Автоматтандырылған тестілеу (компьютерлік тестілеу) – Автоматизированное тестирование (компьютерное тестирование) – тестілеудің арнайы бағдарламалық жүйесі мен онда орналастырылған тестілердің көмегімен оқушылардың білімін тексеру.
Ағынды аудио – Потоковое аудио (Streaming audio) –файл толығымен жүктелместен бұрын браузер арқылы ойнала бастайтын аудио файл.
Ағынды бейне (Потоковое видео (Streaming video)) – сіздердің компьютерлеріңізге клиптің тұтастай жүктелуінің аяқталуын күтпестен оны Интернет бойынша қарап шығуға болатын бейне.
Ақпараттық iздестiру жүйесi (Информационно-поисковая система;informtion retrieval system) – форматталған сұраным бойынша мәлiметтердi сақтауға және iздестiруге арналған бағдарламалық жүйе.