Байланысты: Пайдалы қазбалар кенорындарын геологиялық модельдеу
«Геология және қатты пайдалы қазбалардың кенорындарын барлау» Білім бағдарламасының мақсаты болып
Қазақстан Республикасының геологиялық, геологиялық түсіру, тау-кен өндіру
өнеркәсіптерінде жоғары білікті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және
сұранысқа ие мамандарды дайындау, аймақтың өнеркәсіптік кәсіпорындарында
есептеу-жобалау, өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру жұмыстарын орындай
білу. «Геология және қатты пайдалы қазбалардың кенорындарын барлау»
мамандығы бойынша магистратура деңгейінде техникалық-аналитикалық,
өндіріс-аналитикалық және болжамдық дайындықты геологиялық сектор
кадрларын дайындау білім бағдарламасы бойынша траектория жүргізіледі.
2. Еңбек қызметінің түрлері:
‒ өндірістік;
‒ жобалық;
‒ ұйымдастыру-басқарушылық.
«Геология және қатты пайдалы қазбалардың кенорындарын барлау»
мамандығы магистрі кәсіби қызметтің түріне байланысты келесі тапсырмаларды
шешуге дайындалады:
а. өндірістік қызметі:
‒ өз бетімен дайындалу және өндірістік далалық, лабораториялық,
практикалық тапсырмаларды шешуде интерпретациялық зерттеулер жүргізу;
‒ өз бетімен таңдау жасау, заманауи далалық және лабораториялық
құрылғылар мен қондырғыларды пайдалану;
‒ заманауи ақпараттық технологияларды қолданып арнайы
ақпараттарды жүйелеу, талдау және жинау;
‒ кешенді өңдеу және өндірістік тапсырмаларды шешу мақсатында
далалық және лабораториялық ақпараттарды түсіндіру;
‒ өндірістік жұмыстардың экономикалық тиімділігін анықтау;
а. жобалық қызмет:
‒ жобалау өндірістік-техникалық жобаларды іске асыру;
‒ өндірістік-техникалық жұмыстардың жобасына сараптама жүргізуге
қатысу;
‒ геологиялық жұмыстар жүргізу бойынша нормативтік әдістемелік
құжаттар жасауға қатысу;
б. ұйымдастыру-басқару қызметі:
‒ жоспарлау және өндірістік-техникалық далалық, лабораториялық
және интерпретациялық жұмыстарды ұйымдастыру;
‒ жоспарлау және өндірістік-техникалық семинарлар мен
конференцияларды ұйымдастыру.
3. Түлектің кәсіби қызметі нысандары:
‒ жер, жер қыртысы, литосфера, таужыныстары, қатты пайдалы қазба
кенорындары;
‒ таужыныстардың физикалық қасиеттері;
‒ минералдар, кристалдар, геохимиялық өріс және процесстер;
‒ геологиялық орта, табиғи және техногендік геологиялық процесстер;
литосфераның экологиялық функциялары.