Гипотония деп артерия қан тамырының қысымы шамадан тыс төмендеуін айтамыз



Pdf көрінісі
Дата07.12.2022
өлшемі23,89 Kb.
#161678
Байланысты:
Гипотония ауруы — Уикипедия



Гипотония ауруы
Гипотония деп артерия қан тамырының қысымы шамадан тыс төмендеуін айтамыз.
Гипотония ауруы гипертония ауруына қарағанда жиірек кездеседі. Артерия қан
қысымы қалыптан төмен болған жағдайда қан айналымы баяулап, ағзаларға және
олардың әрбір жасушасына жеткізіліп тұратын заттар қажетті мөлшерден аз болады
да ағзадағы зат алмасу бұзылады. Артерия қан қысымы негізінен екі көрсеткішпен
белгіленеді. Біріншісі – жүрек жиырылып қызыл қанды серпіп тастаған сәттегі
қысымның деңгейі, оны систола қысымы дейді. Екіншісі – жүрек босаңсыған сәттегі
қысым деңгейін диастола қысымы дейді. Сау адамдардың систола қысымы 100-140
мм сынап бағанасына, ал диастола қысымы 60-80 мм сынап бағанасына тең. Систола
қысым мен диастола қысымның айырмашылығын тамырлық қысым дейді.
Гипотония физиологиялық және патологиялық деп екіге бөлінеді. Физиологиялық
гипотония денесі қатты шыныққан адамдарда, мысалы спортшылар арасында 2,5-3,5
пайыз кездеседі, оларды медициналық тексеруден өткізгенде денсаулығында
ешқандай өзгеріс табылмайды.
Патологиялық гипотония деп қан қысымының төмендеуінен әртүрлі мүшелер мен
тән жүйелерінде ауытқулардың пайда болуы. Артерия қан қысымы адам түрлі
науқаспен сырқаттанғанда, жарақаттанып қансыраған кезде, сондай-ақ ұзаққа
созылған туберкулез, асқазан жарасы, обыр секілді ауру науқастардың әсерінен
төмендейді. Мұндайда жүрек нашарлап, қан тамырының серпімділік қызметі
әлсірейді.
Гипотония ауруы туралы түсінік
Аурудың себептері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет