Әлеуметтік топ — топ мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынастары барысында бөліну негізінде белгілі бір жағдайда өзара әрекеттестікте болатын индивидтер жиынтығы.
Әлеуметтік институт — қоғамның негізгі кажеттіліктерін
қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды
біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.
Әлеуметтік динамика - қоғам өзгерісінің кезеңдерін мен заңдарын сипаттайды.
Бюрократия – қатаң да дәл ережелер мен үлгілер арқылы реттелетін қызметтер мен биліктің бөлінісіне негізделген қызметтер мен рольдердің иерархиясынан тұратын әлеуметтік құрылым.