3. Мәліметтер схемасын жасауға арналған жаттығулар
Лабораториялық жұмысты жасау үшін төмендегі жаттығуларды орындау қажет:
1) 2 лабораториялық жұмыста айтылған объектілер үшін 1:1 және 1:М типіндегі байланыстар орнату керек, егер объектілер жеткіліксіз болса, онда тағы бірнеше объектілерді сипаттап қосу қажет;
2) жоғарыда көрсетілген жолдардың біреуін қолдану арқылы мәліметтер схемасын жасау режимі енгізілуі тиіс;
3) схемаға қажетті кестелерді қосу керек;
4) кестелер арасында байланыс орнату қажет;
5) басты және бағынышты кестелердегі мәліметтерді жойғанда/қосқанда мәліметтер біртұтастығын қамтамасыз ету шарттарының қалай жұмыс істейтінін тексеру керек;
6) әр түрлі жолдармен біріктіру байланысын орнату қажет.
Лабораториялық жұмыс 2-4 сағатқа есептелген. Access-тің мүмкіндіктерін зерттеу барысында мәліметтер схемасын жасау үшін жоғарыда айтылған барлық тәсілдерді меңгеру керек.
Кейбір салалардағы объектілер арасындағы байланыстарды қарастырайық. Мысалы «Кітап» базасында 3 объект сипатталуы тиіс:
«Кітап» объектісі мынадай өрістерден тұрады: Инвентарлық нөмір, Автордың фамилиясы мен инициалдары, Кітаптың аты, Басылған жылы, Баспа аты, Басылған орны;
«Кітапхана кітабы» объектісінде мынадай өрістер болады: Инвентарлық нөмір, Шифр, Кітаптар саны, Бағасы;
«Баспа» объектісінің құрамына мынадай өрістер кіреді: Баспа аты, Директордың фамилиясы мен инициалдары, Адресі, Телефоны.
Түйінді өрістер қалыңдатылған қаріппен берілген. «Кітап» және «Кітапхана кітабы» объектілерінің арасында Инвентарлық нөмір жолы арқылы 1:1 байланысы орнатылуы мүмкін. Ал «Баспа» және «Кітап» объектілерінің арасында болатын 1:М байланысы Баспа аты өрісі арқылы орнатылуы мүмкін.
«Телефонмен сөйлесу» саласы мынадай 3 объект арқылы сипатталады:
«Телефон» объектісінің құрамына мынадай өрістер кіреді: Телефон нөмірі, Иесінің фамилиясы мен инициалдары, Адресі, Аппарат маркасы, Аппараттың құны;
«Тапсырыс» объектісінде келесі өрістер түрлері бар: Тапсырыс коды, Телефон нөмірі, Тапсырыс мерзімі, Минуттар саны, Қаланың коды;
«Сөйлесудің бір минуты» объектісінде мынадай өрістер бар: Қаланың коды, Қала, Мемлекет, Бір минут құны.
Түйінді өрістер қалыңдатылған қаріппен берілген. 1:М байланысы Телефонның нөмірі өрісі арқылы «Телефон» және «Тапсырыс» объектілері арасында орнатылуы мүмкін. Соған қоса, 1: М байланысы «Сөйлесу минуты» және «Тапсырыс» объектілері арасында Қаланың коды өрісі арқылы орнатылуы мүмкін.
«Мектеп» саласы 2 объектінің сипатталуы арқылы беріледі:
«Оқушы» объектісі Оқушы коды, Оқушының фамилиясы мен инициалдары, Туылған мерзімі, Адресі, Сынып нөмірі өрістерінен тұрады;
«Сынып» объектісі мынадай өрістерден тұрады: Сынып нөмірі, Оқушылар саны, Аудитория, Старостаның фамилиясы мен инициалы, Сынып жетекшісінің фамилиясы мен инициалы.
Түйінді өрістер қалыңдатылған қаріппен берілген. 1: М байланысы «Сынып» және «Оқушы» объектілерінің арасында Сынып нөмірі өрісі арқылы орнатылуы мүмкін.
Берілген аймақтардағы объектілер арасындағы байланысты анықтау кезінде, объектілердің шын мәнінде бар байланыстарын олардың ақпараттық сипттамасына ауыстыру керек. Әрбір байланыс объект сипаттамасында бар нақты өрістер арқылы және өздерінің типтерінің сәйкестігі бойынша орнатылады.
1 жаттығу
Қарастырылып отырған пәндік аймақтағы объектілердің арасында қандай байланыс бар екенін анықтау (бұрынғы лабораториялық жұмыстардан).
Мәліметтер схемасына қандай кестені енгізу керектігін анықтау.
Менюдегі Сервис/Мәліметтер схемасы (Сервис/Схема данных) командасы арқылы мәліметтер схемасын жасау режиміне кіру.
3.1-пунктте анықталған байланыстарды жасау.
Байланыс параметріне қажетті тағайындаулар орнату.
Мәліметтер схемасын сақтау.
2 жаттығу
1 жаттығуда жасалған мәліметтер схемасымен жұмыс істеу режиміне кіру.
Тышқан курсорын кез келген бір 1:М байланысына апарып, байланыс параметрлері терезесіндегі «Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету» жалаушасын белгілеу.
Бағынышты кестемен жұмыс істеу режиміне кіру.
Бағынышты кестедегі біртұтастық шектеулерді бұзатын мүмкіндік туғызу, мысалы, байланыс өрісіне басты кестеде жоқ мәнді енгізу.
Аccess-тің МБ біртұтастығын қалай қамтамасыз ететіндігін зерттеу.
«Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету» жалауша белгісін алып тастап, байланыс параметрін өзгерту.
3 – 5 пункттерде жазылғандай түрде бағынышты кестемен жұмыс істеу.
Мәліметтер схемасын сақтау.
3 жаттығу
1 жаттығуда жасалған мәліметтер схемасымен жұмыс істеу режиміне кіру.
Тышқан курсорын кез келген бір 1:М байланысына алып келіп, байланыс параметрлері терезесінде «Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету» және «Байланысқан өрістерді каскадты түрде жаңарту» жалаушасын белгілеу.
Бағынышты кестемен жұмыс істеу режиміне кіру.
Бағынышты кестемен біртұтастық шектеулерін бұзу арқылы жұмыс істеу, мысалы, байланыс өрісінің мәнін басты кестеде жоқ мәнге өзгерту.
Аccess программасының мәліметтер біртұтастығын қалай қамтамасыз ететінін зерттеу.
Байланыс параметрін «Каскадты түрде жаңарту» жалаушасын алып тастау арқылы өзгерту.
3-5 пунктте көрсетілгендей түрде бағынышты кестемен жұмыс істеу.
Мәліметтер схемасын сақтау.
4 жаттығу
1 жаттығуда жасалған мәліметтер схемасымен жұмыс істеу режиміне кіру.
Тышқан курсорын кез келген бір 1: М байланысына алып бару, параметрлер байланысы терезесінде «Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету» және «Байланысқан жазбаларды каскадты түрде жою» жалаушаларын белгілеу.
Басты кестемен жұмыс істеу режиміне кіру.
Басты кестемен мынадай әрекет орындау, мысалы, басты кестедегі бағынышты кестемен байланысы бар жазбалардың біреуін жою.
Аccess программасының мәліметтер біртұтастығын қамтамасыз етуін зерттеу.
«Байланысқан жазбаларды каскадты түрде жою» жалаушасын алып тастау арқылы байланыстар параметрлерін өзгерту.
3-5 пункттерде көрсетілгендей түрде басты кестемен жұмыс істеу, мысалы, басты кестенің бағынышты жазбалары бар кез келген бір жазбасын өшіру.
Мәліметтер схемасын сақтау.
Басты және бағынышты кестелерді қарап отырып, Аccess программасының мәліметтер біртұтастығын қалай қамтамасыз ететінін зерттеу.
5 жаттығу
1 жаттығуда жасалған мәліметтер схемасымен жұмыс істеу режиміне кіру.
Тышқан курсорын кез келген бір 1:1 түріндегі байланысқа апарып, байланыстар параметрлері терезесіндегі «Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету» жалаушасын белгілеу.
Бағынышты кестемен жұмыс істеу режиміне кіру.
Біртұтастық шектеулері бұзылған бағынышты кестемен жұмыс істеу, мысалы, басты кестеде жоқ мәнді бағынышты кесте байланыс өрісіне енгізу.
Аccess программасы мәліметтер біртұтастығын қалай қамтамасыз ететінін зерттеу.
Байланыс параметрлерін «Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету» жалаушасын алып тастау арқылы өзгерту.
3-5 пункттерде көрсетілгендей түрде бағынышты кестемен жұмыс істеу.
Мәліметтер схемасын сақтау.
6 жаттығу
1 жаттығуда көрсетілгендей түрде мәліметтер схемасымен жұмыс істеу режиміне кіру.
Тышқан курсорын кез келген бір 1:М байланысына апарып, байланыстар параметрлері терезесіндегі «Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету» жалаушасын белгілеу.
Достарыңызбен бөлісу: |