Гистология Эпителиальді ұлпалар



Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#91327
Байланысты:
Гистология. Эпителий

Гистология. Эпителиальді ұлпалар.

Ұлпа дегеніміз белгілі бір функцияны атқаратын, құрылысы жағынан ұқсас,тарихи қалыптасқан жасушалар мен жасуша аралық заттардың комплексі.

Ұлпа дегеніміз белгілі бір функцияны атқаратын, құрылысы жағынан ұқсас,тарихи қалыптасқан жасушалар мен жасуша аралық заттардың комплексі.

Ұлпалар 4 топқа бөлінеді:

  • Эпителиальді ұлпалар.
  • Дәнекер ұлпалар.
  • Бұлшық ет ұлпалары.
  • Жүйке ұлпасы

Эпителиальді ұлпа немесе эпителий

Эпителий (грек сөзі “эпи”-үсті, “телий”-емізікше) емізікшелерді жауып тұрады деген мағына береді.

Эпителий дененің барлық сыртқы беті мен сероздық қабықшаларды қаптайды және организмнің көптеген бездерін құрайды.

Эпителийге тән белгілер:

  • Эпителий – организмді сыртқы немесе ішкі ортадан бөліп тұратын және олармен байланысты қамтамасыз ететін шекаралық ұлпа.
  • Эпителий жасушалары қабат құрап орналасады.
  • Эпителий ұлпасының негізгі массасын жасушалар (эпителиоциттер) құрайды.
  • Эпителийге үнемі сыртқа орта әсер етеді, соған байланысты олардың регенерациялық қабілеті жоғары.
  • Эпителий жасушаларының құрылысы олардың шекарада орналасуына байланысты полярлы болады.
  • Эпителий базальдық мембрананың үстінде орналасады.
  • Эпителийде жүйке талшықтары көп, қан мен лимфа тамырлары жоқ. Қорғаныштық қызмет атқарады.

Эпителийдің классификациясы

  • Шығу тегіне;
  • Құрылысына;
  • Атқаратын қызметіне байланысты.

Морфологиялық классификациясы

Онтогенетикалық және филогенетикалық классификациясы

  • Эктодермадан дамитын эпидермалық эпителий (жабынды эпителий, тері бездері, ауыз қуысының эпителийі, сілекей бездері)
  • Энтодермадан дамитын энтодермалық эпителий (ішектің, бауырдың, ұйқы безінің эпителийлері)
  • Мезодермадан дамитын целонефродермалық эпителий (жыныс бездерінің, бүйректің эпителийі)
  • Жүйке түтігінің бастамасынан дамитын эпендимогиялық эпителий
  • Мезенхимадан дамитын эндотелий

Функциялық классификациясы

  • Жабынды тері эпителийі
  • Кілегейлі қабықшалар эпителийі
  • Сероздық қабықшалар эпителийі (дененің екінші қуысын астарлап тұрады-плевралық, перикардиялық, құрсақ қуысының)
  • Паренхима эпителийі (ішкі мүшелерде-альвеолалық, бүйрек, бездердің эпителийі)

Бір қабатты жалпақ эпителий

Мезотелий – жалпақ жасушалардың жұқа қабаты.

Өкпе альвеолаларының, сероздық қуыстардың және сероздық қабықшалардың беттерін астарлап тұрады. Оларды мезотелий деп те атайды.

Бір қабатты куб тәрізді эпителий

Организмде сирек кездеседі. Аналық жыныс безін қаптайды, бүйректің жұмсақ затының жинаушы түтіктерін, бездердің ұсақ өзектерін (бауырдың, ұйқы безінің, сілекей бездерінің) астарлап тұрады. Қалқанша безінде де байқалады.

Бір қабатты призма тәрізді эпителий

Сирек кездеседі. Негізгі қызметі ылғал беттерді қорғау.

Ішекті астарлайды.

Бір қабатты көп қатарлы призма тәрізді эпителий

Тыныс алу жолдарын астарлайды, мұрын қуысын, кеңірдекті, бронхыларды және т.б.

Көп қабатты эпителий

Көп қабатты эпителий жасушалардың көп қабатынан тұрады, олар тереңгі қабаттағы базальді мембранаға орналасқан.

Көп қабатты эпителий қорғаныш қызметін атқарады.

Көп қабатты мүйізденбейтін эпителий

Бұл эпителийде жасушалардың 3 қабаты болады: базальдық қабат, көп бұрышты немесе тікенек тәрізді жасушалар қабаты, жалпақ жасушадан тұратын үстіңгі қабат.

Ауыз бен өңештің ішкі қуысын, қынапты, көздің мүйізді қабығының бетін, тік ішектің артқы бөлігін астарлайды.

Көп қабатты мүйізденетін эпителий

Тері бетін жауып тұратын тері эпидермисі. Құрылысы мен қасиеттері жағынан түрліше қабатты клеткалардан тұрады.

Көп қабатты ауыспалы эпителий

Ауыспалы эпителий бүйректе, қуықтың ішкі қабатын қаптайды.

Безді эпителий

Безді эпителий деп клеткалары әр түрлі заттарды түзіп және бөліп шығаратын эпителийді айтады.

Бездер бөлетін өнімдер:

  • Секрет
  • Экскрет
  • Бездер:

  • Экзокринді
  • Эндокринді

Көп клеткалы бездер жай және күрделі бездерден тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет