8-тақырып. Нәсілдік және этностық теңсіздік Аккультурация — әртүрлі мәдениеттердің өзара әсерін білдіретін ұғым.
Ассимиляция – сан алуан әлеуметтік топтардың әлеуметтік және мәдени негізде бірімен бірінің сіңісіп кетуі.
Билингвизм – қостілділік.
Дәстүр — адамдар бұрын пайдалы болғандықтан да қабылдап, кейінгі ұрпақтарға беріп отыратын мәдени нормалар мен құндылықтар, әдеттер.
Дезинтеграция – жүйенің ішкі құрылымының ыдырау процесі.
Деноминация – басқа діндердің заң аясындағы қызметін қолдайтын және қоғаммен арақатынасын позитивті принциптерге негіздейтін діни ұғым.
Этнос – (тайпа, халық дегенді білдіреді) ортақ белгілері мен тұрақты тілі, мәдени және психологиялық ерекшеліктері, салт-дәстүрлері бар белгілі аумақта тарихи қалыптасқан топ.