендіктегі теңіз деңгейіндегі қысым алынады. Сынап бағанасының 760 мм биіктігіне тең осы қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады. Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10 м биіктікке көтерілгенде қысым шамамен 1мм төмендейді. Ауа температурасы мен қысымға байланысты есептер шығару.

1.Жаз айларында Іле Алатауының теңіз деңгейінен 1000 м биіктігінде атмосфералық қысымның мөлшері. 930 мм, ал температурасы +21º С градус болса, оның биік нүктесінде (шыңында) атмосфералық қысым мен температурасы қанша болмақ?



Шешуі: Талғар шыңы 4973 ≈ 5000

Қысымды есептеу: 5000:10 = 500

930 – 500 = 430

Температураны өлшеу: 5000:1000 = 5

5 ∙ (-6ºС) = -30°C -30ºC + 21°C = - 9ºC

2. Тау етегіндегі ауа температурасы +18ºС , ал шыңында - 6 ºС. Таудың биіктігін анықтаңыз.



Шешуі: +18 °С – (-6ºС) = 24°C

24 ºC: 6 °С = 4 ∙ 1000 = 4000



Жауабы: таудың биіктігі 4000м немесе 4 км

3.Альпинистер 3000 м тау басына көтерілгенде, барометр осы биіктіктегі атмосфералық қысым 450 мм екенін көрсетті. Бұл кезде жер бетіндегі атмосфералық қысым нешеге тең?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет