Адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ.
Антикалық философияның үшінші кезеңі римдік –эллиндік кезең ( б.д.д. 3ғ – б.д. 6ғ.). Платон мен Аристотельдің философияға енгізген орасан зор еңбектері мен жаңалықтарынан кейін философия айтарлықтай беделге ие болып, дәрежесі өсе бастады. Бұл жағдай «Эллиндік дәуірдің» өркендеп, гректік ойлау ерекшелігінің Жерорта теңізінің барлық территориясына таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен қоса, Александр Македонскийдің бірнеше елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы боды.
Бір жағынан грек ойшылдарының философиясы жан-жақты таралып, қанат жая өркендеп өсуі- сол замандағы адамдардың өз өмірдерін жақсартуға деген құлшыныстарына да байланысты болды, өйткені, олар «қалай өмір сүру керектігін» білу үшін, «данагөй» болуға тырысты. Соған орай философия жүйеленіп, догматикалық сипатқа ие бола бастады. Қалаған мектебінен, ұстазынан білім алатын жағдайға жетті, себебі әртүрлі философиялық мектептер қалыптаса бастады. Ерекше сипатқа ие болған философиялық мектептер қатарына стоиктер, эпикуршылар және скептиктерді жатқызкға болады. Мүмкін, Сіз, философияның барлық бағыттарын меңгеріп, олар туралы білетін шығарсыз, бірақ қайсысын таңдар едіңіз, әрине, күнделікті өміріңізде қолданатын болғандықтан. Адам өмірінің жандануы мен құлдырауы жөніндегі мәселе сол кездегі негізгі философиялық сұраққа айналды. Бұл сұрақ ақиқатқа жетудің жолын емес, бәрінен бұрын қалай жақсы өмір сүруге болады деген мәселенің шешімін іздеді. Міне, осы сұрақ төңірегінде өрбіген стоик, эпикуршыл және скептиктер секілді ағымдар өздігінше жауап беруге тырысты.
Сіздің басыңыздан мынадай жағдай өтті ме: жақсы не жаман сәттер, оқиғалар болуы мүмкін, бірақ сіз осы жағдайларға салқынқандылықпен қарап, тіпті назарға аудармайсыз. егер солай болса, онда сіз Стоиксіз. Сіз стоик ретінде болып жатқан барлық құбылыстармен оқиғаларға билік етіп, оларды қалағаныңызша өзгерте алмайтындығыңызды түсінесіз. Ал, қаншалықты билігіңіз жүрмегендіктенде, болған істі өзгертуге тырысудың қажеті жоқ.
Стоиктер («стоя») мектебі. Аталған мектептің негізін салған Китиондық Зенон. Өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. Стоиктердің басты идеясы – сыртқы дүниенің түрлі әсерлерінен құтылу болды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін философтар табиғатпен бірлікте болуға шақырып, байлықты, әсемдікті жақтады. Жағымсыз әлде қуанышты сәттер болсын, салқын қандылық таныту керек, жағымсыз, жан дүние - өтпелі, сондықтанда одан құтылуға асығудың қажеті жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |