Білім беру философиясы - мәдени ортада адамның ақыл-ойы мен адамгершілік дамуы қалай жүретінін және бұл процеске білім беру жүйесі қалайша әсер ететінін қарастырады.
Білім беру ұғымы процесс ретінде бұл тұлғаның жетістікке жетуі үшін арнайы ұйымдастырлған оқу-тәрбие процесі, яғни педагогикалық процесс. Ол мұғалімнің сабақ беруі мен оқушының оқу арқылы жүзеге асады.
Білім беру ұғымы нәтиже ретінде ол тұлғаның жеткен жетістігі, жинақтаған білімдері, іскерліктері, дағдылары, яғни жинақтаған әлеуметтік тәжірибесі.
Білім беру ұғымы жүйе ретінде бұл азаматтарға жетістікке жету үшін және педагогикалық процесті жүзеге асыратын арнайы ұйымдастырылатын әлеуемттік жүйені атаймыз.
Білім беру жүйесі ол арнайы ұйымдастырылған, тарихи қалаптасқан оқу-тәрбие мекемелерінің және оқу бағдарламаларының жиынтығын атаймыз.
Педагог – бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын қызметкерлер.
Педагогтар- құл иеленушінің баласына жауапты құлдардың атауы (грек тілінен аударғанда баланы жетелеп жүруші құлдар дегенді білдіреді) Грек қоғамындағы ауқатты шенеуліктердің баласының тәрбиесімен айналысатын адамдар.
Дидаскалар-оқыту ісімен айналысқан ежелгі грек мұғалімдері.
Педотриб – палестра (спорт) мектебінің мұғалімінің атауы, яғни қазіргі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Педаном – Спарта полисіндегі мемлекеттік тәрбие мекемесінің басшысы (Спарта - ежелгі грек полисі).