Асқынбаған гипертензиялық криз диагностикасының критерилері. - Асқынбаған гипертензиялық криз диагностикасының критерилері.
- Гипертензиялы криздің нейровегетативтік түріне тəн:
- - кенеттен басталуы;
- - пульстің жиілеуімен қоса систолалық қысымның жоғарлауы;
- - қалтырау, қозу, тітіркенгіш, қорқу сезімі;
- - тері жабындысының ылғалдылығы мен қызаруы;
- - шөлдеу;
- - бас ауыру;
- - жүрек айну;
- - көз алды қарауыту немесе бұлдырау;
- - тахикардия;
- - криздің соңында – ашық түсті зəрдің жиі жəне көп мөлшерде шығуы.
Гипертензиялық криздің сулы-тұзды түрінде байқалады: - Гипертензиялық криздің сулы-тұзды түрінде байқалады:
- - жітілігі шамалылау болып біліну;
- - пульстің сиректеуімен қоса диастолалық қысымның жоғарлауы;
- - енжарлық, ұйқышылдық;
- - бозғылттық;
- - ісінген;
- - бас ауыру;
- - жүрек айну, құсу;
- - парестезиялар;
- - аяқтардағы қысқа мерзімді əлсіздік, гемипарездер, афазия, диплопия.
Гипертензиялық криздің құрысқақты түрінде байқалады: - Гипертензиялық криздің құрысқақты түрінде байқалады:
- - систолалық жəне диастолалық қысымның күрт жоғарлауы;
- - психомоторлық еліру;
- - бастың қатты ауыруы, бас айналу;
- - жүрек айну, қайта-қайта құсу;
- - соқырлыққа шалдықтыратын - көру бұзылыстары, қосарланып көріну жəне басқалары.
- - естен тану;
- - клонустық-тонустық құрысулар.
Асқынған гипертензиялық криз диагностикасының критерилері: Асқынған гипертензиялық криз диагностикасының критерилері: - - салыстырмалы түрде кенеттен басталуы;
- - артериаялық қысымның өзіндік жоғары деңгейі (диастолалық қан қысымы 120-130 мм.сн.б.) жоғарлайды;
- - ОНЖ функциясының бұзылу симптомдары - (диффузиялы түрдегі иетенсивті бас ауыру, баста шуыл сезіну, жүрек айну, құсу, көру нашарлауы, құрысулар, ұйқышылдық, естің айқын бұзылыстары болуы мүмкін) жəне жергілікті симптоматикалары - (бет, ерін, қол саусақ ұштарының парестезиялары аяқ-қолда əлсіздік сезіну, көздегі қосарлану, сөйлеу бұзылуы, гемипарез, энцефалопатия;
- - нейровегетативтік бұзылыстар – (шөлдеу, ауыздың құрғауы, ішкі ағзаларда діріл сезінуі, жүрек қағуы, қалтырау тəрізді тремор, гипергидроз)
- - субъективтік жəне объективтік əйгіленістермен əртүрлі дəрежеде айқындалатын кардиальдық дисфункциялар;
- - айқын офтальмологиялық белгілер (субъективті белгілер мен көз түбіндегі өзгерістер – күрт артериолалардың айқын тарылуы, венуланың кеңеюі, көру нерві емізігінің ісінуі, қан құйылу, торқабықтың ажырауы).
- - алғаш пайда болған немесе бүйрек функциясының нашарлауы.
Достарыңызбен бөлісу: |