Глоссарий Логопатия (гр т. pathos –ауру, азап шегу)



Дата23.04.2020
өлшемі14 Kb.
#64534
түріҚұрамы
Байланысты:
Глоссарий сойлеу жуй буз


Глоссарий

  1. Логопатия (гр.т.pathos –ауру, азап шегу) – тіл мүкістіктерінің жалпы атауы.

  2. ЖСТД - жалпы сөйлеу тіл дамымауы. Есту қабілеті мен ой-өрісі әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері.

  3. Анамнез (грек т. anamnesis- еске түсіру)- ауру адамның тұрмыс жағдайы және оның сыртқатының басталу себебі мен даму барысын білдіру туралы мағлұмат.

  4. Анартрия ( гр.т.arthroo-буын) – сөйлей алмау. Анартрия дизартрияның ауыр түрі. Дыбыс жарғақтарын қозғауға қатысатын еттің салына байланысты сөйлеу қабілетінен толық айырылу.

  5. Анализатор- сыртқы және ішкі дүниенің күрділі тітіркендіргешерін жеке элементтерге ажыратып, яғни талдау ( анализ) жасайтын нервтік механизм.

  6. Белсенді сөз қоры- сөйлегенде жиі пайдаланатын сөздер.

  7. Билингвизм ( лат.т.-lingua- тіл) – екі тілде бірдей сөйлеу.

  8. Логопедиялық ықпал - сөйлеу әрекетінің бұзылыстарын орнын басуға (компенсация) және түзетуге (коррекция) бағытталған педагогикалық процесс.

  9. Онтогенез (гр.т.on, ontos – болмыс, тіршілік)- тіршіліктің пайда болукезінен аяқталуына дейінгі өзінің өзгеріске ұшырауын қамтитын организмнің дербес дамуы.

  10. Палатализация (гр.т.palatalisation - жіңішкірейту) – арикуляциясын қосымша қатыстыру жолымен тілдің ортаңғы үстін таңдайға көтеру арқылы дауыссыз дыбыстарды жіңішкертп айту тәсілі.

  11. Паралич (гр,т.paralyo- әлсіреу) – нерв жүйелерінің зақымдалуынан бұлшық еттердің немесе бұлшық ет жиынтықтарының қимылдап әрекет ету қызиетінен толық айырылып жансыздануы, садануы.

  12. Парез (гр.т.paresis- әлсіреу) - нерв жүйелерінің зақымдалуынан бұлшық еттердің немесе бұлшық ет жиынтықтарының қимылдап әрекет ету қызиетінен айырылып жансыздануы, жартылай жансыздануы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет