Глоссарий 1-тақырып. Әлеуметтану қоғам туралы ілім Әлеуметтік



бет18/42
Дата11.12.2021
өлшемі66,73 Kb.
#99034
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ (2)

Индустриализация - ауыл шаруашылығы және өсімдік өндірісі кең дамыған экономикалар мен қоғамдарды негізі өндеуші және осымен байланысты өндірістін өндіру саласы болып табылатын экономикалар мен қоғамдарға айналдыру.

Постиндустриалды қоғам — қоғамның даму сатысы. Постиндустриалды қоғам теориясының негізін қалаған Д.БеллД.РисманА.ТоффлерЗ.Бжезинский,Дж.Гэлбрейт, т.б. Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та 20 ғ-дың 50 — 60-жылдары ғылыми айналымға еніп, 60-жылдардың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа мазмұнға ие болды. Оның айрықша белгілері: шығармашылық, интеллектуалдық еңбектің жаппай таралуы, ғылыми білім мен ақпарат көлемінің сапалы түрде артуы, байланыс құралдарының, ғылым, білім беру, мәдениет салаларының дамуы, т.б. 70 — 80-жылдары постиндустриалды қоғам тұжырымдамасы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың әлеуметке (социумға) ықпалын сипаттауға тиіс футурологиялық және социологиялық теория ретінде дамыды. Америкалық социолог Д.Белл постиндустриалды қоғамды анықтайтын келесі факторларды атап көрсетті: 1) өндірістегі өзгерістің негізіне айналатын теориялық білімнің орталықтандырылуы; 2) экономиялық, инженерлік, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жаңа интеллектуалдық технологияның пайда болуы; 3) білім, ақпарат таратушы әлеуметтік топтың қалыптасуы; 4) билік қатынастарының өзгеруі

Урбанизация (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек­шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көнелатын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет