Глоссарий Автоматтандырылған тестілеу (компьютерлік тестілеу) – Автоматизированное тестирование


Лекция №14. Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі



бет38/52
Дата07.02.2022
өлшемі220,49 Kb.
#95438
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52
Байланысты:
ҒИАМК Шынар апай

Лекция №14. Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі
Білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы мектеп оқушыларын компьютерлік оқытуға, ақпараттық-қатынастық технологиялар (АҚТ) саласындағы қазіргі заманғы жетістіктерді олардың белсенді игеруіне, Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық-білімдік ортаны жасауға бағытталған. Осының барлығы, ақыр соңында, білім берудің сапасын жаңарту мен арттыруға, мектеп оқушылары мен болашақ кәсіпқойлардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, әлемдік қоғамдағы Қазақстан азаматтарының мәдениаралық және тілдік қатынастары үшін негіздерді жасауға бағытталған болатын.
Қазіргі уақытта білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы кең ауқымды сипат алды және білім берудің барлық саласына: кәсіптік мектептерге, коледжілерге, жоо-на, институттарға және кәсіптік кадрлардың біліктіліктерін арттыру курстарына тарады.
Ақпараттандырудың негізгі бағыттары:
- АҚТ-ды оқу процесіне енгізу бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
- компьютерлік техникамен қамтамасыз етушіліктіктің әлемдік көрсеткішіне жету үшін орта білім беру ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру;
- орта білім беру ұйымдарын Ғаламтор желісіне қосу;
- білім берудің барлық деңгейлерінде арақашықтықтан оқыту технологияларын дайындау және енгізу;
- аймақтарда білімдік ақпараттық ресурстық орталықтарды және министірліктің білімдік порталын құру;
- білімдік бағдарламаларға сәйкес орта білім беру ұйымдарын электрондық оқулық басылымдармен жасақтау;
- мемлекеттік органдардың біртұтас көліктік ортасының базасында портал мен аймақтардың ресурстық орталықтарын біріктіру;
-мониторингтің (сараптаманың) ақпараттық жүйесін енгізу;
- білім беру ұйымдарын басқару және талдау.
Ақпараттық қатынастық технологияларды оқу процесіне енгізу және білім берудің жай-күйін сараптау мен талдаудың шек келтірмейтін мәліметтерінің негізінде басқарушылық шешімдерді қабылдау есебінен білім беру сапасының деңгейін арттыру.
Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі
Республиканың барлық аймақтарын қамтитын орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың маңызды кезеңдерінің бірі Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесін (ББАЖ) енгізу мен жасау болып табылады.
ББАЖ – бұл білім беруді дамыту индикаторының және қазіргі заманғы мектеп оқушыларының даму көрсеткіштерінің барлық спектрі бойынша деректер қоры. ББАЖ – диагностикалау мен мониторингтің сенімді құралы. Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі білім беру жүейесінің қызметкерлерінің ақпаратты өңдеу және жинау бойынша, ақпаратты жинау мерзімін қысқарту, басқару шешімдерін шығару мен талдауға арналған ақпараттың едәуір көлемін қамтамасыз ету, алдын ала қарастырылмаған жағдайларда жаңа талдау түрлерін жүргізу мүмкіндігі, ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету, мамандықтарын көтеру үшін білім қызметкерлерінің тәжірибемен алмасуы бойынша жұмыстарын автоматтандыру үшін арналған.
2002 жылы ББАЖ жобасының 1 фазасын жасау аяқталды, оның нәтижесінде ҚР Білім және ғылым министрлігі облыстық білім департаменттерінен 10 шағын жүйелер бойынша деректерді енгізу автоматтандырылды.

1. Мектепалды білім беру


2. Мектептегі білім беру
3. Кәсіптік білім беру
4. Кадрлармен қамтамасыз ету
5. Құжаттардың орындалуын бақылау
6. Растау және аттестациялау
7. Есеп берушілік
8. Қаржы
9. Оқулықпен қамтамасыз ету
10. Ақпараттандыру
Жоғарғы білім және жалпы орта білім деңгейінде білім беруді ұйымдастырудың мониторингі мен сараптамасының ақпараттандыру жүйесі (МСАЖ) «Электрондық үкіметтің» компонентерінің бірі.
Білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік органдарға қажетті ақпаратпен мемлекеттік деректер қорын толықтыруды МСАЖ қамтамасыз етеді.
ББАЖ бастапқы ақпаратты жинауды автоматтандыруға, ҚР БҒМ-нің Орталық аппаратына бастапқы ақпаратты беруге, бастапқы ақпаратты алу негізінде талдау жүргізу мен статистикалық есеп беру генерациясына арналған. Жүйені жасау мақсаты бастапқы ақпаратты жинауды автоматтандыру, ҚР БҒМ-нің Орталық аппаратына бастапқы ақпаратты талдау жүйесін енгізу негізінде білім беру үрдісін тиімді басқаруды көтеру болып табылады.
Жүйе келесі мақсаттарға жету үшін жасалған:
– жоғарғы, бастауыш және орта арнаулы білім, жалпы орта білім деңгейінде білім беруді ұйымдастыруда бастапқы ақпаратты беру мен жинауды автоматтандыру;
– білім біру ұйымдарынан БҒМ-нің басқарушы орталығына бастапқы ақпаратты беру кезіндегі оның дұрыстығын қамтамасыз ету;
– бастапқы ақпаратты сақтау мен есепке алуды қамтамасыз ету;
– бастапқы ақпараттың талдануы мен статистикалық есеп берудің генерациясын қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет