Глоссарий Алгоритм



бет7/7
Дата11.09.2020
өлшемі37,93 Kb.
#77759
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-дәріс конспект

есептелетін функция деп аталады. Есепті шешетін рекурсивті функция құру мүмкіндігінің бар екенін Черч, Гегель, Клини ғалымдар ашты.

  • машиналық математикамен байланысты. Пост, Тьюринг жұмыстарында есепті шешетін алгоритмдік процесстер – қажетті немесе сәйкес түрде құрастырылған машина орындайтын процесс деді.

  • А.А. Марков – математик, қалыпты алгоритм түсінігін енгізді.

    Жалпы алгоритмдердің келесі түрлері болады:

      1. Тұрмыстық

      2. Есептеу

      3. Рекурсивті

      4. Қосалқы

    Күнделікті өмірде белгілі бір мақсатқа жету үшін орындалатын, ешқандай роботтың көмегін талап етпейтін, адамдардың сана – сезімінен тәуелді әрекеттер жиынын тұрмыстық алгоритмдер дейді.

    Формула көмегімен шығарылатын, есептеуді қажет ететін, күрделілігіне байланысты белгілі бір техниканың араласуын талап ететін алгоритмдерді есептеу алгоритмдері дейді.

    Рекурсивті алгоритм деп есептеу алгоритмінің бір түрін айтады. Оның нәтижесі формуланың ішіндегі бір параметрінің мәні басқа бір өзгеріп отыратын параметрден тәуелді болудан шығады.

    Қосалқы алгоритм дегеніміз күрделі алгоритмдердің бірнеше жай алгоритмге бөлінуі арқылы негізгі алгоритмге қажетті уақытында ғана шақырылатын, жалпылама жағдайға негізделіп дербес құрылатын алгоритмдер.

    Алгоритмдер құрылымына қарай үшке бөлінеді:


    1. Сызықты

    2. Тармақталған

    3. Қайталану немесе циклдік

    Операциялардың реті алгоритмнің өз структурасымен анықталған және енгізетін шамалардың жеке мәндеріне тәуелсіз, тізбектеліп орындалатын алгоритмдерді сызықты алгоритмдер дейді.

    Енгізетін шамалардың жеке мәндерінен тәуелді бірнеше әрекеттердің біреуінің орындалуын тағайындайтын алгоритмдерді тармақталған алгоритмдер дейді.


    Циклдік алгоритмдер

    2 түрлі:


    1. «дейін» - шарты алдын – ала берілген

    2. «әзірше» - шарты соңынан берілген

    «дейін» циклында белгілі шарт тексеріліп, егер ол ақиқат болса ғана цикл денесі қайталанып орындалады. Егер шарт бірден жалған болса, цикл денесі бір де бір рет орындалмайды.

    Цикл денесі дегеніміз – бірнеше рет қайталанып орындалатын әрекеттер тобы.

    Блок –схемасы


    «кейін» циклында цикл денесі берілген шарт ақиқат болғанға дейін қайталанады.Алдынғы алгоритмнен ерекшелігі – цикл денесі шартқа дейін ең болмағанда 1 рет орындалады.



    Блок – схемасы





    ...



    Иә

    жоқ



    ...

    Өзін тексеру сұрақтары



    1. Алгоритмнің қасиеттері?

    2. Алгоритм түрлері?

    3. Алгоритм қолданыстары?

    Ұсынылатын әдебиеттер

    1. Е. Бидайбеков, Е. Медеуов, А. Ниязбаев. Информатика бастамалары (алгоритмдеу). Алматы, 1990ж.

    2. Вирт Н. Алгоритмы + структуры данных. Программы. – СПб, 2001ж.

    3. Симонович С., Евсеев Г.Практическая информатика: Инфорком- Пресс, 1998г.

    4. Острейковский В.А. Информатика, Москва, 2000 г.

    5. Петров А.В., Алексеев В.Е., Ваулин А.С., Петрова М.А., Титов М.А., Шкатов П.Н. Вычислительная техника и программирование, Москва, 1990.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет