Вербальді коммуникацияда беру, жеткізу, тарату құралы ретінде адам тілі, яғни дыбыстық тіл – лексикалық және синтаксистік элементтерді біріктіретін фонетикалық белгілер жүйесі қолданылады. Сөйлеу қарым-қатынастың әмбебап құралы болып табылады.
Вербальді емес коммуникациятек қимыл-қозғалыс, мимиканы қолданумен ғана емес, сонымен бірге заттар мен суреттерді (мысалы, жол белгілері мен бағдаршам, діни рәміздер, ұлттық және мемлекеттік рәміздер және т.б.) пайдаланумен байланысты.
Коммуникация <Коммуникация> термині (лат. communicatio, communico – ортақ жасаймын, байланыстырамын, араласамын)– екі немесе одан да көп индивидтер (немесе топ) арасында ақпарат алмасудың техникалық процесі.
Коммуникатор - ақпарат жіберуші адам
Қоғамдық пікір — әлеуметтік қауымдардың қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға, әлеуметтік құбылыстарға қарым-қатынасын білдіретін бұқаралық сананың жағдайы.
Реципиент – ақпарат алушы адам
Тіл – адамзаттық қатынас, ойлау әрекетінің, ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа беру және сақтаудың құралы қызметтерін атқаратын белгілер жүйесі.