Гиппократ телпегі» таңғышын салу техникасы» стандарты
Мақсаты: бастағы таңу материалын бекіту үшін.
Көрсетім:бас жарақаты кезінде.
Қажетті құрал-жабдықтар:ені 10 см болатын 2 бинт, лейкопластырь.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Емделушіні өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз, жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
2. 15 см ұзындыққа жайылған 2 бинтті алыңыз.
3. Бір бинттің шетін екінші бинттің шетіне салыңыз (біреуін екіншісіне қарама-қарсы орау). Сонда 2 басты бинт пайда болады.
4. Екі басты бинтті сол және оң қолыңызға алыңыз.
5. Бинтті бастың маңдай бөлігіне қойыңыз да, бинттің екі басын желке тұсына қарай жүргізіңіз.
6. Желке тұсында қиылыс жасаңыз. №1 бинтті бас сүйек күмбезін жаба отырып, желкеден маңдайға қарай жүргізіңіз. Ал, №2 бинтті бас айналасына циркулярлы бағыттаңыз.
7. №1 бинтті №2 бинт басымен маңдай тұсында қиылыс жасай отырып, маңдай тұсынан желкеге қарай айналым жасаңыз. №2 бинтті бастың қарақұс тұсы арқылы жүргізіңіз (алдыңғы айналымдарды ½ жаба отырып), №1 бинтті бастың айналасында жүргізіңіз.
8. Бастың қарақұс аумағы жабылмайынша, дәкелеуді тоқтатпаңыз.
9. Бас сүйек күмбезі толық жабылмайынша, дәкелеу айналымдарын қайталай беріңіз.
Уздечка» таңғышын салу техникасы» стандарты
Мақсаты:төменгі жақты қозғалтпау.
Көрсетім: беттің, төменгі жақтың бұзылуы.
Қажетті құрал-жабдықтар: ені 10 см бинт, қайшылар.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Емделушіні өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз, жүргізілетін іс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.
2. Бинттің бастапқы алдыңғы жағын сол қолыңызға, ал бинттің өзін оң қолыңызға ұстаңыз.
3. Маңдай және желке аумағы арқылы бастың айналасына – 1 айналым бекітуші циркулярлы айналым жасаңыз.
4. Бинтті желке арқылы иек астына жіберіңіз, ары қарай самай және бас төбесі аумақтарына екі жағынан тіктеп ауысыңыз да, 2ші-айналым бастапқы жағдайға оралыңыз.
5. 2ші -айналымды 3-4 рет қайталаңыз.
6. Бинтті сол жақтан желкеге қарай түсіріңіз де, ары қарай бекітуші айналымға ауысыңыз.
7. Дәкелеуді бастың айналасын бекіту айналымдарымен аяқтаңыз.
8. Бастың маңдай бөлігіндегі жарақаттың үстінен бинттің ұшын бекітіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |