Нивелирді тексеру және түзету
1. Дөңгелек деңгейді тексеру. Дөңгелек деңгейдің осі нивелирдің айналу осіне параллель болуы керек. Көтергіш үш винттері арқылы дөңгелек деңгей үлбіреуігі ортасына келтіріледі. Одан кейін нивелир дүрбісін 1800 бұрады да көпіршіктің орнын тексереді. Егер көпіршік ноль пунктте қалса, онда жоғарғы шарттың орындалғаны. Егер шарт орындалмаса, дөңгелекті ұстап түрған үш түзеткіш бұрандалары арқылы ауытқудың жартысы түзетіледі. Ал қалған жартысы көтергіш бұрандалар әсерімен түзетіледі.
Сурет 14.4 – Деңгейлі нивелирлердің негізгі шарттары
2. Жіптер торын тексеру. Жіптер торының горизонталь штрихы нивелирдің айналу осіне перпендикуляр болуы, ал вертикаль штрихы – параллельді болуы керек.
Екі штрихтың бір-біріне перпендикуляр болуына зауыт кепілдік береді. Сондықтан бұл тексеруді вертикаль штрихтың көмегімен жасаған дұрыс. Ол үшін нивелирден 20-25 м қашықтық жерге тіктеуіш ілінеді. Нивелирдің айналу осі тік бағытқа келтіріледі. Егер дүрбіні тіктеуішке көздегенде, вертикаль штрихы тіктеуіштің жібімен қабысып, оның бойымен өтетін болса, онда тексеру шартының орындалғаны. Керісінше, егер шарт орындалмаса, онда тордың түзету бұрандаларын босатып, диафрагманы торымен түзетеді.
3. Негізгі геометриялық шартты тексеру. Цилиндрлік деңгейдің осі көздеу осіне параллель болуы және бір жазықтықта жатуы қажет.
Бұл тексеру екі рет нивелирлеу арқылы тексеріледі, яғни бір қашықтықты екі рет «алға» нивелирлеу арқылы тексеріледі (сурет 33). Қашықтығы 30-40 м жерге екі қазық А және В қағылып, А нүктесіне нивелир, ал В нүктесіне рейка орнатылады.
Сурет 14.5 - Геометриялық шартты тексеру
Аспап биіктігі і1 өлшеніп, рейкадан b1/ есебі алынады. Егер көздеу осі мен деңгей осі параллель болмаса, b 1/ есебінің орнына b 1 есебі алынып, қате шамасы анықталады. Сонда В нүктесінің А нүктесіне қарағандағы биіктік өсімшесі мына формула бойынша анықталады:
h = i1b1/ = i1 (b1/x) (14.5)
Енді нивелир мен рейканың орны ауыстырылып, қайтадан аспап биіктігі і2 өлшенеді және А нүктесінде тұрған рейкадан есеп b 2 алынады. Екі нүктенің арасы өзгеріссіз қалғандықтан b 2 есебіндегі қате шамасы тағы да х-қа тең болады, яғни:
h = b2/i2 = b2/x i2 (14.6)
х-тің шамасын анықтайық:
х = (b1+b2)/2(i1+і2)/2 (14.7)
Егер х≤4 мм болса түзету жүргізілмейді. Керісінше, 4 мм-ден асып кетсе, онда элевациондық бұранданың көмегімен тордың ортаңғы штрихын түзетілген b2/ =b2x келтіріледі. Бұл жағдайда цилиндрлік деңгей көпіршігі ноль-пункттен ауытқиды, яғни дүрбі ішіндегі көпіршіктің ұштасқан екі шеті алшақтайды. Көпіршіктің ауытқуы цилиндрлік деңгейдің түзеткіш бұрандалары арқылы қалпына келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |