Гүлді өсімдіктерге морфологиялық талдау



бет3/6
Дата18.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#149844
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
15зертхана.Қожамұрат Аяулыым

Гигрофиттер

Мезофиттер

Мезофиттер - орташа ылғалды орташа тіршілік ететін өсімдіктер. Бұған қоңыржай аймақтың жапырағын түсіретін ағаштар мен бұталары: шалғын және орман шөптесін өсімдіктердің басым көпшілігі, егістік дақылдардан - қатты және жұмсақ бидайдың басым көпшілігі, жүгері, сұлы, асбұршақ, қытайбұршақ, қантқызылшасы, кенепшөп, бадам, жүзім, жемістік дақылдарының көпшілігі, сәбіз, қызанақ, қырыққабат, т.б.жатады.

Ксерофиттер

  • Ксерофиттер - ылғал тұрақты немесе уақтылы жетіспейтін ортада өсетін өсімдіктер. Олар су теңдестігін әр түрлі бейімделу арқылы реттейді. Морфологиялық құрылысы жағынан ксерофиттер алуан түрлі. Мысалы, сабақтары мен жапырақтарында су қорын сақтайтын сабақты-жапырақты суккуленттер сол сияқты жапырақтардың әр түрлі дәрежеде редукциялануы.
  • Ксерофиттердің устьицесі крипта деп аталатын тереңдікте, шұңқырда орналасады және олардың қабырғаларының кескін үйлесімі күрделі болып келеді. Мысалы, алоэда жасуша қабықшасы жасушаларының өскіндері бір-біріне жақындайды, сөйтіп су буының ауаға шығуына кедергі жасайды.
  • Олеандрада әрбір үлкен төледе бірнеше устьице орналасады да, ал төленің қуысы жұмсақ тығын сияқты жиі орналасқан түктермен толып тұрады.

Ксерофиттердің екі тобын ажыратады: склефориттер (грекше «склерос»-қатты) және суккуленттер (латынша «суккулентус»-шырынды).
Склерофиттер - құрғақ, қатты келеді, олар су мол болатын мезгілде де бойына су қорын жинамайтын, денесіндегі ылғалды 25 ға дейін жоғарылатудан зиян шекпейтін ксероморфты құрылымды өсімдіктер. Склерофиттердің жұлып алынған өркендері солмай ұзақ сақталады. Склерофиттерге жүзгін, сексеуіл және тағы сол сияқты шөл, шөлейтті, құрғақ дала өсімдіктері жатады.
Суккуленттер керісінше денесінің белгілі бір бөлігіңде су қорын жинайтын, шырынды, ет-жеңді өсімдіктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет