Гүлдер әлемінде Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі



Дата12.03.2018
өлшемі38,89 Kb.
#38963
Гүлдер әлемінде

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.

«Зырян қаласының № 9 орта мектебі» КММ.
Сабақтың мақсаты:Гүлдер туралы түсінік беру. Қазақша атауларын үйрену.Түрлерімен танысу. Олардың пайдасын түсіну. Дүниетанымын кеңейтіп, тіл байлығын, ойлау қабілетін арттыру.Әсемдікті сүйе білуге, өсімдіктерді күтуге тәрбиелеу.Көпшілік орында өздерін дұрыс ұстай білуге, басқалармен әдепті қарым-қатынас жасауға үйрету.
Көрнекілігі: суреттер, дидактикалық заттар, слайд.
1.Ұйымдастыру сәті.

Шаттық шеңбері: Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Гүлдей жайнап өсеміз.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін тіпті құлпырып, әдемі болып кетіпсіңдер.Гүлдей жайнап өсе беріңдер! Мен сендерге жұмбақ айтамын, оны шешшеңдер, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білесіңдер.

Жұмбақ.

Қызыл- жасыл көбелек,



Ұша алмайды не керек.

Балалар: Оның шешуі гүл болады.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.Ендеше бүгінгі сабағымыз «Гүлдер әлемінде» деп аталады. Бүгін біз гүл дүкеніне саяхатқа барамыз.Ойын ойнап, тақпақ, мақал-мәтел, тыйым сөздерді айтып, үйренеміз. Гүлдердің түрлерімен танысамыз, пайдасы туралы білетін боламыз.

Тәрбиеші: Қәне, Гүл деген тақпақты айтып, үйренейік.

Қызыл-жасыл гүл егіп,

Баптап, күттік түрлеттік.

Қалмасын деп қуарып,

Апта сайын суардық.

Гүлдендірдік ауланы,

Аулада гүл қаулады.

-Балалар,гүлдерді өсіру үшін көп күтім керкек.Сонда ғана әдемі болып өседі.

Тәрбиеші: Балалар, гүл туралы, олардың аталуы, түрлері жайлы білу үшін біз бүгін Гүлдүкеніне саяхатқа барамыз. Дүкеннен аналарыңа гүл сатып алғыларың келе ме?

-Келеді.

-Гүл дүкенінде өздеріңді сыпайы ұстап, не білгілерің келгенін сұрауға болады. Ұнаған гүлдеріңді сатып аласыңдар.


Тәрбиеші: міне , Гүл дүкеніне келдік

Балалар:Сәлеметсіз бе апай?

Сатушы:Сәлеметсіңдер ме балалар? Келіңдер. Гүл алғыларың келе ме?

Балалар:Анамызға сатып алғымыз келеді. Сіздер гүлді қайдан аласыздар? Сатушы: Біз жылыжайда өсірілетін гүлдерді сатамыз.Гүлдер үш топқа бөлінеді. Дала, бақша, бөлме гүлдері деп.


Мына гүлдің аты нарғызгүл, орысша –георгин, мынау таушымылдық- пион, лалагүл- лилия, қалампыр- гвоздика, жұлдызгүл-астра, раушан –роза, бақытгүл –хризантема деп аталады.

Алина: Мен анамның туған күніне гүл сыйлағым келеді. Бірақ, қандай гүл сыйлауға болатынын білмеймін.

Сатушы : Мына раушан гүлі махабаттың, қуаныштың белгісі деп біледі. Басқа гүлдердің қайсысын болса да сыйлауға болды.

Балалар: Гүлдеріңіз өте әдемі екен.Бізге бәрі ұнады. Мына таушымылдық гүлінің бағасы қанша?

Сатушы: Бұл екі жүз елу теңге тұрады.

Алина : Ал, мына қалампыр гүлі қанша тұрады?

Сатушы : Мұның бағасы төрт жүз теңге толады.

Алина: лалагүлінің бағасы қанша?

Сатушы : Бұл төрт жүз елу теңге тұрады.

Алина : Мен анама осы лалагүлін алғым келеді.

Сатушы : Өте жақсы.Бұл гүл көпжылдық өсімдік.Дәрі ретінде де қолданады.Маусым айында гүл жарады.Сабағынан жұлғаннан кейін он шақты күн реңін жоғалтпайды.Сондықтан жылыжайда өсіріп, қыста да сатылады. Мен қазір әдемілеп орап берейін.

Алина : Көп рахмет. Міне, гүлдің ақшасы.

Сатушы : Балалар, тағы да келіп тұрыңдар. Бізге әдемі гүлдер жиі түсіп тұрады.

Балалар : Сау болыңыз апай.

Сатушы : Сау болыңдар.
Сергіту сәті. Ән : «Біз өмірдің гүліміз»

Тәрбиеші : Енді, мақал-мәтел, тыйым сөзден жарыс өтеді, кім тез жаттап, айтып бере алады екен.


Мақал-мәтел.

Гүл өссе - жердің көркі,

Қыз өссе – елдің көркі.
Тыйым сөз.

Көкті жұлма.

Гүлді жұлма.

Шөпті таптама.

Сыныптағы бөлме өсімдіктері туралы әңгімелесіп, түсінік беру.

Тәрбиеші : Табиғатты, өсімдіктерді қорғау біздің міндетіміз. Ағаш, гүл отырғызып, күту керек. Олар ауаны тазартады. Айналаға әдемілік, әсемдік береді.Жақсы көңіл –күй, қуаныш сыйлайды.


Ойын : «Кім есіне сақтады?»

Слайдтан гүлдердің суреттері көрсетіледі, балалар аталуын, қайда өсетінін айтады.


Қорытындылау.

-Бүгін не туралы оқып, үйрендік?

-Қайда бардық?

- Сендерге не ұнады?

Үйренген тақпақ, мақалды, тыйым сөздерді қайталау.

Жылулық шеңбері.



Балалар гүл суретін алып, сол гүл туралы білгендерін айтып береді.

Шеңберде тұрып, бір - бірінежақсы тілектер айтып, сыйлайды.
Каталог: uploads -> doc -> 1252
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1252 -> Жеткіншектік кезеңдегі агрессивті мінез-құлықты жеңу мен төмендетуге арналған психологиялық тренинг. Тренинг мақсаты
1252 -> Е. Бехлерова «Капустный лист»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет