3
І.Кіріспе
Сойылған еттің ұшалары мен органдарына ветеринариялық-санитариялық
сараптау арнаулы мал соятын,малды алғашқы өңдеуден өткізетін орындарда
және колхоз базарында ет және ет өнімдерінің асқа жарамды,не жарамсыз
екенін анықтау үшін жүргізіледі.
Малдәрігерлік-санитарлық сараптаудың нәтижелерінде келесі міндеттер
шешілуі тиіс:
1.Сапалы және зиянсыз ет өнімдерін асқа пайдалануға рұқсат беру;
2.Кейбір күмәнді деген ет және ет өнімдерін экономикалық тиімді әдістер
мен зарарсыздандыру;
3.Адамға зиянды ауру малдың еті мен ет өнімдерін тамаққа қолдануға
жібермеу.;
4.Жарамсыз деп табылған органдар арқылы жұқпалы аурулардың
қоздырғыштарын таратпау және қоршаған ортаны қорғау;
5.Жарамсыз деп танылған органдарды арнаулы санитарлық және
технологиялық өңдеуден өткізіп,не малға азыққа,не техникалық бағытта,не
мүлдем жойылуы тиіс.
Ал осындай міндеттерді орындау ет комбинаттарында арнаулы
малдәрігерлік
нүктелер,ал
қасапханаларда,алаңдарда-жұмыс
орындары,көк
базар
малдәрігерлік-санитарлық
сараптау
лабораториясында
байқау
алаңдарын
ұйымдастырады.Мұндай
жұмыстарды
жүргізу
үшін
малдәрігері
арнаулы
киіммен
,пышақпен,шанышқымен,егумен
және
лупамен
жабдықталуы
тиіс.Малдәрігерлік-санитарлық сараптауға міндетті түрде мыналар
жатады:бас,ұша,ливер,бүйрек,желін,жатыр.Белгілі
бір
малдың
ұшасына,басына,ливеріне және терісіне бір реттік сан белгілейді.Ол үшін
қағаздан жасалған нөмірлер қолданылады,оларды ұша мен органдардың
үстіңгі жағына бекітеді.
Малдәрігерлік-санитарлық сараптауға жататын,жоғарыда айтылған
барлық объектілерді бір жерге орналастырып,зерттеуге дайындайды:Ірі
қараның басын ұшадан айырады,тілін жақаралық кеңістіктен еркін шығып
тұратындай етіп үстіңгі жағы мен екі жағынан кеседі.Жылқының басын
ұшасынан айырып,бүтін етіп,кеңсірік желбезегін шауып алады.Шошқаның
терісін түсірген соң немесе ыстық сумен қылын жидіткеннен кейін жақ
астының
кеңістігінен
тілін
кесіп,оны
кеңірдекпен
бірге
4
қалдырады,мойнының төменгі бөлігінің терісінде ұсталып қалатындай етіп
басын кеседі.
Тексерілген өнім мөлшерін есепке алу сондай-ақ ұшалар мен
органдарды бракка шығаруға себепкер болған патологиялық процестерді
тіркеу журналы болу керек.Ет комбинаттарында алдымен басты,сонан
соң ішкі органдарды,соңында ет ұшасын зерттейді. Сондықтан да
малдәрігерлік-санитарлық сараптауды схема бойынша өткізу қажет.
Ұшаны тексергенде оның толық қансыздандырылуын анықтайды,егер
ұша толық қансызданбаса,қатты ауырған не болмаса сояр алдында өте
көп жұмыс істеген малдың ұшасы деп күмәндануға болады.Толық
қансызданбады деп,егер де еттің түсі қоңыр-қошқыл болса;қан
тамырлары қанға толып тұрады,әсіресе тері асты,қабырға бойында
жататын қан тамырлары.Егерде қанның ұшадан нашар ағуы-организмде
бір патологиялық процестің бар екенін дәлелдейді.Өйткені сау малдың
ұшасынан қан ақырындап болса да ағып,ұша қаннан тазарады.Ал егер
ауру малдың ұшасынан қан ақпайды да,етінің түсі қоңыр-қошқылданып
тұрады.Ұшаның толық қансызданғанын анықтайтын көптеген әдістер бар.
Достарыңызбен бөлісу: