Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм : скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы туралы эссе-негіздеме жасаңыз



Дата04.11.2022
өлшемі28,93 Kb.
#156579
Байланысты:
Тәуекел Ажар Философия (копия)
Макала Ұстаз мәртебесі, The Human-Nature Relationship and its impact on health, өмір қауіпсіздігі, Present Simple, 1 курс 1 академ. на 2020-2021, Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм-emirb.org, СИЛЛАБУСҚАЗАҚСТАНТАРИХЫ2022-23оқу жылы ФАКИЯ апай, Semynar suraktari лексикология2013, Тауекел Ажар (1) (копия), Тауекел Ажар, Хандық дәуірдегі қазақ әдебиеті (Қазақ тілі мен әдебиеті), Философия-менің-өмірімде.-Бесимбаева-Асель, 319, P10.01 - kk - 10100665988260

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті

СӨЖ
“Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм»: скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы туралы эссе-негіздеме жасаңыз.”

6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаған:Тауекел Ажар
Тексерген:Қаппарқызы Ж.
Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» десе, ал В. Белинский «Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі» деп білгірлікпен дөп басып айтқан.

Бала тәрбиесі — өте күрделі процесс. Оның күрделігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл – күйімен, жеке қабілетімен, икемділігімен, тізгінді үнемі қадағалау қажеттігімен ұғындырылады. Ойлап қарасақ, тәрбие баланың бал дәуренінен бастап азамат болғанға дейін тәні мен жанына төрт – бес арнамен құйылады:


«Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді халқымыз. Иә, ұрпақтың тәрбиесі-қоғамның болашағы және оған аса зор жауапкершілікпен қарау — әрбір саналы азаматтың борышы. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,- деп М.Әуезов көрегендікпен дәл айтты емес пе? Бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Мемлекетімізде қазіргі таңда сапалы білім берумен қатар, болашақ жастарды рухани – адамгершілікке тәрбиелеудің де зор қажеттігі туындап отыр. Әлеуметтік жағдайлардың өзгеріске ұшырауы білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарын тоқырауға әкелді. Қазіргі кезеңде тәрбиеге және тәрбие жұмыстарына деген жаңаша көзқарас қалыптасуда, олардың ізгілік мәні тереңірек ашылуда. Тәрбие даму ретінде қарастырылады, яғни ол педагогикалық қарым-қатынаста адамдық сапаларды сақтау және қалпына келтіру.


Тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігі жағынан алғанда жасөаспірімдік жастың біршама өзгешелігі, ерекшелігі бар.Мұны өзгермелі, өтпелі кезең деп есептейді, өйткені осы кезең ішінде балаларда психикалық және физикалық процестердің, іс-әрекетінің, жеке басының түбірлі өзгерістеріне байланысты болады. Сондықтан да қарым-қатынас формаларын, іс-әрекетін ұйымдастыруды, әлеуметтік педагог пен оның төңірегіндегі ересек адамдар тарапынан басшылық етуді өзгертуге тура келеді.


Кеше ғана сыпайы жүрген жасөспірім мінезінде аяқ астынан дөрекілік, әдепсіздік, қиқарлық, тәртіпсіздік байқалады, ересек адамдардың айтқанын талғампаздықпен, сын тұрғысында қабылдайды, олардан дәлелді, қисынды пікірді талап етеді. Осының бәрі тәжірибесіз мұғалімнің, тәрбиешінің жасөспірім оқушылармен ортақ тіл таба алмауына соқтыруы мүмкін.
Әлеуметтік педагогтар жасөспірімдермен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырған кезде осы кемшіліктерді міндетті түрде ескеруі керек.
Жасөспірімдік жас – бұл дүние танудың, адамгершілік сенімнің, принциптер мен арман-мұраттың, бағалау ұғымы жүйелерінің белсенді қалыптаса бастау жасы. Дәл осы жаста балаларда адамгершілік сана-сезім қалана бастайтындығын әлеуметтік педагогтар мықтап ескеруі тиіс.Жасөспірімдердің жеке басының қалыптасуы адамгершілік ісі мен өнегелілік тәжірибесінің сипатына байланысты.
Жасөспірімдер үшін өсіп-жетілудің маңызды кезеңі, оларда өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы, өзінің жеке адам ретінде қажеттілігін түсінуде деуге болады. Зерттеу нәтижелерінің көрсеткеніндей, жасөспірімдерде өзіне-өзінің ішкі өміріне, өзінің жеке басындағы сапаға деген мүдде пайда болады. Ол өзіне-өзі зер сала отырып, өз «менін» ашады, өз басындағы күшті және әлсіз жақтарды білуге ұмтылады. Мұның өзі жасөспірімнің бүкіл психикалық өміріне, оның танымдық әрекетінің сипатына, оның маңайындағыларымен көзқарасының, адамдармен қарым-қатынасының қалыптасуына ықпал етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет