3. Мектепте волейбол спорт ойындарынан сабақ өткізудің әдістемелік ерекшеліктері. Спорт және қимыл ойындары – дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді, сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Волейбол еңбекші бұқараны дене шынықтыру және спортпен тиянақты айналысуға, белсенді демалуға, Президенттік сынақ тапсыруға тартудың күшті жолдарының бірі. Енді осы ойынның адам организміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.
Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболмен көпшіліктің жаппай айналысуына жол ашады. Ал волейболшылардың организміне түсетін салмақ мөлшері орташа деңгейде. Денеге аса күшті әсер ететін қимыл-жүгіру мұнда аз қолданылады
Волейбол ойнау реакция жылдамдығын, ептілікті, төзімділікті калыптастыруға көмектеседі, тыныс жүрек-тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылтады, жалпы алғанда организмге игі әсер етеді.
Волейбол адамды ұжымдық қимылға, жеке бас мүддесін команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті, болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйретеді.
Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бір ауызды пікірінше, волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор. Сондықтан осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, демалыс орындарында берік орын алса, нұр үстіне нұр болар еді.
Волейбол ойыны аумағы 9×18м алаңда өткізіледі. Ортадағы сызық алаңды екіге бөліп тұрады. Ортаңғы сызықтың үстіне екі бағанға керілген волейбол торы орантылады. Тордың биіктігі ойыншылардың жасына немесе ұл не қыздар командасы болып ойнауына қарай әртүрлі болады. Жасөспірім ер балаларға арналған тордың биіктігі-220см, қыздар үшін 210см болады. Ойынға әрқайсысында 6 ойыншысы бар екі команда қатысады. Әр команданың ойыншылары өз алаңына ораналасады. Ойынға диаметрі 65-68см, салмағы 250г-дық доп пайдаланылады. Бір команданың ойыншылары допқа үштен артық қол тигізуіне болмайды. Осыдан кейін доп тордан асырылуға тиіс. Сондай-ақ бір ойыншы допқа қатарынан екі рет қолын тигізуіне рұқсат етілмейді .
Ойынның барысында доп қай алаңға түссе, сол командада осы жолы ұпайдан ұтылған болып есептеледі. Допты ойынға қосу құқына ие болған қарсыластары сағат тілі бағытымен қозғалып, орын ауыстырады. Ойын осылайша жалғаса береді.
Қарсыласынан екі ұпай артықшылықпен жоғары ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Жасөспірімдердің ойыны 3 кезеңнен тұрады. Екі кезеңде ұтқан команда жеңген болып есептеледі. Әр кезеңнен кейін командалар алаңдарын алмастырады. Шешуші кезеңдерде бір команда 8 ұпай жинағаннан кейін екі команда алаңдарын алмастырады.
Волейбол елімізде кең тараған ойындардың бірі. Оның көпшіліктік сипат алуы волейбол ойынының ережелері мен қажетті құрал-жабдықтарының қарапайым және бұл ойын қызықты да әсерлі болуына байланысты.
Волейбол ойынының ереже-талабы мынадай айла тәсілдерден тұрады: оқушылардың орын ауыстыруы, допты бір-біріне беруі, допты ойынға қосу, шабуыл соққысы және оған тосқауыл қою.
Волейбол алаңының аумағы шағын болғанына қарамастан ойын кезінде ойыншы тек өз орнын ғана сақтап тұрмайды. Ойын кезінде қажетгі жағдайға байланысты орын ауыстыра беруінің үлкен мәні бар.
Орын ауысытыру дегеніміз – техникалық тәсілдер мен тактикалық іс-қимылдарды шебер орындап шығу мақсатында командадағы ойыншылардың бір-бірімен орын ауыстыруы. Егер ойыншы бастапқы қалыпта қолайлы жағдайда тұрса, онда ол орын ауыстырулары да оңай орындайды. Ойыншының бастапқы қалпы оның негізгі тұрысы. Волейболшының ең қолайлы бастапқы қалпы-екі қолын шынтақган сәл ғана бүгіп, дененің салмағын екі аяққа тең түсіріп, кеудені аздап ілгері бейімдер тұру. Оқу -жаттығулар процесін жоспарлау мен ұйымдастыру әдістемесі
Арнайы спорт мектептері мен дене тәрбиесі мәдениетінің болашақ мамандарын даярлайтын оқу орындары оқушыларын волейбол спорт ойынының қыр-сырына қанықтыру-өте күрделі процесс. Олар:
Волейбол ойыншысына тән дене құрылысы, күш-қуаты және ұжымдық әрекетке бейімдігі бар жаттығулар таңдау;
Әрбір жаттығушыларға тән психологиялық ерекшеліктерді үнемі назарда ұстау;
10-20 жас аралығындағылардың өсуі мен анатомиялық –физиологиялық йяқұрылымын зерделі тексеру;
Болашақ волейбол спорт ойынын жете меңгерушілерге қойылатын
арнайы талаптарды үнемі басшылыққа алу қажеттігі;
Жаттығушылардың ойын барысындағы атқартын функцияларын алдын-ала белгілеу;
Жаттығу жүйесін алдын-ала жоспарлай отырып оның нәтижесін талдау;
Алдағы болатынспорт жарыстарыныңмақсатыменміндетін
ойыншылар мен бірлесе отырып талқылау;
Жаттығушыларды үнемі дәрігерлік байқаудан өткізіп, оларға берілетін
жүктемелердің организм мүмкіншілігіне үйлесімділік табуын қадағалау;
Жарыс-жаттығу кезеңі мен демалу және ширақ мерзімдері арасындағы
органикалық бірлестіктің мерзімін белгілеу;
10.Машықтанушы жастардың болашақ үлкен спорттта биік тұлға дәрежесіне дейін көтерілуіне жағдай жасау.
Сөйтіп, көпжылдық жаттығушылар мен жаттықтырушылардың көздеген мақсатына жетуіне бірден-бір себепші жоғарыдағы аталып өткен кезеңдердің жүйелі, ізбе-ізділікпен бірігуінен болатын нәтиже екендігін ескертеміз.
Көп жылдық дайындықтарға арналған оқу-жаттығу процесіне байланысты құбылыс. Себебі, жаттығу-дәріс кезінде әрбір шәкірт-машықтанушы тапсырма алады, оны өз бетімен орындайды. Тапсырманың түрлерін жаттықтырушы алдын-ала жоспарлап, оның мүлтіксіз орындалуын қадағалап отырады. Жаттығушылар орындайтын ойын тәсілдері бұрынғы меңгерген техникалық жаттығудың күрделіленген түрі немесе бұрын меңгерген ойын элементінің жалағыс да болуы мүмкін.
Сол сияқты жылдық оқу-жаттығу кезеңі жылдың екі кезеңіне бөлінуі.
Мүмкін, олар күзгі-қысқы және көктем-жазғы уақыттар болады. Бұл кезеңдерге сәйкес оқу-жаттығу процесі негізгі үш мерзімдік болып бөлінеді: дайындық, жарыс және өтпелі шақ.Әрбір кезеңге тән жаттығу, ойын техникасын меңгеру, демалу мен ширау сияқты әдейі ұйымдастырылған оқу-жаттығу формалары бар. Машықтанушылардың спорттық жаттығушыға бапкерлер дербес жаттығуға тапсырмалар да беруге болады. Бұл – спортшының өз бетімен іздену жұмысының өте болымды формасы. Әрбір шәкірт-спортшы өзінің командалық ойында атқартын қызметіне байланысты әрекетін сапалы атқарудың тәсілін күрделендірудің әдістемесін өз бетінше меңгеруіне жағдай жасайды және оның ойын процесінде кездесетін, оқиғаға алдын-ала дайындығын қамтамасыз етеді. Жаттығушы-спортшылардың өз бетімен орындайтын дербес жұмысы командалық ойын өрнегін берік игеруге ғана мүмкіндік туғызбайды, ол жеке спортшының ойыншы ретін де құнды қасиеттерін өзін-өзі билеушілікті, ұйымшылдықты, өзінің түпкі ойына жету мақсаттылығын қалыптастырады.
Сонымен оқу-жаттығудың әрбір кезеңінің міндеттері мен мақсаттарын және формаларын таңдап алу, біріншіден, жаттығу міндеттеріне, екіншіден, оқу-жаттығу көлемі мен күрделілігіне, үшіншіден, командадағы спортшылардың жаттығу-спорттық мүмкіншілігіне байланысты.
Волейболшылар оқу – жаттығу процесіндегі басты тұлға, Егер бапкер әрбір спортшыға жаттығу барысында дербес назар аударып, дер кезінде көмектессе, талапкерге зер салса, онда әрбір волейболшы өзін бапкердің сенімді шәкіртімін деп сезінеді, оның адамгершілік көмегін шын ниетпен кабылдайды. Осындай ынтымақтастық педагогикасы жағдайында барлық жаттығушылар шыныға білуді, ойын өрнегін өзі жасауды, сүйеді, өзі таңдаған спорт түрінен болашақ қуаныш зор табыс, мәртебе күтеді.
Волейболшылар үшін әр жылдық оқу-жаттығу жұмыстарының нормаларының дүрыс орындалуы негізгі заңға айналуы қажет.
Сол сияқты, арнайы спорттық бағыттағы мектептердің волейболға машықтанушы топтарға арналған төмендегілердей кұжаттардың болуы міндетті: оқу бағдарламасы, оқу жоспары, оқу сағаттарының жылдық тізбесі, жеке топтардың командалық жеке дара және болашақ жоспарлары, жаттығу кестесі, сынақ-бақылау нормативтерін тапсыру кезіндегі нәтижелері көрсетілген құжаттар және жаттықтырушы бапкердің дәріс мазмұны жазылған қолжазбасы, ең кемінде бір айға арналған жұмыс-дәріс жоспары болуы кажеттілік.
Волейболшылардың оқу-жаттығу процесіне кіретін-барлық жаттығу жүктемесі, ойыншылардың күш-қуаты мен шапшаң икемділігін арттыруға арналған дене шынықтыру дәрістері сол сияқты сауықтыруға арналған емдеу-демалу орындарында болу іс-әрекетін алдын-ала мұқият жоспарлауға бүтіндей тәуелді. Олардың ішіндегі ең негізгілері болып есептелетіндер: спорт түріне байланысты күш-қуатты арттыру міндеті, ойын техникасын меңгерту, тактикалық шеберлік мектебін үйрету, теориялық-интегралдық дайындықтар жиындықтары .