Азаматтық қоғам
— жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның
күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың ӛздері тудырған қауымдастықтар
(қоғамдық кәсіби, шығармашылық ұйымдар, ассоциациялар және т.б.) азаматтардың
ӛндірістік және жеке ӛмірі, әдет-ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда мемлекеттің
жеке адам ӛміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде
танылған ережелерге сай құкықтары сақталады.
Аймақтық
— белгілі бір жерге, облысқа, кӛршілес бірнеше елге қатынасы бар нәрсе.
Мысалы, Арал теңізінің жағалауындағы елдер жиналып, осы ӛңірдін экологиялық
жағдайын түзетуге арналған аймақтық шарт қабылдауы.
Аккредитация
— 1) шет ӛкілеттілікке ие болу, сенім грамотасын тапсыру; 2) ақша
алуға немесе сауда операцияларын жасауға ӛкілеттілік.
Алуандық
—қоғамдық ӛмір субъектілерінің (топтардың, таптардың, ұлттардың және т.б.)
экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, діни және т.т. мүдделерінің алуан
түрлілігін білдіретін, пікір сайысы, билеуші және оппозициядағы партиялардың ӛкімет
билігін іске асыруға қатысуға жағдай жасайтын билік жүйесі. Ол тежемелеу және тепе-
тендік жүйелері арқылы биліктің орталықтануына, бір партияның немесе саяси күштің
қолына шоғырлануына қарсы тосқауыл қояды.
Альтернатива
— бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін тандап, бірін ғана
талғап алу. Мысалы, сайлау кезінде бірнеше үміткерлердің біреуіне ғана дауыс беру.
Альянс
— ортақ мақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың
одағы, бірлестігі. Әдетте, жағымсыз, келеңсіз мағынада пайдаланылады.
Анархизм
— жеке адамды мемлекеттік биліктен кұткаруға бағытталған әлеуметтік-саяси
ағым. Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз кӛндіретін органдарды азаматтардың
еркін ассоциацияларымен (құрама одақтармен) алмастырғылары келеді. Оның алғашқы
идеялары Платонның еңбектерінде кездеседі. Орта ғасырда утопистердің, жаңа дәуірде
ұсақ буржуазия (У. Годвин, М. Штирнер, П. Прудон), орыс және халықаралық революция-
лық қозғалыстың идеологгарының (М. Бакунин, П. Кропоткин) ілімдерінде кең тараған.
Қазіргі кезде бұл ағымның саяси ӛмірде әсері шамалы.
Анархия
— 1) мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар
аркылы ӛзін-ӛзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті ӛмірде
тәртіпсіздікті, жӛнсіздікті, заңсыздықты, басшылықтың жоқтығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |