Табыс бойынша сұраныс икемділігі – табыстың өзгерісіне тұтынушылық сұраныс қаншалықты сезімтал екенін өлшейді.
Ұсыныс икемділігі – нарықтық бағаның өзгеруіне жауап ретіндегі ұсыныс көлемінің өзгеру шамасы .
Шекті пайдалылық – бұл берілген тауарды тұтыну көлемін бір бірлікке көбейткен кездегі жалпы пайдалылықтың өсімшесі.
Шекті пайдалылықтың кемімелі заңы – уақыттың салыстырмалы қысқа аралығында өнімнің әрбір келесі бірлігінің шекті пайдалылығы кемиді, өйткені тұтынушы осы нақты өнімге қанағаттанады.
Шекті өнімнің кемімелі заңы –басқа факторлар тұрақты болып, айнымалы факторларды қолдануды арттыру нәтижесінде ең жоғарғы нүктеге жеткеннен кейін, осы факторды қосымша қолданудың өнім көлемінің төмендеуіне әкелуі.
Шекті шығындар –қосымша бір өнім бірлігін өндіруге жұмсалған шығын.
Экономикалық модель – экономикалық құбылыстарды немесе оның белгілі бір фрагментін қарапайым түрде көрсету .