Глоссарий анатомия



бет1/2
Дата12.10.2022
өлшемі27,39 Kb.
#152749
түріАнализ
  1   2
Байланысты:
ЖЕФ глоссари


ГЛОССАРИЙ

Анатомия - организмнің ішкі және сыртқы құрылысын зерттейтін ғылым.

Аккомодация (көздің икемділігі) - көздің түрлі қашықтықтағы нәрселерді айқын көрінуге мүмкіндік беретін сәулелерді сындыру күшінің өзгеруін атайды.

Астигматизм- деп торлы қабықта нәрсе бейнесінің анық болмауын атайды.

Анализ - мида әркелкі сигналдарды айыру, бөлу, организмге тиетін әралуан әсерді ажырату.

Ассимиляция - жасушалар құрамына кіретін күрделі және арнайы заттардың жаңадан түзілуі (синтезделуі).

Анализаторлар (талдағыштар) - белгілі ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құрылған құрылымдардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі (қабылдағыш, өткізгіш жолдары, орталықтар) бөлігі.

Акселерация -бала организмінің морфофункционалдық дамуының жылдамдауы.

Антропометрия - дене көрсеткіштерін өлшеуді атайды.

Аксон - жүйке жасушасының ұзын талшығы.

Афференттік (сезімтал) жүйке - қозуды орталыққа жеткізетін жүйке.

Бипорлярлы - қос тармақты нейрон .

Вегетативті жүйке жүйесі -ішкі ағза қызметін, заттар алмасуын, өрбу үрдістерін реттейді.

Гемостаз (грек. haemo-қан, stasis-тоқтау) деп қанның сұйық қалпын және эндотелтийдің бүтіндігін, тамырдағы қан ағысының сақталуын, сондай-ақ сыртына шықпауын не ағып тұрған қанның тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі биохимиялық және биофизикалық үрдісін атайды.

Гемоглобин - құрамында темір бар белок тектес зат.

Гемолиз ( грек,. haima-қан, lysis-еру) - деп эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуын атайды.

Гигиена (грек. hygieinos-дені сау) - денсаулықты сақтау жөніндегі ғылым.

Гормон - ішкі секреция бездері жасап шығаратын биологиялық белсенді заттар.

Гомеостаз - деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, тяғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы) атайды.

Гиперметропия - көздің алыстан көргіштігі.

Дендрит - жүйкенің тармақталған қысқа өсіндісі.

Диастола - жүректің босаңсу кезеңі.

Диссимиляция - деп зат алмасуға қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы.-

Дистанциялық қабылдағыштар - бұл ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан қабылдайды.

Иммунитет - деп иммунды жүйенің денеден бөгде заттарды шығарып тастау қасиетін айтады.

Инспирация - ол демалу.

Инстинк - тұқым қуалайтын әрбір жануарға тән, оның күйіне қарай немесе тап осы жағдайда жүзеге асырылатын, күрделі туа біткен мінез -құлығының жиынтығы.

Интерорецепторлар - ішкі ағзаларда, ұлпаларда, қан тамырларда орналасады, ішкі мүшелердегі өзгерістерді қабылдайды.

Карбогемоглобин - гемоглобин көмірқышқылымен байланысқан тұрақсыз қосылыс.

Контакты қабылдағыштар - бұл тітіркендіргішпен тікелей жанасқанда мәлімен алады.

Лейкоцит (leucocytus) - қанның ақ жасушасы.

Лейоцитоз - ден қанда лейкоцит санының көбеюі.

Лейкоцитопения - деп қанда лейкоцит санының азаюы.

Лимфоцит - анрнамалы иммунитет қалыптастырып, бүкіл ағзадағы иммунитет жайын қабылдайды.

Мектеп гигиенасы - өсіп келе жатқан ұрпақтың, балалардың, жасөспірімдердің денсаулығын қорғау, нығайту және дамыту жөніндегі ғылым.

Морфология (грек. morphe- форма) - деп адам және жануарлар денесінің құрылысы мен формасын зерттейтін ғылымды атайды.

Миопия - көздің жақыннан көргіштік кемістігі.

Медиатор - қозу үрдісін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігінің везикулаларында болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет