Үгітті-ұққанға,ақылды-жұққанға айт



Дата02.05.2020
өлшемі15,81 Kb.
#65542
Байланысты:
Документ (1)


Тақырыбы: "Үгітті-ұққанға,ақылды-жұққанға айт"

Орындаған:Қобланова Армангүл Дастанқызы

КНШ-201

Халқымыздың даналығында "біреуге ақыл айту ең оңай, ал сол ақылыңды өзің жасау ең қиын іс" ,- деген сөз бар. Тарихымызға көз жүгіртсек аузы дуалы,сөзі уәлі адамдар аз болмаған. Тіпті,өз заманында әулие атанғандар бар. Мысалға,Мөңке би, Майқы би одан берігерек Абай атамыздың сөздері соның дәлелі. Осы тақырыпты таңдауыма Абай атамыздың сегізінші қара сөзі түрткі болды. Шынымен қазіргі таңда ақыл айтушы,үйретуші көп. Ал, соны тыңдап, жүзеге асырушылар барма?! Бар болса пайдасы қаншалық?!

Кеше ғана мектеп қабырғасында жүрсек,қазір студентпін. Осы кезде өзімнен үлкендердің ,ата-анамның, айналамның маған ақыл айтып жатса,тіпті, ұстазымның сөздерінің бір-бірінен аумай қалатынына кейде таң қалатынмын. "Неге барлығы бір сөзді,бір ақылды қайталайды",- деп. Сөйтсем, бұл өмірде көрген білгенін ақыл ретінде айтады екен. Әрине, ақылды тыңдап ,өнерді үйренген жас өмірде өз орнын тауыр,дұрыс жолға түседі.

Ал,қолында билігі бар ,қолы ұзын адамдардың ақыл айтуы қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз? Осы тұста Абай атамыздың мына сөздеріне көңіл бөлсек:

"Біреу - болыс, біреу - би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығымдап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? - деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді."

Жалпы қазақта "малым жаным садағасы,жаным арым садағасы " деген сөз бар. Тұрмыс тіршілігін төрт түлік малынсыз елестете алмаған қазақ халқы үшін ,әрине, мал тіршілік көзі болып табылады. Дегенменде өз малының құлы болып кеткен байдар туралы ақынның ызалана,келеке ете тұра айтқан мына сөздеріне үңілсек:" Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім - ешнәрсе малдан қымбат демейді. Мал болса, құдай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны - бәрі мал. Сөзді қайтіп ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме?"



Осы үзіндіден көргендей қазіргі күндеде өзінің құлқынан әрі аса алмай жүрген болашақ үшін, ел үшін титімдей де іс істей алмай жүрген адамдар бар.

Сондай-ақ,бүгінгі күннің жарқындығы үшін,келешектің кемелдігі үшін жанталаса қызмет етіп артында із қалдырмақ болып жүрген аға буындарымыз бар. Осындай ісіне қарап ,ақылын тыңдауға тұрарлық адамдар өмір сүріп жатырған қоғамда кездейсоқ өмір сүріп жүрген жоқ шығармын деп ойлаймын. Менде осы қоғамның бір бөлшегі ретінде титімдей болсада үлесімді қоссам деген ниеттемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет